-->
Главная » Статьи » Разные

Жер бетін тұтас өңдеу технологиясы
 Жер беті жұмыс жағдайына байланысты әртүрлі мақсат үшін өңделеді. Сол кезде атқарылатын жұмыстарға жер бетінде пайда болған қабыршықтарды бұзып, сол арқылы топырақ бойындақы ылғалды сақтап қалу, өсіп шыққан арам шөптерді отап жою, топырақгың таяз қабатын аударып, қопсыту сияқты жұмыстар жатады. Осыдан көрініп тұрғандай, бұл кезде атқарылатын жұмыс түріне қарай орындалу технологиясы да әртүрлі болмақ. Олай болса сол топырақ өңдеу технологиясын іске асыратын машиналар мен олардың жұмысшы мүшелері де алуан түрлі болады. Сонымен жер бетін тұтас өңдеу үшін қазіргі кездерде культиваторларды, тырмаларды және сыдыра жыртқыштарды пайдаланады. Енді төменде солардың атқаратын жұмыстары мен жұмыс технологияларын реттеуді қарастырамыз. Жер бетін тұтас өңдеу үшін көбінесе культиваторлар қолданылады. Қазір ондай культиваторлардың көптеген маркасы колданылып жүр. Сондада олардың тетіктерінің жұмыс технологиясын реттеу өзара ұқсас болады. Ол үшін, оны жазық жерге орналастырады. Әр грядильге бірден жұмысшы пышақ бекітеді. Грядильдердің бірі ұзын, бірі қысқа болғандықтан, жұмысшы пышақтар екі қатар болып көлденең бағытта орналасады. Жұмысшы пышақтардың алдыңғы тартқышын ұстап тұратын алты қырлы втулкасы бар. Оның әрбір қырына, сақтаушы механизмнің жұмысқа қосылатын күшіне байланысты, әртүрлі белгі жасалған. Бір кесік белгі жасалған қыры тартқышпен жанасып тұрса, жұмысшы пышақгарды сынудан сақтайтын механизмнің іске косылу күші ең көп мөлшерге тура келеді. Жұмсақ топырақты өңдеу кезінде көп белгісі бар қырымен жанастырылады да қатты топырақ өңдеу кезінде аз белгісі бар қырымен жанастырылады. Жұмысшы пышақтардың өңдеу тереңдігін екі түрлі жолмен реттейді: біріншісі – барлық жұмысшы пышақтардың өңдеу тереңдігін тірек дөңгелегі арқылы реттеу; екіншісі – әрбір жұмысшы пышақтың өңдеу тереңдігін жеке-жеке, оның серіппесінің қысу күшін өзгерту арқылы реттеу. Жұмыс алдында культиваторларды қажетті өңдеу тереңдігіне қою үшін, оның тірек дөңгелегінің астына биіктігі берілген тереңдіктей ағаш тіреу қояды. Осы кезде жұмысшы пышақтар жер бетіне толық тиіп тұруы тиіс. Егер жұмысшы пышақтар жермен жанаспаса, онда тірек дөңгелегінің механизмі арқылы оның биіктігін өзгертеді. Берілген биіктікке койғаннан кейін, винтті механизмді қосымша гайкамен бекітеді. Жұмыс кезінде өңдеу терендігі бір қалыпты болуы үшін, жұмысшы пышақтардың топыраққа кіру бұрышын реттейді. Жұмысшы пышақтар топырақпен түмсығы арқылы жанасуға тиіс. Егер олар өкшесімен жанасса, жұмыс кезінде қажетті тереңдікте бірқалыпты жүре алмайды. Барлық жұмысшы пышақтардың топыраққа кіру бұрышын бірден өзгерту үшін, трактордың аспалы жүйесіндегі орталық тартқыштың ұзындығын өзгертеді. Бұл кезде жұмысшы пышақтардың топыраққа кіру бұрышы ұлғаяды, ал орталық тартқыштын ұзындығын қысқартқан кезде, керісінше, пышақтардың, топыраққа кіру бұрышы кішірейеді. Жұмысшы пышақтардың топыраққа кіру бұрышын жеке-жеке өзгерту керек болса, оларды бекітілген сайлары бойынша жылжытады. Культиваторқа жоғарыдағы реттеулерді жасағаннан кейін, оның рамасының жер бетімен параллельдігін тексереді. Егер рама жермен параллель болмаса, жұмысшы пышақтар бірдей тереңдікте өңдемейді. Сондықтан культиватор рамасының жер бетімен параллельдігін аспалы жүйесінің жанындағы тартқыштарды қысқарту немесе ұзарту арқылы реттейді. Культиватор көтеріліп тұрған кезде, раманың оң жақ шетінің жер бетінен биіктігі, сол жақ шетінің жер бетінен биіктігімен бірдей болуы керек. Тырмалар жыртылған жердегі кесек шымдарды ұсақтауға және жер бетін қопсытуға арналады. Сол сияқты тырмалармен айдалған жердің бетін қопсытып, ондағы ылғалды сақтайды. Жаңа өніп келе жатқан арамшөптерді құртады, егістікті қураған өсімдік қалдықтарынан тазартады. Тырмаланған жер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: а) топырақ ұсақ түйіршіктеніп, 3-4 см тереңдікке дейін қопсытылады; б) кесек топырақтар 3 см шамасынан аспайтындай дәрежеде ұсақталады; в) топырақ бетіндегі қабыршықтар мен арамшөптер жойылады; г) жырту кезінде пайда болған жалдар тегістеледі; д) күздік дақылдар мен көпжылдық шөптерді тырмалаған кезде мәдени өсімдіктердің зақымдануы 5 проценттен аспайды. Жоғарыда баяндалғандай, тырмалар тісті, серіппелі және дискалы болып, ал салмағына байланысты жеңіл, орташа және ауыр тырмалар болып бөлінеді. Егер бір тіске түсетін салмақ 10 Н-қа дейін болса жеңіл, 10-20 Н. аралығында болса – орташа, 20 Н. шамасынан көп болса – ауыр тырмаларға жатады. Тісті тырмалардағы әр тіс өзінше із қалдырады және әрбір іздің ара қашықтығы бірдей болады: тістер құрылысы жағынан үш түрлі болады: көлденең қимасы дөңгелек, (7, б-сурет) төрт қырлы (7, а-сурет) және сопайтылған. Дөңгелек тістер топырақта дөңес жанымен жанасады да оларды мыжып, кесектерді бір-бірімен үйкелеп араластырады. Сондықтан мұндай тісті тырмаларды бұрыннан пайдаланып жүрген жерлерді өңдеуге және тыңайтқышпен топырақты араластыру үшін қолданады. Төрт қырлы тістер жүріс бағытына бір қырымен бағытталғанда ғана тиімді болады. Олардың ұшы көлбеу кесілгенде бір шеті өткірленген. Егер өткір ұшты қыры алқа қараса, өңдеу тереңдігі артады, артқа қараса азаяды. Сопақ тістер пышақ қызметін атқарады және олар шымды топырақтарды тілгілеп ұсатады. Серіппелі тістер (7, г, д, е-сурет) торлы тырмаларда қолданылады. Олармен күздік егісті, көпжылдық шөптерді тырмалайды. Тістердің құрылыстары да тырма түрлеріне қарай әртүрлі болады. Дискалы тырмалардың жұмысшы мүшелері сфералық диск (7, н-сурет) болады. Жұмыс кезінде бұл дискалар жүріс бағытына бұрыш жасап (а) орналасады. Ол бұрышты "шабуыл бұрышы" деп атайды. Бұрыш жасап жерге енген диск топырақты бір шетіне қарай аударып отырады. Дискілі тырмалардың топырақты өңдеу тереңдігі осы дискілерге түсетін салмақ күші мен "шабуыл бұрышына" байланысты. Тырма салмағын көбейту үшін тырмадақы арнаулы ыдысқа жүк толтырады, ал шабуыл бұрышын 0-15 градус шамасындай өзгертуге болады. Топырақтың жоғарғы қабатын қопсытуға, қопсытылған қабатты аздап аударуға және арамшөптерді жоюға сыдыра жыртқыштар қолданылады. Сыдыра жырту кезінде топырақтың жоғарғы қабаты араласып, ұсақталады да буланудан сақталады және жауын суларының төменгі қабатқа өтуіне жағдай жасалады. Өнімді жинап алғаннан кейінгі төгіліп қалған арамшөп тұқымдары жұмсартылған топыраққа енеді де тез өсіп шығады. Ал, зябь жыртқан кезде өсіп шыққан арамшөптер терең көміледі де біржолата жойылады. Сол сияқты сыдыра жыртқан кезде өсімдік сабақтарының төменгі жарында қыстап шығатын кейбір зиянкес жәндіктер де жойылады. Сыдыра жыртқыштар жұмысшы мүшелеріне қарай дискілі және лемехты болып екіге бөлінеді. Түренді сыдыра жыртқыштар (сыдыра жыртқыш плугтар) туралы жоғарыда айтылған. Дискілі сыдыра жыртқыштардың жұмысшы мүшелері - "шабуыл бұрышы" 15-35 градус сфералық дискілер. Жұмыс кезінде бұл дискілер жер бетіне кіріп, айналып жүреді. Айналу кезінде топырақты кеседі, аударады, ұсақтайды және арамшөптерді де құртады. "Шабуыл бұрышы" артқан сайын аршықыштардың топыраққа әсері көбейеді. Сыдыра жыртқышпен өңделген топырақтағы түйіршіктер мөлшері 50 мм шамасынан аспауы, арамшөптер мен өсімдік паясы толық (100%) кесілуі және топырақ беті тегіс болуы тиіс. Сыдыра жыртқыштарды жұмыс кезінде өңдеу тереңдігіне қояды. Барлық батареялардың өңдеу тереңдігі бірдей болмаса, көрші екі батареялар арасында жал пайда болады Батареялар бірдей тереңдікте болу үшін олардың рамасы, көлденең брусқа бекітілген төмендеткіштердегі бірдей тесіктерге орналасуы қажет. Осы жағдайдың өзінде тереңдік бірдей болмаса, терең өңдейтін батарея рамасын төмендеткіштің жоғары тесігіне ауыстырады. Барлық батареяның өңдеу тереңдігін, олардың ыдыстарына салынған жүктердің салмағын өзгерту арқылы реттейді. Сынып-бүлінуден сақтау үшін батарея ыдыстарын ұсақ топырақпен немесе құммен толтырады. Дискілі сыдыра жыртқыштардың "шабуыл бұрыштарын" барлық төмендеткіштерді орнынан босату арқылы өзгертеді. Олардың екі жағын жалғайтын тартқыштағы штырды шығарады. Егер шабуыл бұрышын азайту керек болса, тракторды ілгері жылжытады, ал көбейту үшін артқа жылжытады да тартқыштағы белгі бойышпа тиісті тесікке штырды кигізеді. Енді екі батарея арасында өңделмеген шала жер қалмас үшін, "шабуыл бұрышын" көбейткен кезде брустың шетіне қарай, ал азайтқан кезде ортасына қарай дискілі батареяларды төмендеткішімен қоса жылжытады. Соңынан төмендеткіштерді брусқа мықтап бекітеді.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 2034 | Теги: Жер бетін тұтас өңдеу технологиясы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: