-->
Главная » Статьи » Разные

Жеңіл автомобилдердің рульдiк басқарылуы
Жеңіл автомобилдердің рульдiк басқарылуы Қарастырылатын автомобильдердiң рульдiк басқарылуы рульдiк механизмдерден және рульдік жетектерден тұрады. Рульдiк механизм рульдiк дөңгелектен – 10 (2.10-сурет), рульдiк бiлiктен 2 және редуктордан тұрады. Рульдiк жетек рульдiк механизмнен рульдiк дөңгелекке күш жеткiзу үшiн және олардың әртүрлi бұрышқа бұрылуын қамтамасыз етедi. Оған кiретiндер сошка 4, маятниктi тұтқа 11, екi тұтқа 7, көлденең, тартқыш 10, екi шеткi тартқыш 9 және төрт топса 8 әр басқарылатын дөңгелек бұрылыс цапфасының, 12, өсiнде орнатылған. Басқарылатын дөңгелектердiң бұрылуы жүргiзушi рульдiк дөңгелектi 1 бұрғанда iске асады. Одан бұрылу бiлiк 2 арқылы редукторға 3 берiледi ары қарай сошка 4 арқылы рульдiк жетекке. Редуктор рульдiк дөңгелектiң бұрылуын сошка бiлiгiнiң бұрылуына түрлендiредi және бәсеңдетедi, сөйтiп рульдiк дөңгелекке түсетiн күштi азайтады. 2.10-сурет. Алдыңғы дөңгелек аспасы тәуелсіз болғандағы рульдік басқарудың схемасы: 1-рульдік дөңгелек, 2-рульдік білік, 3-редуктор, 4-сошка, 5-рульдікң баған, 6-дөңгелек өсі, 7-тұтқа, 8-топса, 9-шеткі тартқыш, 10-көлденең тартқыш, 11-маятникті тұтқа, 12-бұрылу цапфасы. Сошка 4 көлденең тартқыш 10 арқылы күштi шеткi тарқыштарға 9 бередi, оннан бұл күш рычагтар 7 арқылы бұрылу цапфаларына 12 жетедi. Алдыңғы аспа арқалығы екi жағы бұрылу цапфасымен қосылған, шеткi және көлденең тартқыштар және бұрылу рычагтары басқарылатын дөңгелектердiң бұрылу бұрыштарының қатынасына қол жеткiзетiн трапеция құрады. Бұрылу бұрыштарының арасындағы айырмашылық рульдiк трапецияның сол және оң рычагтарының 7 көлденең бұрыш шамасымен анықталады. ВАЗ-21025 автомобилiнiң рульдiк басқаруы. Бұл автомобильдiң рульдiк механизмiне мыналар кiредi: рульдiк дөңгелек 15 (2.11-сурет), төменгi 10, ортаңғы 12, жоғарғы 13 рульдiк бiлiктер және редуктор 9. Жоғарғы рульдiк бiлiк қорап панелiне бұралған, сыртқы құрсауы таяныш түтiгiне 14 престелген екi радиалды тiректi шарлы подшипникте айналады. Жоғарғы төменгiсiмен аралық бiлiк 12 арқылы жалғанған, оның карданды топсасы, бiлiк бұзылмайтын инелi подшипниктен жасалған. 2.11-сурет. ВАЗ-2105 автомобилінің рульдік басқаруы. 1-шеткі тартқыш, 2-рулдік сошка, 3- орталық көлденең тартқыш, 4- маятникті тартқыш, 5 – реттегіш муфта, 6 – бұрылу цапфасымен дөңгелек өсі, 7 – бұрылу тұтқалары, 8 –маятникті тұтқаның өсі,9 –редуктор, 10 –төменгі рулдік білік, 11 –карданды топса,12 –аралық рулдік білік,13 –жоғарғы рулдік білік, 14 –таяныш, 15 –рулдік дөңгелек, 16 –кузов лонжероны, 17 –шарлы топсалар, 18 –ішпек, 19 –шарлы саусақ,20 –резеңкелі қаптарма, 21 –серіппе, 22 –тіреу тығырығы, А –май ағызатын тығын. Рульдiк механизмнiң редукторы 9 кузов лонжеронында 16 бекiтiлген. Ол глобоидты червякнан 1 тұратын, червякды жұпты құрайды және картерде 10, орналасқан екi жақты шығыршықтан 9 тұрады. Червяк бiлiкке 11 престелген екi радиалды – тiректi шарлы подшипникте айналады. Подшипниктердiң саңылауын қалыңдығы 0,1 және 0,15 мм-лiк картермен қысатын жапқыштың арасына салынатын төсем таңдаумен реттеледi. Тогынмен iлiнiсте болатын шығыршық 9, осьте 5 орнатылған және екi қатарлы шарлы подшипникте айналады. Сошканың бiлiгi 2 екi қола втулкаде картер тұрығында айналады. Бiлiктiң өсьпен айналысы реттегiш бұрандамен – 8, табандатылады, қақпақшасы арнайы таңдалған тығырықпен 7, бiлiк 2 қақпақшасының ойығына кiргiзiлген. Реттегiш бұранда қақпашаға 6 бұралған және қарсы бұрандалықпен тәтекiленген. Сошка 3 бiлiктiң қобысына бiлiктегi екiленген қобының қатаң анықталған жағдайда тұр. Бiлiктердiң 2,11 картерден шығуы өзi қозғалатын салыникпен (шарбы) нығыздалған. Редуктор бөлшектерiн майлау үшiн оған май қақпақшадағы 6, арнайы жабылатын тығынмен А (11 суреттi қара) тесiк арқылы құйылады. ВАЗ –2105 автомобильiнiң рульдiк жетегi 10-шы суретте көрсетiлген сұлбадан айырмашылығы, оның рульдiк трапециясы алдыңғы дөңгелектiң өсiнде орналаспаған,ал артында. Оған сошка 2, топсалы қосылған орталық көлденең тартқыш 3, және шеткi тартқыш 1, маятниктi тұтқа 4, және онымен топсалы қосылған оң жақ шеткi тарқыш, сонымен қатар бұрылу рычагтары. Маятниктi тұтқаның 4 өсi 8 таяныш өсiне енгiзiлген екi втулкаде айналады, кузов еденнiң оң жақ лонжеронына бекiтiлген. Шеткi тарқыштар 1 – екi хамытымен реттелетiн муфтапен қосылған екi ұштан тұрады, бұрандамен тартылатын. Екi ұштыңда құйыршықтары оң жақты да, сол жақты да оймасы бар, соның арқасында реттелетiн муфтаты бұрау арқылы шеткi тартқыштың ұзындығын өзгертiп дөңгелектiң қиылысу шамасын реттеуге болады. Рычагқа және сошкаға тартқышты бекiту үшiн шарлы қалпақтан тұратын саусақтан 19, серiппесiмен 21, iшпек 18, және серiппенiң тiреу тығырығынан 22 тұратын алты бiр типтес шарлы топса қолданылады. Саусақ өзiнiң шарлы қалпағымен iшпегiмен тартқыш ұшының қалпағының қырнауына енгiзiлген, ал iшпек саусақпен iшпектiң қажалуымен пайда болатын саңылауды автоматты түрде түзек жiберетiн серiппемен қысылған.Топса ылғал мен кiрдің кiруiнен сақтайтын резеңкелi қаптармамен 20 қапталған. Бұл торап қолдану кезiнде қаптарма жыртылмаса майлауды қажет етпейдi. "Москвич-2140 автомобилiнiң ВАЗ-2105 автомобилiнен айырмашылығы екi бөлiктен тұратын қобылы тайғанақ муфтапен жалғанған рульдiк бiлiктен және телоскопиялық рульдiк бағаннан тұрады. Рульдiк бiлiктiң рульдiк бағанның бұндай құрылымы жүргiзушi рульдiк дөңгелекке соғылған кезде, және автомобильдiң алдыңғы бөлiгi иiлгенде энергияның бiр бөлiгiне жұту қабiлеттiлiгiмен қиыстырмасын жасайды. Рульдiк механизмнiң редукторы негiзiнен ВАЗ-2105 автомобилiнiң редукторына ұқсас, бiрақ бұны реттегiш тогынның, 12 көмегiмен iске асатын червякның 1 өсьтiк саңылауын реттеу (12 б, суреттi қара) және рульдiк сошканың бiлiгiмен 2 қосылған реттелетiн втулканiң 15 көмегiмен iске асатын червякмен iлiнiстегi екi жалды шығыршықтың шеткi саңылауын реттеу қарастырылған тығын 12 және втулканiң табандату қарсы бұрандалар 13 және 14 көмегiмен орындалады. Май құюға втулканiң 15 iшiнде тығынмен 16 жабылатын май құятын тесiк бар. 2.12-сурет.Рульдік механизмнің редукторлары: а-ВАЗ-2105 , б- Москвич, в- ЗАЗ-968М :1-тоғын,2- рулдік білік сошкасы,3-рулдік сошка,4-реттелетін төсемдер,5-тығыршық өсі,6-картер қақпақшасы,7-реттелетін бұраманың тығырығы,8,20-реттелетін бұрандалар,9-шығыршық,10-картер,11-рулдік білік,12-реттелетін тығын,13,14,21-қарсы бұрама,15-реттелетін төлке,16,19-иай ағызатын тесік тығындары,17-сальник,18-тәтекілеу бұрамасы,22-тұтастырып қысатын бұранда,23-май деңгейін бақылау тесігінің бұрандасы Рульдiк жетек қиыстырмасы ВАЗ-2105 автомобилiнiң жетегiне жақын. Негiзгi айырмашылығы сошкадан күш тiкелей орталық рульдiк тартқышқа берiледi, ВАЗ-2105 тегiдей орталық және шеткiге емес. сонымен қатар, осы қиыстырмада маятниктi рычаг күштi оң шеткi тартқышқа бермейдi, құр орталық рульдiк тартқыштың екiншi жағына тiреу болады. Дөңгелектердiң қиылысуын реттеу ВАЗ-2105 автомобильдей екi қарсы бұрандамен табандатылған реттеуiш муфтатың көмегiмен орындалады. Рульдiк тартқыш топсасы өлшенетiндей жасалған, оларда майлауды қажет етпейтiн пластмассалы iшпек қойылған: жөндеу кезiнде ауыстыруға болады. ЗАЗ-968М автомобильiнiң алдыңғы дөңгелек өсiнен ары шығарылған рульдiк басқаруы рульдiк трапециясы бар. Рульдiк дөңгелектен, рульдiк жетектен, редуктордан және сығылатын қысқыштан 22 (105,в сурет) тұратын рульдiк механизм энергия-жұтқыш болып табылады. Рульдiк бiлiктiң төменгi бiткен жерi қобы редукторының бiлiгiмен жалғанған және сығылатын қысқышпен қысылады. Автомобиль соғылған жағдайда червяк бiлiгiнiң қысқышта 22, тайғанау кезiнде үйкелу нәтижесiнде бұрандамен белгiлi күшпен қысылған пайда болған энергиясы жұтылады, сөйтiп редуктор картерiнен рульдiк бiлiкке берiлетiн соққыны жойады. Рульдiк механизмнiң редукторы қиыстырма жағынан "Москвич” автомобилiнiң редукторына жақын, бiрақ червякмен шығыршық арасындағы саңылау бұрама 20 көмегiмен ВАЗ-2105 автомобилiндегiдей реттеледi. Редукторға май құю үшiн оның қақпағында құятын тесiк бар, тығынмен 19 жабылған. ВАЗ-дың рульдiк жетегi ВАЗ-2105 автомобилiнiң жетегiне ұқсас, бiрақ дөңгелектiң қиылысуы шеткi тартқыш муфтаымен емес, оймада орналастырылған екi құйыршығы бар орталық тартқыш ұзындығын өзгерту арқылы реттеледi. Топсаның шарлы саусақтары қарастырылғандарға ұқсас, бiрақ, екi пластмассалы iшпекке орналастырылған. ВАЗ-2108 автомобилiнiң рульдiк басқаруында рульдiк механизм бар, ол рульдiк дөңгелектен, руль бiлiгiнен 6 (2.13-сурет), тербелiстi саябырлатқыш элементтен, иілгіш муфтадан 7 және редуктордан тұрады. Рульдiк механизмнiң редукторы шестерня рейке типтес iшiнде екi подшипникте жетекшi шестерня орнатылған картерi 1 бар. Бұл шестерняке саңылаусыз тiстi рейке 3 қысылған. .қысылу тiреуiшпен бұрандалық 5 арасында орналасқан металлокерамикалық тiреу 4, серiппе 21 арқылы iске асады. Серiппе астындағы тiреу рейкенiң шегiршекке сенiмдi жатуын бүкiл жүрiс бойына қамтамасыз етедi. Рейкенiң 3 екiншi соңғы жағы түтiкке орнатылған, оң жағынан редуктор картерiне престелген, редуктордың сол жағы қорғаныс қалпақшасымен 9 жабылған пластмассалы кесуге болатын втулкаге тiреледi. Түтiк тiк ойығы бар, сол арқылы рульдiк тартқыштар 15, 20 бұрандамен тiстi рейкiге жалғанған. Бұрандалар өз ара тiлiкпен 19 жалғасқан. Редуктор картерiнiң iшкi жағы түтiкке және редукторға екi пластмассалы қамытпен бекiтiлген гофрирланған қаптармамен 16 қорғалған. 2.13-сурет. ВАЗ-2108 автомобилінің рульдік басқаруы. 1-редуктор картері, 2-шегіршік, 3-рейке, 4-рейке тірегі, 5-тірек бұрандалығы, 6-руль білігі, 7-иілгіш муфта, 8-муфта бұрандалығы, 9-қорғағыш қалпақша, 10-скоба,11-рулдік тартқыштың ұшы, 12-бұрылу тұтқасы, 13-жалғайтын втулка, 14-бұрандалық, 15-сол жақ рулдік тартқыш,16-рейке қаптармасы, 17-резинометалдық топса,18-табандатқыш пластина,19-алғайтын пластина, 20-оң жақ рулдік тартқыш, 21-серіппе Рульдiк механизмнiң редукторы кузов алдындағы панелiне бұрандамен екi қапсырма көмегiмен бекiтiлген. Рульдiң бiлiгi 6 төменгi қақпағы тегiршекке бұрандамен 8 бекiтiлген икемдi муфтатың көмегiмен редуктордың жеткешi шегiршегiмен 2 жалғанған. Бiлiктiң жоғарғы бөлiгi кузов панелiне бекiтiлген, таяныш түтiгiне орнатылған шар тәрiздi радиалды подшипникке тiреледi. Бiлiктiң 6 жоғарғы бiткен жерiнде қобыда тербелiстi саябырлатқыш арқылы рульдiк басқаруды қауiпсiз қылатын дөңгелек орнатылған. Рульдiк жетек екi тартқыштан 15, 20 екi бұрылу рычагынан алдыңғы аспасының телескопиялық тiрегінен, тарқыштың ұшында 11 болатын екi резинометалдық топсадан 17 тұрады. Тартқыштар құрама болып жасалған және втулкамен 13 жалғанған, дөңгелектiң қиылысу шамасын реттегенде оның ұзындығын өзгертуге болады. Тарқыш ұштарында 11 шарлы топсалар орналасқан, ВАЗ-2105 автомобилiнiң қиыстырмасына топсасы ұқсас. Тартқыштардың iшкi бiткен жерiнде резинаметалдық топсалар престелгенген, сол арқылы тартқыштар тiстi рейкеге бекiтiлген. Бұру рычагы 12 алдыңғы аспасының тiрегiне пiсiрiлген. Рычагқа шарлы топсаны отырғызы үшiн конустық тесiгi бар втулка орнатылған. Рульдiк дөңгелектi айналдырған кезде күш бiлiк 6 және иiлгiш жалғауыш 7 арқылы астынан тiрекпен 4 қысылған рейкенi 3 қозғалтатын жетекшi шестерняке 2 берiледi. Картер iшiнде автомобиль өсiнiң ұзына бойымен көлденең қозғалып рейке рульдiк тартқыштарды 15 және 20 қозғайды, ол алдыңғы дөңгелек тiрегiнде бекiтiлген шар тәрiздi топса арқылы рычагтарды 12, бұрады. Рульдiк механизм және рульдiк тарқыш топсалары жиi майлауды қажет етпейдi.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 1361 | Теги: Жеңіл автомобилдердің рульдiк басқа | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: