-->
Главная » Статьи » Разные

Тежеу жүйесіне ТҚ көрсету
 Күнделікті жолға шығар алдында сұйықтықтың тамбағанын, тежеудің жүріс кезіндегі әсерін тексеру керек. Жүйеде герметиканың бұзылуына жол беруге болмайды, шұғыл тежегенде ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Толық тежелу педальға бір рет басқанда шамамен жарты жүрісінде іске асуы керек; жүргізуші педальдың жүрісі біткен кезде айтарлықтай кедергіні сезуі керек. Егер кедергі және тежелу педальдың жүрісі кезінде үлкен болса, онда ол тежеуіш механизмдеріндегі саңылаудың үлкейіп кеткенінің белгісі. Егер де педальдың кедергісі әлсіз болса, ол серпіледі және еденге жеңіл қысылады, толық тежелу болмайды, бұл жүйеге ауа кіргенін көрсетеді. Тежелу тез және толық болуы керек, ол тежеу педаліне әсер ету тоқталғаннан кейін автомобильдің жақсы домалуымен анықталады. Тежеудің тораптары мен бөлшектеріне ТК көрсетілген кезде бензин, керосин және басқа органикалық қорытқыштар - олар резинаны бұзады және қатты өткір құралдарды қолдануға болмайды. Спиртке немесе тежеу сұйықтығына малынған таза шүберекті және кесілген шөркені қолдану керек. Әр 10000 км жүргеннен кейін, ал ВАЗ-2108 автомобилінде әр 15000 км-ден кейін, алдыңғы тежеуіштің колодкасының жапсырмасының күйін тексеріп, егер олардың қалыңдығы 1,5 мм –ден кем болса колодкаларды жаңасына ауыстыру керек, тежеуіш дискісі 9 мм-ге дейін желінсе ауыстырылуға жатады (ВАЗ-2108 үшін 10,8 мм). Қалбырдағы тежеу сұйықтағының деңгейін, ал ВАЗ-2105 автомобилінде деңгей дабылқаққышының да жұмысын тексеру керек (3.22-сурет). Тежеу шлангыларының күйін тексеріп, жарамсыздарын ауыстыру керек (бірінші тексерісті 30 000 км жүргеннен кейін). 3.22-сурет. Тежеу жүйесін сұйықпен толтыратын құрал: 1-манометр; 2-штуцер; 3-сақтандырғыш ауа клапаны; 4-кері клапан; 5-ұштық. Әр 20 000 км-ден кейін (ВАЗ-2108 автомобилінде 30 000 км) барабан типті тежеуіштердің күйі тексеріледі. Олардың колодкасында тежеу тиімділігін төмендететін сынық болса немесе иліккен болса және де жапсырма желінгенде, егер соңғысының қалыңдығы 2 мм-ге дейін азайып кетсе (ВАЗ-2108 үшін 1,5 мм) ауыстыруға жатады. Тұру тежеуішінің тұтқасының жүрісі жұмыстық тежеудің педалінің толық және бос жүрісінің мәні тексеріледі. Әр 30 000 км жүргеннен кейін сұйықтық гидрожетектегі және ваккумды күшейткіштегі қысым реттеушінің күйі және жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі. Реттеуішті тексеру үшін автомобильді көру орынына (канава) шығарады, реттеуіштің қаптармасын шешеді (ВАЗ-2108 автомобилінде), кірдің және майдың қалдығынан тазалайды және тежеу педаліне басады. Реттеуіште ақау болмағанда поршеннің шығып тұрған бөлігі корпуспен салыстырғанда және торсынды тұтқаны айналдырады. Одан кейін 5...6 грамм ДТ-1 жаңа майын жағып қаптарманы кигізеді. Ваккумды күшейткішті тексеру үшін двигатель жұмыс істемей тұрған кезде тежеу педаліне 5-6 рет басып және оны жарты жүрісінде тоқтатып, двигательді оталдырады. Егер күшейткіш ақауы жоқ болса, онда педаль алдыға өзі жылжып кетеді. Егер олай болмаса жүйенің герметикасын тексеру қажет. Жұмыстық тежеу жүйесін сипаттайтын параметрлер 11-кестеде келтірілген. 11-кесте Гидрожетек жүйесіне ауаның кіруі тежеу кезінде педальды басу күшін жеңілдетеді (жұмсақ педаль). Тежеу тиімділігі педальға екі-үш рет қайталап басқанда артады. Гидравликалық жетектен ауаны шығару үшін: негізгі тежеу цилиндріндегі қалбырды тексеріп, қажет болса сұйықтықпен толтыру керек; кірден тазалап және резиналы қорғағыш қалпақшаларды барлық дөңгелекті цилиндрлердің ауасын шығару үшін клапандардан шешеді; алдыңғы дөңгелектердің біреуінің ауа шығаратын клапанына ұзындығы 350-400 мм болатын резиналы шланг кигізіп (3.23- сурет) бос жағын ішінде тежеу сұйықтығы бар шынылы ыдысқа салу керек, ауа шығаратын клапанда 1\2-3\4 айналысқа кері бұрайды. Бұдан кейін көмекші тежеу педалін тез-тез басып және баяу жіберу керек (сонда сұйықтық ауамен бірге жүйеден шлангы арқылы ыдысқа шығады): бұл процесті ауа түйіршіктері шығуын тоқтатып, таза сұйықтық шыға бастағанға дейін қайталайды: педальді басылған күйі ұстап тұрып ауа шығаратын клапанды бекітеді; шлангты алып және резиналы қалпақшаны кигізеді. ВАЗ -2105 автомобилінде осы ретпен екінші алдыңғы дөңгелектің тежеу жүйесінің жетегіне, одан кейін кезекпен артқы екі дөңгелекке прокачка жасау керек. Прокачка жасау процесінде қалбырдағы сұйықтық деңгейін оқтын-оқтын толтыра отырып міндетті түрде бақылау керек. «Москвич» автомобилінде алдыңғы дөңгелекті шығарып, ауа шығару клапаны 20 (3.20- суретті қара) арқылы үлкен диаметрлі цилиндрден ауаны шығару керек, одан кейін тура солай басқа алдыңғы дөңгелектен және кіші диаметрлі цилиндрлерден ауа шығару клапандарымен 8, одан кейін артқы дөңгелектің жұмыстық цилиндрлерінен ауаны шығару керек. 3.23-сурет. Тежеуіштің гидравликалық жетегінен ауаны шығару. «Москвич» автомобилінің тежеуішіне прокачка жасағанда аспаптар щитінде дабыл лампасы жанады. Дабыл қағу қондырғысының поршенін бейтарап қалыпқа келтіру үшін тұру тежеуін жіберу қажет, оң немесе сол дөңгелектің клапанын 1\2 айналысқа бұрау керек, содан кейін тежеу педалін дабыл лампасы өшкенше баяу басу керек, одан кейін ауа шығаратын клапанды бұрап және оған қорғағыш қаптырма кигізу керек. ВАЗ-2108 автомобилінің тежеуіш жүйесінен ауа бірінші А контурының тежеу механизмдерінің цилиндрінен прокачка жасаумен (3.20- суретті қара), одан кейін В контурынан артқы тежеу цилиндрінен бастап шығарылады. ЗАЗ-968М автомобилінде тежеуіш жүйесінің прокачкасы ретімен жүргізіледі: алдыңғы сол дөңгелек, алдыңғы оң дөңгелек , одан кейін артқы контур сол дөңгелектен бастап. ВАЗ- автомобильдерінің тежеуіш педальдарының бос жүрісі тежеу жүйесінің ақауы жоқ кезінде және двигатель жұмыс істемей тұрған кезде 3....5 мм болуы керек; бекіту бұрандалығы босатылған кезде тежеу дабылқаққышы ұштығынан қозғалту арқылы реттеледі (3.23-сурет). Егер ажыратқыш педальға тым жақын болса, онда ол бастапқы қалпына толық келмейді және негізгі тежеу цилиндрінің 1 штогімен 2 поршеннің арасында саңылау болмайды, ол деген дөңгелектің толық тежелмеуіне әкеледі. Педальдің бос жүрісін ұштықты 18 бұрап шығару көмегімен орнына келтіру мүмкін болмаса, вакуумды күшейткіштің штогының 2 реттегіш бұрандасын 24 бірнеше рет қайтару қажет. ВАЗ 2105 және ВАЗ 2108 автомобильдерінде күшейткіш алынып тасталған кезде реттегіш бұранданың 24 негізгі цилиндр фланецінің бекітілу жазықтығына байланысты шығуын реттейді. Бұл өлшем 1,05...1,25 мм болуы керек. «Москвичң автомобилінде тежеу педалінің бос жүрісі 1...8 мм болуы керек, ол вакуумды күшейткіштің (3.24- суретті қара) итергішінің 26 ұзындығын өзгертумен реттеледі. Ол үшін итергіштің қарсы бұрандылығын босатып және тістеуікпен қысып итергішті бұрау керек. Итергішті вилкыға бұрағанда бос жүріс ұлғаяды, ал кері бұрағанда азаяды. Педальдің бос жүрісін қалыпты жағдайға келтіре алмаған жағдайда реттеуді бұранданың 31 көмегімен орындау қажет. ЗАЗ автомобилінің тежеуіш педалінің бос жүрісін 1,5...5 мм шамасына келтіру негізгі тежеуіш цилиндрінің артқы поршені мен итергішінің арасындағы 0,3....0,9 мм саңылаумен қамтамасыз етіледі. Ол тежеу дабылқаққыш ажыратықышын ондағы қарсы бұрандалығын босатып шығару арқылы реттеледі. 3.23-сурет. ВАЗ-2105 автомобилінің вакуумды күшейткіші. А-тежеу,б-педаль басылмаған, в-педальға басу тоқтатылған,г-тежелген 1-негізгі тежеу цилиндірі, 2-шток,3-вакуумды клапын, 4-қайтарымды серіппе,5-клапын корпусы, 6-диафрагмма, 7-күшейткіш корпусы, 8-қақпақ,9-шток буфері, 10-поршеннің тірек тілігі, 11-поршен, 12-күшейткіш клапыны, 13-клапын серіппесі,14-клапынның қайтарымды серіппесі,15-ауа тазартқыш,16-итергіш,17-тарту серіппесі,18-тежеу дабылқаққышын ажыратқыштың ұштығы, 19-итергіш айыры, 20-педаль, 21-қалпақша, 22-манжета, 23-нығыздағыш, 24-реттеуіш бұранда Қажет болған жағдайда бұл реттеу тежеу педалінен негізгі тежеуіш цилиндріне келетін итергішті бұрау арқылы қарсы бұрандалықты босатып орындау мүмкін болады.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 1762 | Теги: Тежеу жүйесіне ТҚ көрсету | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: