-->
Главная » Статьи » Разные

Тоңазытқыштардың типтері

Тоңазытқыштардың типтері

 

Азық-түлік сапасын жоғары деңгейде сақтау үшін міндетті түрде үздіксіз тоңазыту жүйесін жасау қажет, себебі ол азық-түлікті өндіру немесе дайындау кезінен оны қолданғанға дейін төменгі температураны сақтауды қамтамасыз етеді.

Еліміздің әр түрлі аудандарында орнатылган тоңазытқыштар үздіксіз тоңазытқыш жүйесінің тар звеносы болып табылады, олардың арасындағы байланысты тоңазытқыш көлігі жасайды. Тоңазытқыштар белгіленуіне қарай мынандай типтерге бөлінеді: өндірістік, дайындағыш, бөлгіш, сауда, алғашқы және көлікті.

Өндірістік тоңазытқыштар. Оларды тамақ кәсіпорындарында (ет комбинаты, балық өңдеу зауыттары) құрайды. Олар оның бөлінбейтін бір бөлшегі және алғашқы өңдеу қызметін атқарады (салқындату, тоңазыту, дайын тағам мен шикізатты қысқа мерзімге (10-20 күнге) сақтау). Бұл тоңазытқыштардың ерекшелігі – қондырғыларда дайын азық-түліктерді сақтауға арналған ыдыстардың үлкен өндіргіштігі. Дайындайтын тоңазытқыштары да өндірістер сияқты қуатты тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған. Олар үздіксіз тоңазытқыш шынжырының алғаш звеносы болып табылады.

Үлестіргіш тоңазытқыштары. Халықты тағамдық азық-түліктермен жыл бойы біркелкі қамтамасыз етуге арналған.  Оларды қалалық және өнеркәсіптік орталықтарда орналастырады. Үлестіргіш тоңазытқыштарда дайындық маусымында артық азық-түліктер резервуарын жасайды. Үлестіргіш тоңазытқыштарға азық-түліктер салқындатылып, тоңазытылған түрде өндірістік және дайындағыш тоңазытқыштардан түседі. Сондықтан үлестіргіш тоңазытқыштарда, негізінен, тек салқындатылған және тоңазытылған жүктер салынады. Ұзақ сақталу мерзімі 3-6 ай және одан көп.

Жолда жылып кеткен жүктер үшін қосымша шағын тоңазыту, салқындату камерасы қарастырылады. Үлестіргіш тоңазытқыш ыдыстың салмағы 500-1500 тонна, кейбір жағдайларда 30-35 мың тоннаға дейін жетеді. Үлестіргіш тоңазытқыштар әмбебап және мамандырылған (етке, балыққа, жеміске арналған) болады. Балмұздақ өндіру, сулы және құрғақ мұз өндіру цехтары, жеміс, көкөніс салу, тоңазыту цехы, сол сияқты ет, май, т.б. азық-түлік түрлерін өндіруші кәсіпорындар салқын комбинаты деп аталады. Үлестіргіш тоңазытқыштардан басқа, ұзақ мерзімге салқындатылып, тоңазытылған азық-түліктерді сақтайтын 2-15 мың тонна ыдысты базистік тоңазытқыштар болады.

Түсіретін тоңазытқыштар. Бір көліктен басқа түріне қысқа мерзімді сақталатын азықты сақтауға арналған. Оларды өзен мен теңіз порттарында, теміржол мен шоссенің түйіскен жеріне салады. Олар өздері орналасқан аудандарда жиі үлестіргіш тоңазытқыштар ролін атқарады.

Сауда тоңазытқыштары. Сауда жүйесіндегі жеміс пен жидекке арналған мұздатқыштар, тоңазытылған балықтар, т.б. сақтауға арналған. Үздіксіз тоңазытқыштар тізбегі сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары тоңазытқыштарының, сол сияқты тұрмыстық тоңазытқыштардың соңғы звеносы болып есептеледі. Тоңазытқыштардың барлық типін өндірістік немесе сауда көсіпорындарымен келісе отырып есептеу ұсынылады.

 

Тоңазытқыштың негізгі көрсеткіштері

 

Тоңазытқыш ыдысы тоннамен бір мезгілде салынатын тоңазытқыш камерасында сақталатын жүк мөлшеріне байланысты. Азық-түлік түрлерінің көлемі мен ауданы олардың салмағына, орау және салу тәсіліне байланысты болады. Мысалы, 1м3 тоңазытқыш камерасына тоңазытылған етті қатарымен салғанда 0,3-тен 0,45 тоннаға дейін, ал жәшіктер немесе бөшкелерді қойса 0,54-тен 0,65 т. дейін жүк көлемі сыяды.

Сиғызу үшін, тоңазытылған ет үшін камера өлшемі майға қарағанда салыстырмалы түрде 1,5-18 есе көп болуы тиіс. Сондықтан тоңазытқыш көлемі ыдысы бойынша «шартты жүк» немесе «шартты ыдыс» деп аталады.

Шартты ыдысы (сыйымдылығы) деп бір мезгілде тоңазытқыш камерасына салынған тоңазытылған салмақтың бірінші категориялы стандартты бөлшектегі төрттен бір (жүк нормасы 1 м3 0,35 т.) мөлшерін айтады.

Ыдыс көлемі бойынша (тоннамен алғанда) шартты түрде тоңазытқыштар мынадай топтарға бөлінеді: 10 т. дейінгі – ұсақ, 500 т. дейінгі – шағын, 5000 т. дейінгі – орташа және 5000 т. жоғары – ірі.

Үйдегі тоңазытқыштар ішкі шкафтың метрлік көлемімен есептеледі және ыдысы 80-240 л мөлшерімен шығарылады. Орта және ірі тоңазытқыштар камераларында мұздатқыш температурасы -30-35 С, жүкті камераларда тоңазытып сақтау -18-20 °С, салқындату камераларында -0 °С таяу, ал шағын тоңазытқыштарда жүктердің сақталу мерзімі біршама көбірек болса, температурасы -12-15 °С-тан жоғары болады. Сауда кәсіпорындарындағы қысқа мерзімді тоңазытқышқа сақтауға арналған азықтарды жұмсамастан бұрынғы камерадағы температурасы 0 °С-қа жақын болады.

Тоңазытқыш қоршауы құралымы бойынша жылу мен ылғалдың бөлмеге кірмеуі, қоршаған ортадан төмен болмауына кедергі жасайды. Сыртқы қоршауға   (қабырға,   еден,   төбе)   ылғал   оқшаулағышты материалдар мен жылу сапасы қабаты енеді. Барлық салқындатылатын бөлмелерді терезесіз жасайды.

Жоспарланған көлем шешімдеріне қарай тоңазытқыш бөлмелерін бір қабатты және көп қабатты деп бөледі. Үлестіргіш тоңазытқыштардың ыдыс сыйымдылығын 5000 т. дейін бір қабатты, ал 5000 т-дан жоғары болса, көп қабатты етіп жасайды.

Бір қабатты тоңазытқыш бағана торы: 6x6; 6x12; 6x18 м, ал көп қабаттынікі – 6x6 м. Бір қабатты тоңазытқыш бөлмелердің биіктігі таза еденнен төменгі тиісті жабылу құралымына дейін 4,8 м тең. Бір қабатты тоңазытқыштардың биіктігі 6 метрге дейін рұқсат етіледі. Бір қабатты үлестіргіш тоңазытқыштар камерасы биіктігін бір топ типтік жобасында Гипрохолод институты 6 м етіп берген. Көп қабатты тоңазытқыштардың биіктігі төменнен бастап келесі қабатының биіктігімен – 4,8 м, тек кейбір жағдайда ғана – 6 м.

Дайындаушы тоңазытқыштарды, әдетте бір қабатты етіп жасайды. Өндірістік тоңазытқыштардың қабатын кәсіпорын типімен, оның өндірістік қуатымен, технологиялық процесс ерекшеліктерімен, цехтың орналасуымен, суықты пайдалану және басқа факторларымен айқындайды. Мысалы, балық шаруашылығымен айналысатын аудандарда өндірістік тоңазытқыштарды бір қабатты етіп салады. Ет комбинаттарындағы тоңазытқыштардың 5-7 қабаттысы болады.

Қабырғасындағы, едендегі, төбедегі жылу ағысының азаймауы үшін қабаттар аралығындағы қоршау, кедергілерді арнайы жылуоқшаулағыштармен жабады. Тоңазытқыштың салқындатушы есік жағын оқшаулайды. Тоңазытқыш камераларына жылы ауа бармау үшін шығар есік алдына оқшауланған тамбурлар қарастырылады. Бірнеше камераға жалпы бір тамбур немесе дәліз жасалады. Салқындатушы бөлмелерде терезе болмайды.

Қоғамдық тамақтану және сауда орындарындағы шағын тоңазытқыштарды, әдетте, бөлек емес, көсіпорын үйіне қосымша салады

Категория: Разные | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 1743 | Теги: Тоңазытқыштардың типтері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: