-->
Главная » Статьи » Разные

Жүгері жинау технологиясы
Жүгері жинауды бірнеше технологиялық әдіспен жүргізеді. Ол әдіс жүгерінің қандай мақсат үшін пайдаланатындығына байланысты. Егер жүгері мал азығы үшін жиналатын болса, онда оны піспей тұрған көк балауса кезінде сүрлем комбайнымен орып, сабағы мен собығын тұтас ұсақтап турайды да сүрлемге салады.Ал егер жүгеріні дән үшін жинайтын болса, онда оны толық піскеннен кейін жүгері комбайнымен жинайды, ал комбайн жүгері сабақтарын сүрлемге турап, собықтарын бөліп алады да сыртындағы орамдарынан тазартады. Тазаланған собықтарды арнаулы молотилкаларда бастырып дән алады. Жүгеріні дән үшін жинаған кезде астық комбайндарын да қолдануға болады. Ол үшін комбайнға арнаулы жүгері жинайтын кондырры орнатылады. Ондай қондырғымен жабдықталған комбайндар собықты бөліп, дәнге бастырып, бірден тазалап шығарады. Сүрлем дайындауға байланысты технологиялық жұмыстарды сүрлем комбайндары атқарады. Олар жиналатын дақылдың сабақтарын орады, турайды және ұсақталған массаны көлікке тиейді. Осы сүрлем комбайндарының КС-2,6; КСГ-3,2; КС-1,8 сияқты маркалары және арнаулы жүгері жинайтын қондырғымен жабдықталған астық комбайндары қолданылады. Сүрлем жинайтын комбайн. КС-2,6 әртүрлі әдіспен себілген жүгеріні, күнбағарды және басқа сүрлемдік дақылдарды жинауға арналған. Бұл комбайнмен биіктігі 4 м және диаметрі 40 мм сабақтары бар дақылдар сүрлемге туралады. Комбайнның алым кеңдігі 2,6 м "Беларусь" және ДТ-75 тракторларымен агрегатталады. Комбайн жаткадан, қалбағайдан, турағыш аппараттан, сүрлем тасығыш пен тиегіш транспортерден құралған. Комбайнның қалбағайдан басқа жұмысшы мүшелері трактордың қуат білігінен козғалысқа келтіріледі, ал қалбағай қозғалысты жүріс дөңгелегінен алады. Жұмысшы мүшелері жүріс бөлігі бар рамаға бекітіледі. Жатка мен қалбағай рамаға топсалы орнатылғандықтан жұмыс кезінде жер бедеріне икемделіп жүреді. Ол үшін жатка сырғымамен және теңестірілгіш механизммен жабдықталған. Қалбағай айналмалы қалақшалардан тұрады. Оның қызметі кесілетін сабақтарды кескіш аппаратқа жақындату, кесіліп біткеннен кейін жаткаға құлатып жатқызу. Қалбағайдың орналасу биіктігін гидроцилиндр арқылы өзгертіп отырады. Қалбағай белдікті және шынжырлы берілістер арқылы жүріс дөңгелегі әсерінен қозғалатындықтан, оның айналыс жылдамдығы агрегаттың жылдамдығына қарай өздігінен өзгеріп отырады. Өсімдік сабағының биіктігіне байланысты оның диаметрін 1800 мм шамасына дейін өзгертуге болады. Жатка платформа бойымен жылжитын шынжырлы-планкалы транспортерден, кескіш аппараттар, сырғымадан және теңестіргіш механизмнен құралған. Жұмыс кезінде жатка салмағының көпшілігі теңестіргіш механизмдегі серіппелерге түседі, шамалы бөлігі сырғымаға түседі. Сол сырғымалар көмегімен кескіш аппарат жер бетінен белгілі бір биікте жүреді. Машина қалыпты биіктікте кесетін кескіш аппаратпен жабдықталған. Мұндағы шалғы мен саусақтардың ара қашықтығы 90 мм. Платформаның бойымен жылжып жүретін шынжырлы-планкалы транспортердің жоғары білігі жетекші де төменгі білігі жетектелуші және кергіш қондырғымен жабдықталған. Транспортердің төрт шынжыр тармағы өзара планкалар арқылы жалғасқан. Ұсақтағыш аппаратта қоректендіргіш білікше мен пышақты барабан бар. Қоректенгіш екі білікшеден тұрады. Оның біреуінің беті тегіс, екіншісінің бетіне қырлы планкалар бекітілген. Ол екеуін серіппе қысып тұрады және қарама-қарсы айналады, Қоректендіргіш біліктің артына қарсы кескіш пышақ бекітілген. Оны барабанның пышағы жанап айналады. Барабанға қисық дүзді пышақтар бекітілген. Ол кесу күші біркелкі болу үшін істеледі. Ұсақтағыш аппараттың жалғасы сүрлем тасымалдағыш болып табылады. Ұсақталған масса оның ішімен тасымалданып тиегіш транспортерге жетеді де әрі қарай көліктерге тиеледі. Машинаның жұмыс технологиясы мынадай ретпен атқарылады. Тракторға тіркелген комбайнның жұмысшы мүшелері іске қосылып, қозғалысқа келеді де егіс бойымен жылжи бастайды. Осы кезде қалбағай да айналып, сабақтарды кескіш аппаратқа жақындатады. Кесілген сабақтар жатка транспортердің үстіне түседі. Транспортер ол сабақтарды қоректендіргіш білікшелерге жеткізеді. Білікшелер оларды арасына қысып әрі қарай жылжыта береді де кескіш барабанға жақындатады. Барабан сабақтарды қарсы кескіш пышаққа қысып кеседі де үлкен күшпен сүрлем тасымалдағышқа лақтырады. Сүрлем тасымалдағыштың ішінде барабан әсерінен ауа ағыны пайда болады да кесілген майда бөліктерді тиегіш транспортердің үстіне тастайды. Транспортер оны қатарда келе жатқан көлікке тиейді. Сүрлем дайындайтын комбайн КС-1,8 "Вихрь" да сүрлем және көк балауса азық дайындауға арналған. Бұл комбайнның жұмыс технологиясы, КС-2,6 комбайндікі сияқты. Айырмасы – мұнда тиегіш транспортер болмайды. Кескіш барабанмен лақтырылған масса тасымалдаушы труба арқылы бірден көлікке тиеледі. Тасымалдаушы құбыр арқылы лақтырылу жылдамдығын арттыру үшін, кескіш барабан КС-2,6 комбайнындақыдай сабақтарды жоғарыдан төмен карай кеспейді, керісінше, төменнен жоғары қарай кеседі. Кесілген сабақтарды бірден жоғары құбырқа қарай лақтырады. Бұл комбайнмен шөп ұнын дайындаған кезде дестеленген шөптерді де турауқа болады. Ол үшін астық комбайндарында жатка алдына жинап алғыштар (подборщик) бекітіледі. Астық комбайны мен сүрлем дайындау үшін оларды арнаулы қондырғымен жабдықгайды. Ол қондырғы жоғарыда айтылған ЖКН-2,6 м жаткасы мен И-15У ұсақтағыштан тұрады. Жатка мен ұсақтағыш комбайн алдына бекітіледі. Жатка жұмысы жоғарыда айтылғандай, ал ұсақтағыш аппарат турағыш барабан мен тасымалдаушы құбырдан тұрады. Ол көлбеу камерасы мен бастырғыш аппарат аралығына орналасады. Жатка арқылы берілген сабақтар ұсақтағыш аппаратпен туралып, құбыр арқылы қатарда келе жатқан көліктерге тиеледі. Бұл кезде комбайнның басқа жұмысшы мүшелерін тоқтатып тастайды. Жүгеріні дәнге жинау үшін КОП-1,4 "Херсонец-7" комбайны қолданылады. Онымен қатар аралығы 70-90 см етіп отырғызылған жүгеріні үш түрлі әдіспен жинауға болады: жүгері дәні толық піскенде собықтарын бөліп, оларды қабығынан тазалайды және сабақтарын турайды; жүгері дәні шала піскенде собықтарын бөліп, сабақтарын турайды; жүгерінің көк күйінде сабақтары мен собықтарын қосып, бәрін бірге турайды. Осындай үш түрлі әдіспен жинау үшін машинаны да үш түрлі жұмыс мүшесімен жабдықтайды. Бірінші әдіс кезінде машинаға собық үзетін білікшелер, екінші әдіс кезінде активті білікшелер, үшінші әдісте битерлі білікшелер орнатылады. 4.1.-сурет. Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы: 1-собық шнегі; 2,4-собық транспортерлері; 3-тақтайша; 5-тазалағыш аппарат; 6-қабық транспортері; 7-дән шнегі; 8-кескіш аппарат; 9-сабақ көтергіш; 10-бөлгіш; 11-карданды білік; 12-сабақ беретін шынжыр; 13-собық үзетін аппарат; 14-құбыр; 15-ұсақтағыш аппарат; 16-жүріс дөңгелегі. Машинаның мынандай негізгі тораптары бар (4.1.-сурет): сабақ көтеретін 9 және беретін 12 шынжырлар, кескіш аппарат 8, собық үзетін аппарат 13, ұсақтағыш аппарат 15, собық транспортерлері 2, 4, тазалағыш аппарат 5, қабық транспортері 5 және дән шнегі 7. Сабақ көтеретін және беретін шынжырлар қосарлана жұмыс істейді. Сол қосарланған шынжырлар аралығында сабақ өтетін өзекше қуыс жасалған. Сабақ көтеретін шынжырларда саусақтар бар және олар жер бетіне көлбей қозғалады. Сондықтан саусақтар жүгері сабағын төменгі жағынан ұстайды да бірте-бірте көтере жылжытады. Сабақ көтергіш шынжыр қозғалысын әрі қарай беретін шынжырлар жалғастырады және олар жай қарапайым шынжырлардан жасалған. Шынжырдың екі тармағы қосарланған жерінде жүгері сабақтары қысылады. Сабақтары сенімді қьюып үстауы үшін қосарланған екі шынжыр бір-бірінен жарты қадам озық немесе қалып орналасады. Сонда екі тармақ өзара жақсы беттеседі. Шынжырдың жұмыс істемейтін тармақтары қалғандармен қапталған. Ол қалғандар машина алдына қарай үшкірленген. Сол үшкір ұштары бөлгіш 10 қызметін атқарады. Кескіш аппарат пышақтан және қарсы кескіш пластинкадан тұрады. Ол аппарат, сабақтар бергіш шынжырмен толық қысылғаннан кейін кесетіндей орналасқан. Кесу биіктігін гидроцилиндр арқылы реттеп отырады. Собық үзетін аппарат екі біліктен тұрады. Жұмыс кезінде олар бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып тұрады. Білікшелер бетіне бедер жасалған. Олардың арасы жүгері сабағы өтетіндей, ал собықтары өте алмайтындай етіп жасалған. Бергіш шынжырлар арқылы келген сабақтарды осы білікшелер қысып әрі қарай жылжытады, ал собықтар өте алмағандықтан, үзіліп қала береді. Собық үзетін аппараттың астына транспортер, ал артына ұстақтағыш аппарат орналасады. Ұсақтағыш аппарат 15 білікшелер аралығынан шыққан сабақтарды турайды да түтік 14 арқылы көлікке тиейді. Тазалағыш аппарат 5 бірнеше білікшелерден құралады. Олардың біреуі – бетінде бедері бар шойын білікше, екіншісі – резеңке қапталған білікше. Осы білікшелер үстіне қысқыш орналасқан. Тазалағыш аппараттың шойын білікшелері мен резенкелі білікшелері қосарланып жұмыс атқарады. Осындай қосарланған сегіз қосақ бар. Олар бір-бірінен жоғары және төмен орналасқандықтан тазалағыш аппаратта науа пайда болады. Осындай төрт науамен жүгері собығы жылжып, сыртындағы орамдарынан ажырайды. Тазалағыш аппарат астында қабық транспортері 17 орналасқан. Оның түбі тесікті елек сияқты. Тазалағыш аппараттан шыққан қабықтар мен жеке дәндер осы транспортерге түседі. Қабықтар транспортермен тасылады, ал жеке дәндер торкөз електен өтіп, сырғыма тақтайша арқылы дән шнегіне 7 барады. Машинаның жұмыс технологиясы мына ретпен атқарылады. Комбайн жүгері қатарлары бойымен жылжыған кезде бөлгіш 10 және көтергіш шынжырлар 9 сабақтарды бергіш шынжырға 12 бағыттайды. Сабақтарды кескіш аппарат 8 кескеннен кейін бергіш шынжырлар оларды сабақ үзетін аппаратқа қарай бағыттайды. Ол кезде сабақтың бас жағы қалқанға тіреледі де түп жағы алға қарай бұрылып ілгері кетеді. Енді сабақтар білікшелер аралығынан әрі қарай өтеді, оларды ұсақтағыш аппарат 15 турайды, сөйтіп қатар келе жатқан көлікке түтік арқылы тиеледі. Білікшелер аралығында саңылау аз болғандықтан, собықтар одан өте алмайды, үзіліп транспортерге 2. түседі. Транспортер оларды жоғары көтеріп сырғыма тақтайшаға 3 тастайды. Транспортер астында желдеткіш бар. Сол желдеткіштен шыққан ауа ағыны, собықтар сырғыма тақтайшаға лақтыру кезінде, оларды кейбір жеңіл қоспалардан тазартады. Собықтар сырғыма тақтайша арқылы тазалағыш аппаратқа 5 келіп түседі. Тазалағыш аппарат олардың сыртындағы қабықтарын қысып астына сыдырады да өздерін шнекке 2 жібереді. Шнек тазаланған собықтарды транспортерге 4 тиейді. Тазалағыш аппараттан шыққан қабықтар және үгітіліп түскен дәндер қабық транспортеріне 6 келгеннен кейін екіге ажырайды. Дәндер шнекке 7 түсіп, одан әрі транспортерге 4 барады. Транспортердегі 4 таза сабақтар мен дәндер комбайн артына тіркелген көлікке тиеледі. Транспортерден 6 шыққан қабықтар жер бетінде шашылып қалады немесе қосымша қондырғы орнатылып, ол қабықтарды құбырмен 14 жалғастырады. Бұл кезде комбайн екі түрлі жұмыс атқарады. Біріншісінде қабықтарды жер бетіне шашып тастайды, екіншісінде қабықтарды ұсақтағыш аппарат туралған сабақтарқа қосып, олармен бірге көлікке тиейді. Бұл технологиялық схема жүгері толық піскен кезде оны дәнге жинау үшін қолданылады. Ал жүгері дәні шала піскен кезінде сабағын сүрлемге турап, собығын бөліп алу үшін комбайн жұмыс технологиясын онша өзгертпейді. Бұл кезде тек тазалағыш аппарат ғана, жұмыс істемейді. Ол үшін сырғыма тақтайды 3 басқаша бекітеді, яғни жүгері собықтары тазалағыш аппаратқа бармайды, бірден шнекке 1 барады да одан әрі транспортер арқылы 4 көлікке тиеледі. Жүгерінің собығын бөлмей, сабағымен қосып сүрлем үшін немесе көк балауса азық үшін жинаған кезде машина технологиясы мүлде өзгереді. Бұл кезде собық үзетін білікшелерді битерлі білікшелермен алмастырады. Бергіш шынжырдан келген сабақтар собығымен бірге осы битерлі білікшелер аралығынан өтеді де тікелей көлікке тиеледі. Комбайнның басқа бөліктері жұмыс істемейді. Жүгері комбайндарымен жиналған собықтар қырманда арнаулы тазартқыш машиналармен тағы тазартылады. Осындай тазартқыш машиналарға ОПП-5,0 собық тазартқыш жатады. Оның негізгі жұмысшы мүшесі, тазартқыш аппараты, комбайндікі сияқты білікшелерден құралған. Осы тазартқыш аппарат дара машина етіп жасалғандықтан оны тиегіш және түсіргіш механизмдермен жабдықтаған. Машинаны "Беларусь" тракторларына аспалы түрде агрегаттайды.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 3579 | Теги: Жүгері жинау технологиясы | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: