-->
Главная » Статьи » Разные

Жүріс бағытын басқару жүйесіне қойылатын негізгі талаптар
Басқару жүйесi автомобильдiң жүрiс бағытын басқаруға арналған торап. Ол автомобильдiң негiзгi жауапты тораптарының қатарына жатады. Себебi осы басқару жүйесi автомобильдiң жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн торап. Сондықтанда автомобильдiң басқару жүйесiне өте қатал талаптар қойылады. Автомобильдіі рульдІк басқару жүйесі мынандай қызметтерді бұлжытпай орындауға тиіс. Оныі бiрiншiсi – жүргiзушi рульдiк басқару механизiмен бұрған кезде автомобиль белгiленген қисық сызықты троекториямен бұлжымай жүруi керек. Ал екiншiсi – жүргiзушi рульдiк басқару механизмiне әсер етпеген кезде автомобиль түзу сызықты бағытынан өздiгiнен өзгермей жүрiп отыруға тиiс. Осы қойылған талаптың бiрiншiсi рульдiк бұру механизмiнiң қасиетi мен кинематикасына байланысты болса, екiншiсi басқару дөңгелектерiнiң орналасу геометриясына тәуелдi болады. Осы қызметтерді атқару үшІн автомобильдерде қолданылатын рульдік басқару жүйесіне мына төмендегідей негізгі талаптар қойылады: - автомобильдің бұрылғыштық қасиетін жақсартатын оның бұрылыс радиусы аз болуға тиіс; - автомобильді басқару жеңіл болуы үшін оның рульдік дөңгелегіне түсетін күш неғұрлым аз болуға тиіс; - бұрылыс кезінде басқару дөңгелектері жандық тайғанауға душар болмауы керек; - жол бедеріне байланысты пайда болатын басқару дөңгелектеріндегі ұрылыс күштері жүргізушіге әсер етпеуі тиіс; - жүргізуші рульдік басқару механизмін сезініп отыруы керек, яғни ол үшін сол жүйенің тиімді серпімділік сипаттамасы болуы керек және ондай серпімділік қасиет жүйенің меншікті тербелісін тудырмауға міндетті; - автомобильдің жүріс бөлігімен рульдік басқару жүйесі кинематикалық байланыста болуы керек, олай болмаған жағдайда жүріс бөлігінің аспасы мен дөңгелек майысқан кезде автомобиль өздігінен бұрылып кетуі мүмкін; - басқару дөңгелектерін тұрақтандыратын геометриялық шамаларға рульдік басқару жүйесінің әсері болмауы керек; - бұрылу мөлшеріне байланысты кинематикалық және күштік бақылағыштық қалыптасқан болуы керек, яғни дөңгелек бұрылуына қажетті күш артқан сайын оған рульдік дөңгелектегі куште пропорционал өзгеруге тиіс; - рульдік басқару жүйесінің сенімділігі ең жоғарғы болуы қажет, өйткені оның істен шығуы жол апатына шалдықтыруы мүмкін. Осы жоғарыда қойылған талаптардың орындалуы рульді басқару жүйесінің жұмысына байланысты, ал оның жұмысы ондағы қолданылатын механизмдердің күту дәрежесіне тікелей тәуелді. Ендеше осы жүйені күтіп баптауды үйрену үшін алдымен оның жұмысы мен құрылысын білу қажет.
Категория: Разные | Добавил: admin (25.10.2013)
Просмотров: 1411 | Теги: Жүріс бағытын басқару жүйесіне қойы | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: