-->
Главная » Статьи » Разные

Тежеу педалінің толық жүрісі
Тежеу педалінің толық жүрісі педальдің бос жүрісі мен оның жұмыстық жүрісінен құралады. Егер педальдің бос жүрісі оның жеңіл қозғалысымен сипатталатын болса, онда негізгі цилиндрден дөңгелек цилиндрлеріне сұйықтық берумен және қатты серіппені тартумен байланысты жұмыстық жүріс басталғанда педальді қозғалтуға түсірілетін күш тез көбейтіп кетеді. Тежеу педалінің қалыпты жүрісі; ВАЗ автомобильдерінде 140 мм шамасында, «Москвич» автомобилінде 150+5 мм, ЗАЗ автомобилінде 90-95 мм. Тежеуіш педалінің жұмыстық жүрісінің ұзарып кетуі, қоректендіргіш қалбырдағы сұйықтық деңгейінің төмендеп кетуінен; тежеу жүйесінің герметикасының бұзылуы; жүйеге ауаның кіруінен; колодка мен тежеу барабанының арасындағы саңылаудың өсуімен; колодкалардың фрикциялы жапсырмасының көп желінуінен; негізгі тежеу цилиндріндегі резиналы нығыздағыштардың желінуінен болады. 3.24-сурет. «Москвич-2140ң автомобилінің негізгі тежеуіш цилиндрі және вакуумдық күшейткіші 1,3-нығыздағыш манжеталар, 2-пластинаті жібергіш клапыны, 4-тірек шайбысы, 5,9-бірінші және екінші жазықтықтағы цилиндр поршені,6,7-қайтарымды серіппелер,8-негізгі тежеуіш цилиндірінің корпусы, 10- тесік,11-қоректендіргіш қалбыр, 12-қақпақ, 13-шектеуіш штифт,14-қайтаратын тесік, 15-кері клапын, 16-күшейткіш цилиндірі,17-диафрагма, 18-тірек сақинасы,19-поршен секторы (12-нің біреуі), 20-поршен жүрісіне тірек,21-цилиндірдің қақпақшасы,22-қос клапын седлосы,23-поршен итергішінің тірегі, 24-қорғағыш қаптарма, 25-ауа тазартқыш,26-итергіш,20,31-ретегіш бұрандалық және бұранда, 28,32-қайтарма серіппелер,29-қос(вакуумды және ауалы)клапын,30-итергіш Бұл ақауларды орнына келтіру үшін қоректендіргіш қалбырдағы сұйықтық деңгейін тексереді. Ол ВАЗ-2105 автомобилінде құю тығынының мойнына дейін, ВАЗ-2105 автомобилінде және «Москвич-2140ң автомобилінде «максңдеген белгіге жақын, ЗАЗ автомобилінде қалбырдың құю мойнының шетінен 30...32 мм төмен болуы керек. Сұйық тамбағанда да сұйықтық деңгейінің ақырын- ақырын төмендеуі тежеуіш механизмдерінің колодкаларының жапсырмасының желінуінен. Сұықтық деңгейінің «минң белгісіне дейін түсуі олардың әбден желінгенін білдіреді. Жүйенің герметикасының бұзылғанын тапқан болсақ, оны тез арада орнына келтіру қажет. Егер сұықтық қоректендіргіш қалбырдан кетіп жатса, ал тамып тұрған жер табылмаса, онда оның себебі күшейткіш жағынан тежеуіш негізгі цилиндрінің нығыздағышының бұзылғаны болуы мүмкін. Тежеу сұықтығы күшейткіш камерасына өтіп кетіп двигательге сорылуы мүмкін. Тексеру үшін двигательдің сору түтігінен вакуумның күшейткіш шлангысын ажырату керек, күшейткіш қақпағынан вакуумды клапанды шығарып оны қарау керек. Көрсетілген ақау табылған кезде, бізге тежеу сұйықтығының ізі анық көрінбейді. Бұл ақауды жөндеу үшін негізгі тежеуіш цилиндрін бөлшектеу қажет болады. Қарастырылатын автомобильдерде дөңгелекті тежеуіш цилиндрлері фрикциялы жапсырмалар мен тежеу барабанына немесе дискісінің арасындағы саңылауды автоматты түрде реттелуін қамтамасыз еткендіктен, онда саңылаудың өсіп кетуі, дөңгелекті цилиндрдің ақауының барлығының куәсі. Автоматты реттеуді іске келтіру үшін, яғни дөңгелекті цилиндрдің поршені тіреу сақиналарын қозғалтуы, 90 км/сағ жылдамдықпен алдыға қозғалып, құрғақ тас жолда (шоссе) шұғыл 5-6 рет тежеу қажет, одан кейін артқа қозғалып бірнеше шұғыл тежеулер жасау керек. Егер бұл тәсілдер ақауларды орнына келтірмесе, онда дөңгелекті цилиндрлерді алып, бөлшектеп тексеру қажет. ВАЗ-2105 автомобилінің алдыңғы дөңгелегінің тежеу колодкаларының жаңа фракциялы тапсырмаларының қалыңдығы 11 мм болады және 1,5 мм-ге дейін жұмыс істейді,одан кейін жаңасына ауыстыру қажет. Жапсырмалардың күйін тексеру үшін дөңгелекті оңға және солға бұру қажет және оң және сол тежеулердің колодкаларын қарау керек. Тежеу дискісімен фрикциялы жапсырманың арасындағы саңылау 0,1 мм болу керек. Тежеу дискісінің минималды шекті қалыңдығы 9 мм-ді құрайды. Тежеу колодкаларын ауыстыру үшін шплинтті 11 (3.19- суретті қара) және саусақты 10 серіппесімен шешеді. Колодканы 2 және серіппені 12 шығарады. Цилиндр ішіне поршенді абайлап орнатады. Жаңа колодканы, одан кейін саусақты, серіппені және шплинтті алдын ала саусақ бетіне кез келген пластикалық майлауды жағып алып орнатады. Артқы дөңгелектің тежеу механизмі ақаусыз болған кезде тежеу барабаны мен колодканың арасына 0,10....0,15 мм саңылау қойылады. Тежеу барабанының күпшегінің сыртқы жағынан тесігі бар машиналарда оны жалпақ щуптің көмегімен тексереді. Артқы дөңгелек тежеу колодкаларының минималды қалыңдығы 2 мм болады, ал жөндеуден кейінгі тежеу барабанының номиналды диаметрінің (250 мм) ең көп өсуі 1 мм-ден артық жіберілмейді. Көп желінген бөлшектер ауыстыруды талап етеді. Тежеу барабаныны шешу дөңгелекті шешкеннен кейін бағыттағыш штифтерді ағыту қажет, оларды барабанның технологиялық тесіктеріне кіргізіп, барабан бөлінгенше бұрау керек. Бір остің дөңгелекті механизмінің әсерінің тең болмауы және шұғыл тежеу кезінде автомобильдің ауытқуы бір жақтағы бір немесе екі дөңгелектің фрикциялы жапсырмасының майлануынан сұйықтықтың тамуынан немесе жұмыстық тежеуіш цилиндрлердің біреуінде поршеннің қысылып қалуынан, артқы дөңгелек гидравликасының жетегінің қысым реттегішінде ақау болуының нәтижесінде болады. Ақаудың себебін табу үшін барлық өткізгіш түтіктерді қарап шығу керек, майланған бөлшектерді жуып сүрту керек, қажет болған жағдайда тежеуіш цилиндрдің желінген бөлшектерін және майысқан түтіктерді ауыстыру керек, қысымды реттегішті ауыстыру керек. Дөңгелектің толық тежелмеуі тежеу педалінде бос жүрістің болмауынан негізгі тежеуіш цилиндрдегі айдау тесіктерінің бітеліп қалуынан негізгі немесе дөңгелек цилиндрлерінде поршеннің қысылып қалуынан, колодканың тарту серіппесінің үзілуінен немесе босауынан, фрикциялы жапсырманың үзілуінен, жұмыстық цилиндрдегі поршеннің тіреу сақинасына дейін толық ағытылуы (москвич, ЗАЗ) алдыңғы тежеудің супортының босауы(ВАЗ,москвич) тұру тежеуінің дұрыс реттелмеуінен. Барлық дөңгелектердің толық тежелмеуі вакуумды күшейткіштің ақауы болған кезде байқалады (корпус клапанының қысылып қалуы, күшейткіш қақпашасының нығыздағышының немесе қорғағыш қалпақшаның қысылып қалуы, реттеуіш бұранданың негізгі тежеуіш цилиндрінің жазықтығымен салыстырғанда шығу мәнінің бұзылуынан). Тежеуіш барабандарының біреуі қатты қызған кезде барабанды шешіп, колодканың серіппелерінің күйін және де жұмыстық тежеуіш цилиндрінде поршеннің жеңіл қозғалуын тексеру керек. Сынған серіппелерді және цилиндрлердің жарамсыз бөлшектерін ауыстыру керек. Сынған серіппелерді және цилиндрлердің жарамсыз бөлшектерін ауыстыру керек. Артқы дөңгелектің тежеуіш барабандарының қызып кетуі тұру тежеуіш жетегінің дұрыс реттелмеуінен де болуы мүмкін, «Москвичң және ВАЗ автомобильдерінде алдыңғы дөңгелектің тежеуіш дискісінің қызып кетуі цилиндрде поршеннің қысылып қалуының немесе бұрылу тіреуінің кронштейнна супортты бекітетін бұранданың босауының нәтижесінде болуы мүмкін. Педальді босатқанда дөңгелектердің біреуінің тежелуі артқы дөңгелектің тежеуіш механизмнің колодкасының тартқыш серіппесінің босап кетуінен немесе сынып қалуынан, дөңгелекті цилиндрде поршеннің коррозияға ұшырауынан немесе нығыздағыш сақинаның ісініп кетуінен, супорттың тежеуіш дискісімен салыстырғандағы жағдайының бұзылуынан болады. Барлық жағдайда жарамсыз бөлшектерді ауыстыру немесе олардың бекітілуін қалпына келтіру керек, тиімді тежеу болуы үшін педальға түсірілетін күшті көбейту күшейткіштің ауа фильтірінің бітеліп қалуынан диафрагманың ісінуінен күшейткішті шығару двигательдің құбыр сымымен жалғайтын ваккум шлангысының тығыз бекітілмегенінен немесе бұзылғанан, тежеу сұйықтығына бензиннің минералды май т.б. тиуінен цилиндрлердің нығыздығышының ісініп кетуінен болады. Тежеу кезінде автомобильдің ауытқуы немесе алып қашуы дөңгелекті цилиндрдің поршеннің қысылып қалуынан, қандайда бір құбыр сымның тығындалып қалуынан, дискілердің былғануынан немесе майлануынан алдыңғы дөңгелектің орнату бұрышының бұзылуынан және бір остегі шиналардың қысымының әр түрлі болуынан, ақауларды орнына келтіру үшін жарамсыз бөлшектерді, құбыр сымды ауыстыру немесе тазалау керек. Тежеу жүйесіне прокачка жасау, қысым реттеуішінің жетегін реттеу, алдыңғы дөңгелектің орнатылуын тексеру, шинадағы қысымды қалыпты жағдайға келтіру керек. Дөңгелектің тежеуіш механизмінің тербелу немесе ысқыруы артқы дөңгелек тежеуіш механизмінің колодкасының тартқыш серіппесінің босауынан болуы мүмкін, тежеуіш барабанның сопақтануынан, фрикциялы жапсырмалардың майлануынан, тежеуіш дискісінің шектен тыс ұрылуынан немесе бір қалыпты желінбеуіне болады. Ақау тартқыш серіппесін ауыстырумен орнына келтіріледі. Тежеуіш барабанын немесе дискісін ажарлау және қырнау, жапсырманы темір щеткамен тазалау және оны жуу құралдарымен жылы суға жуу (алдын ала тежеуіш колодкаларына майдың таму себебін анықтап алғаннан кейін), тежеуіш колодкаларын ауыстыру керек. ВАЗ автомобильдерінде гидравликалық жетекте двигатель жұмыс істеп тұрғанда өздігінен тежелуі мүмкін, ол клапан корпусымен және қорғағыш қалпақшасының арасындағы күшейткіште ауаның сорылуынан, қалпақтың нығыздағышының қисауынан немесе сенімсіз табандатылғанынан, және де оның жеткілікті майланбағанынан. Ақау ваккумды күшейткішті ауыстырумен немесе нығыздағыштың жұмыс істейтін бетіне ЦИАТИМ-221 немесе Литол –24 майлағышын жағумен орнына келтіріледі.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 899 | Теги: Тежеу педалінің толық жүрісі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: