-->
Главная » Статьи » Разные

Тежеу жүйелерінің ақаулары
Автомобильдер жүргiзу қауiпсiздiгi тежеуiштердiң түзулiгiне және оны шебер пайдалана бiлуге байланысты болады. Пайдалану барысында жиi әрi кенеттен тежеуден аулақ болу керек, өйткенi ол тежеу колодкаларының фрикциялық жапсырма мен тежеуiш барабандарының жылдам тозуына соқтырады. Тежеуiш жүйелерiнiң түрлi ақаулары толық, бiрмезгiлде болмай немесе мүлде тоқтамауына әкеледi. Толық емес тежелу мынадай себептерден болады: гидравликалық және пневматикалық жетектердiң герметикалық болмауы; гидравликалық жетек жүйесiне ауаның енуi, ондағы тежеуiш сұйығының, тежеуiштiң пневматикалық жетегiндегi ауаның жеткiлiксiздiгi, тежеуiш механизмдерiн реттеудiң бұзылуы, тежеуiш колодкалары мен барабандар жапсырмасының тозуы және майлануы. Қосылыстардың герметикалық болмауын гидравликалық жетекте сұйықтың ағуынан немесе двигатель жұмыс iстемей тұрғанда пневматикалық жетектi жүйеде ауа қысымының төмендеуiнен байқауға болады. Ауаның сыртқы шығуын құлақ тосып есiту арқылы немесе сабынды көбiк көмегiмен анықтауға болады, ол үшiн ауа өткiзгiштерiнiң қосылысын сулап тығыз емес жерiн анықтайды. Егер ауа қысымы тек двигатель жұмыс iстеген кезде ғана төмендейтiн болса, онда бұл компрессордың ақаулы екендiгiн көрсетедi. Тежеуiш гидравлшикалық жетегi жүйесiне ауаның енуiн, оның педалының болар-болмас қарсылықсыз түсiп кетуiнен («педалдың құлап түсуiң) анықтауға болады. Гидраликалық жетектен ауаны «тежеуiштi айдауң арқылы шығарады. Бұл жұмысты екi адам мына жүйемен орындайды. Ең алдымен, басты цилиндрге тежеуiш сұйығы толтырылады., оның деңгейi құю тесiгiнiң жоғарғы жиегiнен 15-20 мм төмен етiп құйылады. Екеудiң бiрi оң жақтағы артқы дөңгелектың тежеуiш цилиндрiнiң қайта жiберу клапанынан резеңке қалпағын босатып алады да, клапан қалпақшасына ұзындығы 350-400 мм резеңке шланг кигiзедi. Шлангының екiншi шетiн ортан белiне дейiн тежеуiш сұйығы құйылған жарты литрлiк шыны ыдысқа салады да қайта жiберу клапанын 1/2 –3/4 айналымға бұрайды. Екiншi адам (көмекшi) тежеуiш педалын бiрнеше рет жылдамдата басып, сонан соң жайлап босатады. Бұл қимыл сұйыққа жiберiлген түтiктен ауа көпiршiгi бөлiнiп шығуы тоқтағанға дейiн қайталана бередi. Педальды әрбiр бес-алты қайтара басқан сайын, жүйеге ауа енбеуi үшiн, басты цилиндрге тежеуiш сұйығын үстеп құяды. Көпiршiктiң бөлiнiп шығуы тоқтаған кезде, тежеуiш педалын тiркелгенше басып тұрып, қайта жiберу клапанын нығыздап бұрайды. Қайта жiберу клапанына шланг алынып, соған резеңке қалпақша кигiзiледi. Сонан соң тежеуiш цилиндрiнiң басқа дөңгелектарынан ауа мына жүйемен шығарылады: әуелi алдыңғы оң жақтағы, алдыңғы сол жақтағы және артқы сол жағындағы дөңгелек. Гидравликалық жетекте ауа болмаған жағдайда және тежеуiш механизмдерi дұрыс реттелгенде, тежеуiш педалын басқан кезде, ол жүрiстiң жартысынан ртық төмендемеуi тиiс. Тежеуiш колодкасынан май ақаулы сальник арқылы енуi мүмкiн. Ақаулы сальниктi айырбастау қажет, колодка мен барабандарды бензинмен жуу, ал колодканың фрикциялық жапсырмасын рашпиль (түрпi) немесе болат щеткамен тазалау керек. Колодканың тозған жапсырмасы мен барабандарын айырбастайды. Колодка мен барабан аралығындағы саңылау үлкейген жағдайда, тежеуiш механизмiн реттейдi. Егер тежеуiштiң пневматикалық жетегiнде ауаның жеткiлiксiздiгi байқалса, онда ақаулығын анықтап, оны жөндейдi. Тежеуiштiң дөңгелекқа бiр мезгiлде әсер етпеуi салдарынан автомобильдiң (трактордың) ауытқып не сырғанап кетуi мүмкiн. Бiр мезгiлде тежелмеу себебiнен, жетектiң реттелуi мен тежеуiш механизмдерiнiң бұзылуы, тежеуiш жетегi бiлiкшелерiнiң қажалуы, түтiк өткiзгiштерi мен шланганың бiтелуi мүмкiн. Реттеу бұзылған болса, оны қалпына келтiру қажет. Егер бiлiкше қажалатын болса, оны алып тазалап, майлау керек. Түтiктер мен шлангалар бiтелген жағдайда, сығылған ауамен үрлеген жөн. Дөңгелектың тежеуiш механизмдерiнiң қажалуы салдарынан, тежелудiң тоқталмауы мүмкiн. Қажалудың себебi тежеуiш колодкасы жапсырмасының үзiлiп кетуiнен, тежеуiш барабанына олардың жабыса қатып қалуынан, колодкалардың қатайу серiппелерiнiң сынуынан, басты тежеуiш цилиндрiнiң ауа және компенсациялық тесiгiнiң бiтелуiнен, дөңгелекты бтежеуiш цилиндрлерiндегi поршеньнiң кептелiп қалуынан да болады. Тежеуiш колодкаларындағы жапсырманың жабыса қатып қалуын тежеуiш барабандарын қыздыру арқылы жоя алады. Сынған бөлшектер ауыстырылады. Басты тежеуiш цилиндрдегi бiтелiп қалған тесiктер мыс сыммен тазартылады. Поршень кептелiп қалған жағдайда дөңгелек тежеуiш цилиндрiн ауыстырады. Тұру тежеуiшiнiң ақаулығы барабан мен колодка (немесе тежеуiш лентасы) аралығындағы саңылаудың ұлғаюы нәтижесiнде болады. Бұл ақаулық тежеуiштi реттеу арқылы жойылады. Тұру тежеу жүйесінің ақаулары. Ақаусыз тұру тежеуі тоқтатылған автомобильді 23%- дан кем болмайтын еңістікте ұстап тұру керек және тұтқаны жоғары қарай ұстатқыш ілгешегінің 4-5 тісіне қозғалтқанда толық қосылуы,двигатель трансмиссиядан ажыратылып тұруы керек.Бұл жағдайлар орындалмаса реттеулер жүргізілуі қажет. ВАЗ-2105 автомобилінде тұру тежеуінің жетегінің тұтқасының жүрісі былай реттеледі: тұтқаны 2 шеткі төменгі жағдайға келтіру (23, в- сурет), одан кейін ұстатқыш ілгешегінің екі тісіне жоғары көтеру , тростың ұштығының қарсы бұрандалығының босатып және реттегіш бұрандалықты 15 трос 11 тартылғанша тарту ; қарсы бұрандалықты бұрап және қайтадан тұтқаның 2 жүрісін тексеру, ол толық тежелгенде 4-5 тіске қозғалу керек. ВАЗ-2108 автомобильіне тартқыштағы трос теңгергіштігіне қосылған реттеуіш бұрандалықты бұраумен реттеледі. «Москвичң автомобилінде тұру тежеуінің жетегінің тросының ұзындығы қарсы бұрандалық босатылып тұрғанда өздігінен реттеуіш бұрандалықтың 15 бұралуымен (23, а- сурет) өзгереді. Егер тростың ұзындығымен тежеу реттелмейтін болса, онда реттеуді мынадай ретпен жүргізу керек артқы дөңгелекті көтеріп тежеуіш барабанын шығару керек, реттегіш экеценриктің қарсы бұрандалығын бұрап алу керек, шинаға арналған күректің көмегімен тежеуіш колодканың төменгі тіреуге және айырғыш планкаға қысып ұстау керек, ал отверткамен реттегіш экеценрикті сағат тілінің бағытымен ойландыру керек режимді тұтқаның төменгі бөлігін 4...6 мм саңылау пайда болғанын қозғалтып (тростың ұштығы – ұстатқыш, табандатқыш –фиксатормен артқы колодка тогының арасындағы);оның қарсы бұрандалығын тарту крек; осы ретпен екінші дөңгелектің тежеу реттеу керек; барабанды кигізіп артқы механизімін тростың ұзындығын тұру тежеуінің жетеігінің тұтқасының жүру шамасымен реттеу керек. Тежеу көзқарасының фрикциялы жапсырмасының айтарлықтай желінген кезінде жоғарыда айтылған реттеулерді жасамас бұрын қысқыш планкасын қысқартылған ойыққа ауыстыру керек. ЗАЗ автомобильінде тежеудің механикалық қол жетегін (3.21 б - сурет) реттегіш ойықтың Б есебінде таянышты 23 алдыға қозғалту арқылы реттейді. Реттеуден кейін тұтқаның 2 жүрісін тексеерді, ол дөңгелек толық тежелмегенде 4-5 тістен аспауы крек. Ойықтың Б бүкіл ұзындығын қолданғанда тростың қосымша тартылуын саусақты 22 тұтқаның тесігіне 22 орын ауыстырумен іске асыралы. Тежеу щитіндегі тұтқа жүрісі тежеуіш колодкасының 9 жапсырмасының желіну есебінен және олардың тежеуіш барабан жаққа автоматты түрде жылжуынан көбейеді. Сондықтан тапсырмалар көп желінген кезде, тежеудің тиімділігі жоғарыда көрсетліген реттеулердің есебінен қаншамыз етілмесе қосылғыш пленкаларды 7 екі тежеуіштің де қысқартылған ойыққа Б орынын ауыстыру ұсынылады. Егер бұдан кейінде тежелу тұтқаны 2-3 тіске қозғалтқанда іске астын болса, онда тросты тұтқаның кронштейнн артқа қозғалтып немесе саусақты бастапқы қалпына келтіріп сәл босату керек. Жұмыстық тежеу жүйесiнiң ақаулары. Бұл жүйенiң жұмыстық тежек жүйесiнiң ақауларының нышандарына: жұмыстық тежеудiң әлсіз әсерi, тежеу педалiнiң шектен тыс немесе толық жүрiсi; бiр өстегi дөңгелектi тежеу механизмiнiң әртүрлі әсерi, тежеу кезiнде дөңгелектiң толық тежелмеуi немесе тұтылып қалуы: дискiлердiң және тежеу барабандарының қатты қызуы: педалдi жiбергенде бiр дөңгелектiң тежелiп қалуы; тежеу педалiне түсiрiлетiн күштiң көбейiп кетуi; тежеу кезiнде автомобилдiң сырғанап ауытқуы немесе алып қашуы; дөңгелектiң тежеу механизмiнiң дiрiлi; двигатель от алып тұрғанда өздiгiнен тежелуi; тежеу сұйықтарығының тамуы; Жұмыстық тежеудің әлсіз әсері тежеу жолының өсуімен айқындалады. Жол қозғалысы тәртібіне сәйкес жеңіл автомобильдің жұмыстық тежеуі жетегінің педальына бір рет басқан кезде құрғақ тегіс жол бөлігінде таза цемент немесе асфальт бетонды төсемде бастапқы жылдамдық 40 км/сағ кезінде 14,5 м-ден аспауы керек. Тежеудің әлсіз әсер етуінің себебі: гидравликалық жетектен сұйықтықтың тамуы немесе оған ауаның кіруі, фрикциялы жапсырмаларға дөңгелек күпшегінің сальниктерінің және жартылай остерінің желінуінің нәтижесінде майдың тамуы; дөңгелек цилиндрлерден жапсырмаларға тежеу сұйықтығының тамуы; фрикциялы жапсырмалардың желінуінің нәтижесінде дөңгелекті тежеу механизмдеріндегі саңылаудың бұзылуы; дөңгелекті цилиндрлерде поршеннің кептелуі; тежеу механизмнің қызып кетуі. Бұл ақауларды жою үшін желінген бөлшектерді ауыстырады; фрикциялы жапсырмаларды және тежеу барабандарын жуады және сүртеді; қосылыстарды тартады; жүйедегі сұйықтықты нормаға келтіреді; оны прокачка жасайды.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 2241 | Комментарии: 1 | Теги: Тежеу жүйелерінің ақаулары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: