-->
Главная » Статьи » Разные

ЖҮК МАШИНАЛАРЫНЫҢ РУЛЬДIК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Рульдiк басқару автомобильдiң алдыңғы доңғалақтарын немесе жартылай рамасын бұру арқылы жүру бағытын өзгертiп отыруға арналған. Рульдiк басқару (1-сурет) рульдiк механизмнен (суретте көрсетiлген) және рульдiк жетектерден тұрады. Рульдiк доңғалақ пен рульдiк механизмнiң өзара орналасуы жағынан қатар немесе бөлек қолданылатын түрлерi болады. Екiншi жағдайда рульдiк доңғалақты басқару рульдiк механизмнiң қосқыш детальдарымен байланысты болады. Әдетте оны гидравликалық күшейткiшi бар рульдiк басқаруда қолданады. Бiрiншi жағдай механикалық күшейткiшi бар рульдiк басқаруда қолданылады. 2.7- сурет. Жүк машинасының рульдік басқару схемасы: 1-көлденең рульдік тартқыш, 2-рульдік механизм корпусы, 3-рульдік доңғалақ,4-рульдік сошка, 5-бойлық рульдік тартқыш, 6-бұрылу цапфасының рычагы Рульдiк механизм берiлiс күшiн жүргiзушiден рульдiк жетекке берудi жүзеге асырады. Оны арттыра отырып, рульдiк доңғалақтың бұрылысын жеңiлдетедi. Рульдiк механизмнiң бiрнеше түрлерi болады: червяк-ролик, червяк-сектор және винт-гайка. Червяк-ролик рульдiң механизмiн кейбiр автомобильдерде қолданады. Рульдiк механизмнiң (2.8а-сурет) мұндай типi үш қатарлы ролик (6) және глобоидтық червяк (8), олар берiлiсі қуатты червяк жұбын құрайды. Червяктың iшiнде шлицi бар, соның көмегiмен ол рульдiк бiлiктiң (5) шлицiне орнатылған. Червяк корпустың қашап кеңейтiлген жерiне орналасқан екi конусты подшипникке терiледi. подшипниктердің iшкi сақинасы жоқ, оның роликтерi червяктың конустық бетiмен сырғанап тұрады. подшипниктің сыртқы құрсауы ось бағытында қақпақпен қысып тасталған. Төменгi қақпақтың (1) фланецi астына подшипниктің осьтiк саңылауын реттеу үшiн жұқа аралық төсем салынған. Жоғарғы қақпақ рульдiк колонканың (3) негiзi: оның төменгi шетi қақпақтың қашап кеңейтiлген жерiне енiп тұрады. 2.8-сурет. Рульдік механизм (а) және рульдік жетек (б): 1-төменгі қақпақ, 2-конусты подшипник, 3-рульдік баған, 4-рульдік білік, 6-ролик, 7-сошка білігі, 8-червяк, 9-корпус, 10-реттеуіш винт, 11-шайба, 12-бұрылу цапфасының рычагтары, 13-көлденең тартқыш, 14-жоғары бұрылу рычагы, 15-бойлық тартқыш, 16-рульдік сошка. Колонканың iшiне рульдiк бiлiк орналасқан. Оның iшi қуыс, тек дыбыс сигналының сымы өтедi. Жоғарғы бөлiгiндегi рульдiк бiлiк колонкаға орнатылған радиалды-тiректi шариктi подшипникке тiреледi. Рульдiк бiлiктiң жоғарғы конустық шетiне рульдiк доңғалақ (4) шпонка мен гайка арқылы бекiтiлген. Доңғалақтың металл каркасы пластмассамен қапталған. Рульдiк доңғалақтың орта бөлiгiнде дыбыс сигналының кнопкасы бар. Үш қатарлы ролик (6) екi инелi подшипникке тiреледi, ол бiлiк сошкасының құйылма (қалпақша) тесiгiне престелген осiнде орналасқан. Сошканың бiлiгi (7) сырт жағынан корпусқа престелген втулкаға, ал iшкi жағынан қақпақтың бүйiрiне орнатылған цилиндрлi роликтi подшипникке тiреледi. Сошка бiлiгiнiң iшкi шетi сақиналы қырнақ түрiнде болып, реттеуiш винттiң (10) – ойығына енедi. Винт ұшының арғы жағында арнаулы кiлт үшiн ойық жасалған. Реттейтiн винт қақпақтың бүйiрiне бұрап енгiзiледi және ол сошка бiлiгiнiң осьтiк ығысуын болдырмайды. Ол шайбамен (11) бекiтiледi, мұртшасымен винттiң ойығына кiрiп тұрады. Винтке қалпақты гайка кигiзiледi, ол шайбаны қақпаққа қысып тұрады. Реттеуiш винтпен сошка бiлiгiн ось бағытында ауыстырып тұруға, червяк пен ролик аралығындағы саңылауды өзгертуге болады, мұның өзi рульдiк доңғалақтың еркiн жүрiсiне әсерiн тигiзедi. Сошка бiлiгiнiң сыртқы шетiнде шлицi бар, ол сошкаға кигiзiледi. Сошканы бiлiкке дұрыс орнату үшiн оның ұшына сызат сызықтар белгiленедi. Бiлiкке сошканы гайкамен бекiтiледi және пайдалану кезiнде оны керiп тартады. Рульдiк механизмнiң корпус детальдарын майлау үшiн құю тесiгiнiң деңгейiне келтiрiп трансмиссиялық май құйып, тығындалады. Корпустан май ағуын өздiлiгiнен қысатын сальник, киiз сақина және картоннан аралық төсем болдырмайды. Р у л ь д i к ж е т е к (2.8б-сурет) бұрылу цапфасымен сошканы жалғайтын детальдардан тұрады. Рульдiк жетектiң конструкциясы автомобильдер барлық доңғалағы бұрылу кезiнде бүйiрi жағынан сырғанамайтындай етiп орындалған, мұның өзi басқаруды жеңiлдетiп, шиналардың мезгiлсiз тозуын болдырмайды. Ол үшiн барлық доңғалақтардың жалпы бұрылыс орталығы болуы керек, яғни iшкi басқару доңғалағы сыртқысына қарағанда үлкен бұрыш жасап бұрылуға тиiс. Бұл талапты орындау рульдiк трапецияны қамтамасыз етедi (математикалық трапецияны еске түсiрiңiз), мұнда автомобильдiң алдыңғы осi мен көлденең рульдiк тартқыш (13) негiзгiсi, ал бүйiр жақтары – цапфа бұрылысының рычагтары (12) болып табылады. Рульдiк трапеция жоғарғы бұрылыс рычагы (14) мен бойлық тартқыш (15) арқылы сошкамен жалғастырылған. Бойлық және көлденең тартқыштың ұштарында шарлы түйiндесi орналасқан. Сошканың төменгi шетiнде конусты тесiгiнде шарлы саусақтарының стержнi бекiтiлген, оның сферасы бойлық рульдiк тартқышқа (15 орналасқан. 2.9-сурет. Рульдік тартқыш шарының түйіндестері а,б-ескі конструкциясы; в-жаңа конструкциясы: 1-метал ішпегі, 2-серіппе, 3-тығын, 4-саусақ, 5-май сауыты, 6,7- полиамидадан жасалған төменгі және жоғарғы ішпек Саусақтың (4) екi жағында iшпектерi (1) бар, ол сфералы ойықтары рульдiк тартқышқа бұрандалы тығынмен (3) қосылған серiппенiң (2) көмегiмен тартылады. Рульдiк тартқыштың барлық ұштарында осындай шарлы түйiндесi бар. Соңғы кезде автомобильдер мен тракторда рульдiк басқарудың шарлы түйiндесiне серiппе мен металл iшпектер (6,7) қолданылуда (2.9-сурет). Ескi конструкциялы шарлы түйiндестердiң саңылауы тығынмен реттеледi, одан кейiн шплинт немесе бекiткiш сақинамен бекiтiледi. Рульдiк жетектiң топсалы қосылысын детальдардың тез тозуын болдырмау үшiн май сауыты (5) арқылы солидолмен майлайды. Автомобильдiң қозғалыс бағытын рульдiк доғалақты бұру арқылы өзгертуге болады. Рульдiк доңғалақты сағат тiлi бағытымен (оңға) бұрғанда, червяк сошканың төменгi шетiн ролик арқылы кейiн бұрады. Сошка бойлық тартқыш және онымен жалғасқан рульдiк трапеция арқылы бағыттаушы доңғалақты оңға бұрады. Рульдiк доңғалақты сағат тiлi бағытына қарсы бұрған кезде бағыттаушы доңғалақ солға бұрылады. Жүргiзушiнiң рульдiк доңғалаққа кететiн күшiн кемiтуi үшiн, бiрқатар тракторлар мен автомобильдерде рульдiк басқару гидрокүшейткiшпен жабдықталған.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 1200 | Теги: ЖҮК МАШИНАЛАРЫНЫҢ РУЛЬДIК БАСҚАРУ Ж | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: