-->
Главная » Статьи » Разные

Тежеуiш түрлерi
Тежеуiш түрлерi. Тұру тежеуiшi. Автомобильдердiң қозғалыс жылдамдығын баяулату, жүрiсiн тоқтату және қозғалмайтын қалыпта ұстау үшiн олар тежеуiш жүйелерiмен жабдықталады. Тежеуiш жүйелерiнiң мынадай түрлерi болады: машина қозғалысының жылдамдығын реттеуге және оны жайлап тоқтатуға қажеттi жұмыстық тежеуiшi, машина еңiске жүргенде оны ұстап тұруға арналған тұру тежеуiшi мен кiлт бұрылысын жүзеге асыратын тежеуiш. Тежеуiш жүйесi тежеуiш механизмiнен және оның жетегiнен тұрады. Т е ж е у i ш м е х а н и з м i автомобиль қозғалысына өздiгiнен кедергi жасау үшiн қызмет етедi. Фрикциялық тежеуiш кеңiнен қолданылады, ол қозғалмайтын және айналып тұратын бөлшектер аралығындағы үйкелiс күшi есебiнен жасалады. Фракциялық тежеуiш барабанды, шкивтi және дискiлi болып келуi мүмкiн. Барабанды тежеуiшiнде үйкелiс күшi айналыстың цилиндр бетiнде, шкивтiде – сыртқы, ал дискiлiде – айналмалы дискiнiң бүйiр бетiнде пайда болады. Орнатылу бойынша доңғалақ және орталық (трансмиссиялы) тежеуiштер болып бөлiнедi. Оның бiрiншiсi доңғалақтың күпшегiне, ал екiншiсi – трансмиссияның бiлiктерiнiң бiрiне әсер етедi. Доңғалақ тежеуiшi жұмыстық тежеуiш жүйесiнде қолданылады. Т е ж е у i ш ж е т е г i тежеу механизмдерiне энергия берiп, тежеген кезде онымен басқаруға арналады. Тежеуiш жетегi жұмыс iстеу принципi бойынша механикалық, пневматикалық гидравликалық және электрлi болып бөлiнедi. Тежеуiштiң механикалық жетегi бұдан бұрын қаралған барлық тракторлардың тежеуiштерiнде қолданылады. Бұл жетек барлық автомобильдер мен кейбiр тракторларда жабдықталған тұру тежеуiштерде пайдаланылады. Тұру тежеуiшi. Автомобильде барабан типтес тұру тежеуiшi орнатылады (3.6– сурет). Тежеуiштiң қозғалмайтын дискiсi (3) берiлiс қорабының корпусына бекiтiлген. Дискiде бiрдей етiлiп екi тежеуiш колодкасы (5) орнатылған, ол барабанның iшiне орналасқан. Тежеуiш баабаны (7) берiлiс қорабының жетекшi бiлiгiне (екiншi) бекiтiлген. Тежеуiш колодкасының сыртына фрикциялық жапсырма бекiтiлген. Реттеуiш құрылғысы (9) корпусында орналасқан колодканың төменгi шетiнiң саусақтары арқылы реттеуiш винттiң (10) конусты қалпақшасына тiреледi. Колодканың жоғарғы бөлiгi ажырату құрылғысына (6) тiреледi. Ажырату құрылғысы стерженьнен және екi шариктен тұрады. Стержень жетек рычагы мен орталық тұру тежеуiштiң рычагының тартқышы арқылы қосылған. 3.6-сурет. Барабан типтес тұру тежеуіші: 1-бекіткіш кнопкасы, 2-рычаг, 3-қозғалмайтын диск, 4-ажырату стержені, 5-тежеуіш колодкасы, 6-босату құрылғысы, 7-барабан, 8-қатайту серіппесі, 9-реттеуіш құрылғысы, 10-реттеуіш винті, 11-жетек рычагы, 12-тартқыш Автомобильдi тежеу үшiн тежеуiштi (2) қолмен ығыстырады. Бұл кезде рычагты төменгi шетi, тартқыш пен жетек рычагы (11) арқылы iлгерi ығысып, шариктi ажырату стерженьнiне (4) әсер етедi. Шариктiң әсерiнен колодканың жоғарғы шетi жылжып, оның фрикциялық жапсырмасы тежеуiш барабанына қосылады, ол тежелiп, өзiмен қосылған трансмиссияның қардан бiлiгiнiң айналуына бөгет жасайды. Тежеуiш рычагы тежелген қалыпта тұрған кезде, сектордағы iлгешекпен бекiтiледi. Тұру тежеуiштi ажырату үшiн кнопканы (1) басып, iлгешектi шығару керек, сөйтiп тежеуiштiң рычагын iлгерi ысырады. Қатайту серiппесiнiң (8) әсерiнен клолодка керi кетiп, бастапқы қалпына келедi. Колодканың фрикциялық жапсырмасы мен барабан арасындағы қажеттi саңылау реттеуiш винтпен (10) реттелiнедi. 3.7-сурет. ГАЗ-53А автомобилінің тежеуіш механизмі: 1-реттеуіш эксцентрик, 2-тірек дискі,3-цилиндр, 4,7-серіппе, 5-сухарь, 6-поршень, 8-корпус, 9-манжета, 10-қайта жіберу клапаны, 11-тірек саусақтары, 12-эксцентрикті шайба, 13-колодка, 14-бағыттаушы құрсау Гидравликалық жетектi тежеуiш механизмi. Гидравликалық жетектi барабанды тежеуiш механизмi автомобильдерде (3.7-сурет) қолданылады. Ол тiрек дискiсiне (2) орнатылған екi колодкадан (13), доңғалақ тежеуiшi цилиндрiнен (3), тiрек саусақтарынан және реттеуiш эксцентриктен тұрады. Колодканың сыртқы бетiне фрикциялық жапсырма тойтарылған. Алдыңғы жапсырма артындағысына қарағанда ұзындау, өйткенi тежеген кезде ол доңғалақтың тежеуiш барабанына үлкен күшпен қысылады. Бұл оның бiркелкi тозуын қамтамасыз етеледi. Колодкалар бiр-бiрiмен серiппе арқылы тартылған. Олардың төменгi шеттерi тiрек саусақтарына (11) кигiзiлген эксцентриктiң шайбасына, ал жоғарғысы – доңғалақ тежеуiшi цилиндрiнiң поршень сухариктерiне терiледi. Колодка мен доңғалақтың тежеуiш барабаны арасындағы саңылау тiрек дискiсiндегi колодка астына орналасқан эксцентрик (1) көмегiмен ретке келтiрiледi. 3.8-сурет. Басты тежеуіш цилиндрі: 1-резервуар, 2-айдау клапаны, 3-кері қайтару клапаны, 4-тығын, 5-компенцациялық тесік, 6-тежеуіш педалы, 7-шток, 8-поршень, 9-қайта жіберу тесігі, 10-серіппе, 11-цилиндр, 12-резенке манжета, 13-пластинкалы клапан Д о ң ғ а л а қ т е ж е у i ш i ц и л и н д р i оның дискiсiне бекiтiлген корпустан (8), корпусқа орнатылған екi поршеньнен (6) және сухариктен (5) тұрады. Поршеньде нығыздауыш ретiнде серiппе көмегiмен резеңке манжета (19) пайдаланылады. Цилиндрге шаң, тозаң түспес үшiн, ол екi жағынан резеңке қалпақпен жабылған. Цилиндр корпусында екi канал бар. Төменгi канал арқылы басты тежеуiш цилiндрiнен тежеуiш сұйығы келiп түседi, ал жоғарғысы арқылы – тежеуiш жүйесiнен ауа шығарылады. Осы каналдың шығару тесiгi резеңке қалпақты қайта жiберу клапанымен (10) бiтелген. Тежеуiш сұйығы басты тежеуiш цилиндрiнен металл түтiгi және резеңкелеген матадан жасалған солқылдық шланга арқылы доңғалақтыға берiледi. Б а с т ы т е ж е у i ш ц и л и н д р i (3.8-сурет) тежеуiш сұйығына арналған резервуармен (1) бiрге құйылады. Оның корпусы автомобильдiң рамасына бекiтiлген. Цилиндрдiң қуысына (11) поршень (8), серiппе және керi қайтару клапаны (3) орналасқан. Поршеньге тесiк iстелген, ол құрастырылған күйiнде пластинкалы клапанның (13) жапрақшасымен жабылып тұрады. Керi қайтару клапаны ұяға серiппемен қысылған, ал клапан табақшасында босаң серiппелi айдау клапаны (2) монтаждалған. Цилиндр үлкен (9) қайта жiберу және кiшi тесiгi (5) бар (компенсациялы) резервуармен қосылған. Тежеуiш сұйығы резервуарға тығынмен (4) бiтелетiн қақпақтағы тесiк арқылы құйылады. Жұмыс кезiнде бүкiл жүйе үнемi тежеуiш сұйығына толып тұрады. Тежеуiш сұйығы ретiнде «Неваң сұйығы, БСК немесе кастор майының 50% мен, бутил спиртiнiң 50% қоспасы қолданылады. Автомобильдi тежегенде жүргiзушi шток арқылы поршеньдi (8) жылжыта аяғымен педальды (6) басады, ол тежеуiш сұйығына қысым түсiредi. Сұйық доңғалақ тежеуiшi цилиндрiне айдау клапаны арқылы бас цилиндрден поршеньмен ығыстырылып шығарылады, оларды поршень доңғалақ барабанына қысып, тежеуiш колодкасын ажыратады. Жүргiзушi аяғын педальдан алған кезде, колодканың кейiн қайту серiппесi оларды тежеуiш барабанына ығыстырып, тежеуiш цилиндрлерiнiң поршенiн жақындатады. Осы кезде тежеуiш сұйығы түтiк арқылы бас цилиндрге қысылады, оның поршенi өзiнiң бастапқы қалпына қайта оралады. Тежеуiш педалы толық босатылғанда, поршень алдындағы бас цилиндрдiң қуысы компенсациялық тесiк (5) арқылы резервуармен жалғасады, ал керi қайтару клапаны (3) әсерiнен гидравликалық жетек жүйесiнде цилиндр артық қысым сақтайды да жүйенiң iшiне ауа ене алмайды. Егер жүргiзушi тежеуiш педалын кiлт жiберiп қойса, цилиндрде поршень айналасындағы сиретiлу әсерiнен сұйықтық поршеньмен қабаттаса ондағы тесiк және қысылған манжета арқылы цилиндр қуысына енедi, мұның өзi жүйеге ауаның кiруiн болдырмайды. Гидравликалық жетек жүйесiнде басты тежеуiш цилиндрi мен доңғалақ цилиндрiнiң аралығында тежеуiштiң гидровакуумдық кщүшейткiшi қосылған. Двигательдiң түтiк өткiзгiшiнiң соруы нәтижесiнде пайда болатын сиретiлу (вакуум), автоиобильдi тежеуiшпен басқаруды жеңiлдетедi. Күшейткш тежеу кезiнде жүйедегi қысымды 4,5-5 МПа арттырады, мұның өзi тежеуiш педалына 650-700 Н күшпен әсер еткенге тең. Г и д ро в а к у у м д ы қ к ү ш е й т к i ш (3.9-сурет) күш камерасынан (4), гидравликалық күшейткiш цилиндрiнен (9) және басқару клапанынан тұрады. Камера корпусы дегенiмiз қамыттармен қосылған екi штампталған табақша. Табақшалар аралығына серiппе орнатылып, диафрагма жиектерi қысылған. Диафрагма табақша мен күшейткiш цилиндрiнде орналасқан поршеньдi (10) түрткiш (12) арқылы қосылған. Поршень iшiнде серiппелi шариктi клапан орналасқан. Басқару клапаны поршень (11), серiппелi диафрагма (7) және штокпен өзара қосылған ауа (5) және вакуумды (6) екi клапандардан тұрады. Гидровакуумдық күшейткiш мына тәртiппен жұмыс iстейдi. Тежеуiш педалы босатылғанда, басқарудың ауа клапаны жабылады, ал вакуумдық клапан ашылады, сол арқылы (А мен Б) күш камерасының қуыстары өзара бiр-бiрiмен қосылады. Демек А мен Б қуыстарында бiрыңғай қысым пайда болады. 3.9-сурет.Гидроваккумдық күшейткіштің схемасы: 1-тежеуіш педалы, 2-енгізгіш түтік өткізгіші, 3-жапқыш клапаны, 4-күш камерасы, 5-ауа клапаны, 6-ваккум клапаны, 7-басқару клапанының диафрагмасы, 8-ауа сүзгіші, 9-күшейткіш цилиндры, 10-поршень күшейткіші, 11-басқару клапанының поршені, 12-түрткіш,13-доңғалақты тежеуш цилиндры, 14-басты цилиндр тежеуіші, А,Б- күш камерасының қуысы Тежеуiш педалын (1) басқан кезде, басты тежеуiш цилиндрiнен күшейткiш поршеньнiң (10) ашық тұрған шариктi клапанымен сұйық доңғалақты тежеуiшке келiп түседi, сөйтiп оны жұмысқа қосады. Тежеуiш педалында қысымның артуына қарай поршень (11) мен басқару клапанының диафрагмасы (7) жоғары жылжиды. Осы кезде вакуумдық клапан (6) жабылады да, А мен Б қуыстары өзара бiр-бiрiнен ажыратылады, ал ауа (5) клапаны ашылады. Б қуысында сиретiлу пайда болады, өйткенi ол двигательдiң енгiзгiш түтiк өткiзгiшiмен ауа түтiк өткiзгiшi арқылы байланысты. Диафрагмадағы күш камерасының А мен Б қуыстарындағы қысымның айырмашылығы нәтижесiнде, түрткiш пен күшейткiш поршенi (10) оңға ығысады, шариктi клапан жабылады да, гидровакуумдық күшейткiштiң қосымша қысымы әсерiнен, поршень айналасындағы тежеуiш сұйығының қысымы артады. Жүргiзушi тежеуiш педалына неғұрлым көбiрек күш жұмсаса, соғұрлым гидровакуумдық күшейткiш диафрагмасында ауа қысымы артады, мұнымен қатар, доңғалақ тежеуiш цилиндрiндегi сұйық қысымы да күшейе түседi. Осының нәтижесiнде автомобильдiң тежеуiш жолының ұзындығы қысқарады. Басқару клапаны мен енгiзгiш түтiк өткiзгiшi аралығына жапқыш клапан (3) орнатылған, ол двигатель тоқтаған кезде оларды автоматты түрде ажыратады. Двигатель тоқтаған кезде Б қуысында вакуум запасы болғандықтан, двигатель жұмыс iстемей тұрғанның өзiнде күшейткiш арқылы бiр-екi тежеудi қамтамасыз ете алады. Пневматикалық жетектi тежеуiш механизмдерi. Пневматикалық жетектi тежеуiш жүйесi автомобильдердiң бiрқатарында қолданылады. Ол дөңгелек тежеуiшi механизмдерiнен (тежеуiштер) және пневматикалық жетектен тұрады. Дөңгелек тежеуiш. Автомобильдердiң дөңгелектері пневматикалық жетектi колодкалы тежеуiштермен жабдықталған. Ол жүрiп келе жатқан автомобильдiң жылдамдығын баяулату немесе мүлде тоқтатуға арналады. Жалпы пайдаланылатын жүк автомобильдерiнің дөңгелек тежеуiшi пневматикалық жетегiнiң конструкциясының ешқандай айырмашылығы болмайды. 3.10-сурет. Автомобиль тежеуішінің пневматикалық жетегінің схемасы: 1-компрессор, 2-манометр, 3-ауа балоны, 4-артқы тежеуіш камерасы, 5-қосқыш қалпақшасы, 6-ажырату краны, 7-қосқыш шлангасы, 8-тежеуіш камерасы, 9-алдыңғы тежеуіш камерасы Пневматикалық жетек. 3.10-суретте автомобильдiң пневматикалық жетегiнiң құрамында бөлiктерiнiң орналасуы көрсетiлген. Пневматикалық жетек дөңгелек тежеуiшi мен әйнек тазалауыштың жұмысын қамтамасыз етедi. Сығылған ауа запасын жасау үшiн ауа баллондары (3) пайдаланылады. Тежеу кезiнде ауа баллоннан камераларға (4 және 9) өтедi де, дөңгелекты тежейдi. Дөңгелекты тракторларда пневматикалық жетек iлiнiстi ажырату механизмiнiң қосымша жұмысын қамтамасыз етедi, ауаны шинаға жел айдау және отын багына май құю үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi. Т е ж е у i ш к а м е р а с ы сығылған ауа қуаты есебiнен дөңгелек тежеуiш механизмiн жұмысқа қосады. Корпус пен камера қақпағының аралығында дискiлi резеңке металы диафрагма бар. Тежеуiш жұмыс iстемей тұрған жағдайда, диафрагма серiппе арқылы қақпаққа қысылып тұрады. Дискiнiң орталық тесiгiне шток тығыз кiрiп тұрады., ал екiншi шетiне қосалқы гайкамен аша бұралған. Камера қақпағына тежеуiш краны арқылы баллоннан сығылған ауаны берiп тұратын шлангалы штуцер монтаждалған. Тежеуiш педалын басқан кезде тежеуiш камерасының қақпағы астына ауа келiп түседi, ол дискiмен бiрге диафрагманы корпусқа ығыстырадыда, штокты жылжытады. Соңғысы аша арқылы ажырату жұдырығы бiлiгiнiң рычагына күш түсiредi, оны жұдырықпен бiрге айналдырады, соның нәтижесiнде тежеуiш колодкалары ажыратылып, барабанға қысылады, сөйтiп дөңгелек тежеледi. Тежеуiш педалын босатқаннан кейiн, оларды тартыптұрған серiппе бастапқы қалпына келген соң, колодкалар керi қайтады. Поршень типтес екi цилиндрлi к о п р е с с о р (3.11—сурет) ауа баллондарына ауа айдап тұрады. Ол картерден, цилиндр блогынан (2), қалпақшадан (3), шатунды-поршеньдi топтан, иiндi бiлiктен, клапанды және жүк түсiргiш құрылғыдан тұрады. Иiндi бiлiктiң алдыңғы шетiнде жетек шкивi (1) шпонка мен гайка арқылы бекiтiлген, ол сыналы-ремендi берiлiс арқылы иiндi бiлiктi шкивiнен айналысқа түседi. Клапанды құрылғы – бұл екi айдау (4) және серiппелi екi енгiзу (5) клапандарынан тұрады. Поршеньнiң төменгi жүрiсiнде компрессор цилиндрiнде пайда болған сирету әсерiнен енгiзу клапаны ашылады да, цилиндрге ауа двигательiнiң сүзгiшi арқылы кiредi. Поршеньнiң жоғары қарай қзозғалысында енгiзу клапан жабылады, цилиндрдегi сығылған ауа айдау клапанын (4) ашады да, ол қалпақшаға және ауа баллонына енедi. 3.11-сурет. Компрессор: 1-жетекші шкив, 2-цилиндрлер блогы, 3-қалпақша, 4-айдау клапаны, 5-енгізу клапаны, 6-жүк түсіргіш канал, 7-қысым реттеуіші, 8-реттеуіш қалпақ, 9-шток, 10-штуцер, 11-реттеуіш қақпағындағы тесік, 12-шарикті клапан блогы, 13-баллондардан сығылған ауаны жеткізетін тесік, 14-сүзгіш, 15-жүк түсіргіш құрылғының плунжері, 16-май жеткізетін штуцер, 17-аралық төсем реттеуші Жүк түсiргiш құрылғы компрессордың цилиндрлер блогында орналасып, қысым реттеуiшi арқылы жұмыс iстейдi. Ол екi плунжерден (15), екi штоктан және күйентеден тұрады. Жүйедегi сығылған ауа қысымы 0,75 МПа жеткен кезде, қысым реттеуiшi (7) жұмыс iстей бастайды. Компрессордан жүйеге ауа енуi тоқталады, өйткенi жүк түсiргiш каналына (6) кiретiн ауа қысымының әсерiнен плунжерлер көтерiледi, ол шток арқылы екi цилиндрдiң де енгiзу клапанын (5) ашады. Мұндай жағдайда ауа бiр цилиндрден екiншiсiне еркiн ауысады. Жүйедегi ауа қысымы 0,6 МПа төмендегенде плунжерлер босайды да енгiзу клапанына жүк түсiргiш құрылғының әсерi болмайды. Сығылған ауа компрессордан ауа баллонына олардың қысымы 0,75 Мпа жеткенге дейiн енуiн тоқтатпайды. Компрессордың үйкелетiн бөлшектеры двигательдiң бас май магистралынан май өткiзгiшiмен штуцерге (16), иiндi бiлiктiң түпкi және шатунды подшипниктерiне түсетiн маймен майланады. Цилиндр блогы мен қалпақшасы жұмыс кезiнде қатты қызып кетедi, сондықтан оларды сұйықпен салқындатады, ол компрессор цилиндрi блогының су тысына двигательдiң салқындату жүйесiнен келiп түседi. Қ ы с ы м д ы р е т т е у i ш (7) пневматикалық жүйеде белгiленген ауа қысымын автоматты түрде үзбей ұстайды. Ол корпустан және шариктi клапандар блогынан (12) тұрады. Жүйедегi ауа қысымы 0,6 МПа кем болған жағдайда, шариктi клапан төмен түседi, осы кезде ауа баллонымен қатысып тұратын тесiктi астыңғы шарик жабады, ал екiншi тесiк (11) пен штуцердiң (10) еңкiш каналы арқылы компрессордың жүк түсiргiш құрылғысына атмосферадан ауа кiредi. Жүйедегi ауа қысымы 0,75 МПа жеткен кезде, шариктер көтерiледi, жоғарғы шарик атмосферамен қатынасатын штуцер каналын жабады, ал жүк түсiргiш құрылғысына баллоннан сығылған ауакеледi, ол плунжерлер мен штоктар арқылы жұмыс iстеп тұрған компрессордың енгiзу клапандарын ажыратады. Реттеуiш қалпақ (8) айналғанда серiппенiнiң тартылуы өзгередi де, сөйтiп қысымды реттеп, компрессорды жұмысқа қосады. Штуцер (10) астындағы реттеуiштiң аралық төсемiнiң санын өзгерте отырып, қысымды реттейдi сол кезде компрессор ажыратылады. А у а б а л л о н д а р ы (металды цилиндрлi резервуарлар) сығылған ауаны сақтау үшiн қажет. Оның көлемi 8-10 тежеудi қамти алады. Баллондар раманың лонжеронына бекiтiлген. Әр баллонда конденсат краны, оң жақтағы баллонда ауа iрiктеу краны болады. Реттеуiштiң ақауы болған жағдайда тежеуiштiң пневматикалық жетегi жүйесiнде жоғары ауа қысымының болдырмау үшiн, баллондардың бiрiнде сақтандырғыш клапан орнатылған, ол ауа қысымы 0,95 МПа жоғары болған жағдайда автоматты түрде iске қосылады.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 2787 | Теги: Тежеуiш түрлерi | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: