-->
Главная » Статьи » Разные

Тежеу жүйесінің жалпы құрылысы
Тежеу жүйесінің жалпы құрылысы Тежегiш жүйенiң құрылысы негiзiнен екi тораптан тұрады: бiрiншiсi тежегiш торап, екiншiсi оның жетегi. Тежегiш тораптар да құрылыстарына қарай колодкалы немесе дискiлi болып екiге бөлiнедi, ал жетек торабының құрылысына қарай гидравликалық немесе пневматикалық жетек болып бөлiнедi. Ендi төменде солардың бiр түрiн қарастырып, басқаларының ерекшелiктерiне тоқталамыз. 3.3-суретте гидравликалық жетегi бар колодкалы тежеу механизмiнiң құрылысы көрсетiлген. Мұндай жүйе автомобильдiң әрбiр жүрiс дөңгелектерiнде қойылған колодкалы тежегiш қондырғылар (4) мен гидравликалық жетек торабы болады. Гидравликалық жетек торабы жүргiзушi педалiнен (1), басты гидроцилиндрден (2), таратқыштан (3), вакуумдық күшейткiштен (5) және керi клапаннан (6) құралады. 3.3. – сурет. Гидравликалық жетегі бар тежеу жүйесі. Гидравликалық жетегi бар тежеу жүйесi мына төмендегiдей жұмыс iстейдi. Автомобильдi тежеу үшiн жүргiзушi педальдi (1) белгiлi бiр күшпен (Q) итередi. Сол кезде басты гидроцилиндр iшiндегi толып тұрған сұйық түтiктер арқылы тежегiш қондырғыдағы жұмысшы гидроцилиндрге келедi. Ондағы жұмысшы поршендерi сұйықтың қысым күшiмен екi жаққа қарай жылжиды да оған жанасып тұрған тежегiш колодкаларды сыртқа қарай кередi. Бұл колодкалардың сыртында жүрiс дөңгелектерiмен бiрге айналатын барабан киiлiп тұрады. Ендi колодкалар сол барабандарға жанасып, үйкелiс күшiн тудырғандықтан, автомобильдiң жүрiс дөңгелектерiнiң кедергiлерi артып, жылдамдықтары азаяды. Сонымен тежегiш жүйе автомобильдiң кинетикалық энергиясын үйкелiс арқылы жылу энергиясына айналдырып, қоршаған ортаға таратып жiбередi. Осы жоғарыда айтылған тежеу жүйесiндегi автомобильдi тежеу күшi колодкалардың барабандарға итерiлу күшiне байланысты. Олай болса, жүргiзушiнiң аяқ күшiмен жасаған тежеу күшi кейде жеткiлiксiз болуы мүмкiн әрi жүргiзушiнi шаршатады. Сондықтанда осы жетекпен қатар iстейтiн пневматикалық күшейткiш қолданылады. Оның жұмыс схемасы 3.4-суретте көрсетiлген. 3.4.-сурет. Вакуумдық күшейткіштің жұмыс схемасы. Вакуумдық күшейткiштiң құрылысы вакуумдық камерадан (18) клпандық механизмнен (8) және гидроцилиндрден (14) тұрады. Вакуумдық камера екi жартыдан жасалып ортасы диафрагма (2) арқылы екi қуысқа (А және Б) бөлiнген. Диафрагма (2) серiппе (17) арқылы үнемi Б-қуысына қарай итерiлiп тұрады. Оның ортасында шток (16) бекiтiлiп, поршеньге (21) килiп тұрады. Штоктың сол поршенге киiлген ұшында жазық кесiк жасалып, оған жалпақ итергiш (24) бос кiрiп тұрады. Поршеньнiң (21) iшiнде шариктi клапан (20) орналасқан. Оның жабылуы өз серiппесi арқылы, ал ашылуы жалпақ итергiш (24) арқылы болады. Клапанды механизмде (8) екi клапан бар: ауа (5) және вакуум (9) клапандары. Екеуi бiр оське (6) жалғастырылған. Ондағы екi қуыс (В мен Г) диафрагмамен (10) бөлiнген. Диафрагманың тарелкасына (11) поршень (12) бекiтiлген. Сол тарелканың (11) ортасындағы тесiк арқылы В мен Г қуыстары жалғасып тұрады, ал сол тесiктi вакуумды (9) клапан ашып-жабады. Осылайша құрылған тежегiш күшейткiшi мына төмендегiдей жұмыс iстейдi. Автомобильдi тежемей двигатель жұмыс iстеп тұрған кезде ауа клапаны (5) серiппенiң (7) көмегiмен жабық ұсталады. Онымен бiр оське бекiтiлген вакуум клапаны бұл кезде ашық болады. Сонда В - қуысына ауа келуiн тоқтатып, А мен Б қуыстары вакуум (9) клапаны арқылы двигательдiң сору каналымен (19) жалғасып, олардың iшiнде бiр мөлшердегi вакуум пайда болады. Олай болса вакуум камерасының диафрагмасы (2) серiппенiң (17) көмегiмен цилиндр поршенiн (21) ең сол жақтағы шетiнде ұстап тұрады. Поршень шетiнде тұрғандықтан жалпақ итергiш (24) қораптың қырына тiреледi де оны екiншi ұшына шарик (20) тiреледi де серiппесiн қысып, ашық тұрады. Автомобильдi тежеген кезде, басты цилиндрден түтiкпен (1) келген сұйық ашық тұрған шариктi клапан (20) арқылы түтiк (15) арқылы дөңгелектердегi тежегiш цилиндрiне берiледi. Осыған қосымша, басты цилиндрден келген сұйық қысымы поршень (12) арқылы диафрагманың (10) тарелкасына (11) берiледi. Егер қысым онша көп болмаса, онда диафрагманың (10) серiппе (4) күшiн жеңе алмайды да диафрагма мен тарелкасы қозғалмайды. Ал қысым көбейсе, тарелка жоғары көтерiлiп, оның ортасындағы тесiк вакуум (9) клапанымен жабылады. Ендi А мен Б қуыстары бiр-бiрiнен ажырайды. Диафрагманың әрi қарай көтерiлуi ауа клапанын (5) да ашады. Сонда А-қуысы двигательдiң сору жүйесiндегi вакууммен жалғасқан күйiнде тұрады, ал Б-қуысы ауа клапаны (5) арқылы сыртқы ауамен жалғасады. Ендi вакуум камерасындағы диафрагманың екi жағында екi түрлi қысым болады. Б-қуысында қысым көп, А-қуысында аз. Олай болса диафрагма (2) серiппе (17) күшiн жеңiп поршеньдi (21) оңға қарай қозғайды. Сол кезде шариктi клапан (20) итергiштен (24) алшақтығандықтан серiппесiнiң көмегiмен жабылып қалады. Ендi поршендi (21) диафрагма (2) мен бас цилиндрден келген сұйық қысымы бiрiгiп итередi де оның оң жағында қысым көбейедi. Осылайша тежеу күшi артатын болады. Алғашқы кезде В мен Г қуыстарында бiрдей мөлшерде вакуум болады. Ал жоғарғыдағыдай тежеу кезiнде вакуум клапаны (9) жабылып, ауа клапаны (5) ашылғандықтан диафрагмаға (10) серiппе (4) күшiнен басқа осы екi қуыстағы В мен Г қысым айырмашылығының салдарынан тағы да итеретiн күш пайда болады. Сөйтiп диафрагма төмен жылжиды. Егер оны итеретiн күш жеткiлiктi болса, онда ол ауа клапанын (5) жапқанша жылжи бередi. Ауа клапаны жабылған кезде В мен Г қуыстарындағы қысым айырмашылығының өзгерiсi тоқталады. Онымен бiрге диафрагмада тоқтайды. Сөйтiп поршеньдi (21) белгiлi бiр қысыммен ұстап тұрады. Сонда ол қысымның мөлшерi жүргiзушiнiң тежеу жүйесiне жасалған қысымына пропорционал болады. Себебi диафрагма (10) төмен қозғаларда оны итерiп тұрған поршендегi (12) сұйық қысымын да жеңуi керек. Қысым көп болса, ауа клапаны жабылады немесе керiсiнше. Гидравликалық жетегi бар автомобильдiң тежеу жүйесiнiң басқа тораптарының құрылысы мен жұмысы оншалықты күрделi болмағандықтан оларға түсiнiк берiлмейдi. Көптеген автомобильдерде пневатикалық жетегi бар тежегiш жүйе қолданылады. Оның жұмыс принципi гидравликалық жетегi бар тежегiш жүйенiң жұмыс принципiнен айырмашылығы жоқ десе де болады. Тек гидравликалық тораптардың орнына ауаның қысымымен iске қосылатын пневматикалық тораптар қолданылады. Сондай пневматикалық жетегi бар тежегiш жүйенiң бiр түрi 3.5-суретте көрсетiлген. 3.5-сурет. Пневматикалық жетегі бар тежеу жүйесі. Пневматикалық жетегi бар тежегiш жүйе дөңгелектерге қойылған тежегiш тораптарға қоса компрессордан (5), тежеу кранынан (1), тежеу камераларынан (2,6), ауа ыдыстарынан (10) және басқа реттегiш, сақтандырғыш тораптардан құралған. Мұндағы компрессор (5) двигательден белдiктi берiлiс арқылы қозғалыс алады да ауа қысымын тудырып, қысылған ауаны ыдыстарға (10) айдап кiргiзедi. Ауа ыдыстары қысылған ауаның автомобильдi бiрнеше рет тежеуге жететiн қысылған ауа қорын жасау үшiн қолданылады. Ол өте толып кеткен жағдайда, сақтандырғыш клапан (3) арқылы қысылған ауаны сыртқа шығарып жiбередi. Ыдыстардағы (10) қысылған ауамен түтiк арқылы тежеу краны (1) жалғасқан. Ол жүргiзушiнiң тежегiш педалi арқылы iске қосылады, яғни педальдi басқанда ол ашылып, ыдыстағы қысылған ауаны түтiктер арқылы тежегiш камераларға (2,6) жiбередi. Тежегiш камераларға келген ауа қысыммен оның диафрагмасын итередi де онымен жалғасқан тежегiш торапты iске қосады. Тежеу аяқталғаннан кейiн, қолданылған ауа кран (1) арқылы сыртқа шығарылады. Осындай пневматикалық жетегi бар тежегiш жүйенiң негiзгi кемшiлiгiне оның iске қосылу уақытының көбiрек екенiн жатқызуға болады. Мысалы гидравликалық жетектiң iске қосылу уақыты шамамен 0,2 с. болса, пневатикалық жетекте 0,6 с. дейiн жетедi. Себебi мұндағы тежегiш камералар мен түтiктердi қысылған ауамен толтырғанша бiраз уақыт кетедi.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 4443 | Комментарии: 1 | Теги: Тежеу жүйесінің жалпы құрылысы | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 1
1 Гулстан   (27.05.2016 11:50)
суреттер қай жерде 3.3-3.4-3.5 - суреттер қа жерде


Имя *:
Email:
Код *: