-->
Главная » Статьи » Тарих

ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы

ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы. Қазақстандағы ашаршылық тек 1921 жылмен шектелмейді, одан әлдеқайда бұрын басталды, бірак оның мөлшері, халықтың шеккен зияны әлі толық анықталмай келеді. Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бәрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең әуелі орталықтың мүдцесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.

Дегенмен бұл жылдары Қазақтың көшпелі және жартылай кешпелі шаруашылықтарының көпшілігінің бірте-бірте ұсақ товарлы укладқа көшуі қазақтың еңбекші шаруаларын кооперацияға тартуды жеңілдетті, қазақ аулында колхоз құрылысының жеңуіне белгілі алғы шарттар жасады.

Ауылшаруашылық сайманын жөндеумен айналысқан жүздеген мастерскойлар пайда болды, ауылшаруашьшық саймандарын арнайы "жөндеу апталығы" еткізіліп отырды. Кедейлер егіндігін бірлесіп жырту үшін бірікті. Ауыл мен селоларда егіс науқанына әзірлену жөнінде сенбіліктер мен жексенбіліктер өткізіліп отырды, суармалы егіншілік аудан-дарында каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп жатты. Машинаны жалға беретін түңғыш пункттер жұмыс істей бастады. Шаруалар астығын, картофелін, етін өткізіп, өнер-кәсіп товарларын сатып алып отырған базарлар ашылды. Өлкенің шаруашылық өмірі көркейіп, азық-түлік қиыншы-лықтары бәсеңцей түсті.

Сол кезде Қазақстанда тұрғын елдің салтына, түрмысына, шаруашылығына қарай шешетін мәселенің бірі жер мәселесі болды. 1921 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Кіндік комитеті Декрет шығарды. 1917 жылға шейін Қазақстан кесіп алынса да, қара шекпендер орналастырылмай бос жатқан жерлер еңбекшіл қазақ еліне қайтарылады деді. 1921 жылдың 19 сәуіріңце Ертіс және Ащыкөл бойывдағы ені 10 шақырымдық және Жайық бойындағы ені 10 шақырымдық жерлер еңбекшіл қазақ халқына қайтарылсын деді. Мүны шығарушы да Қазақстан Кіндік комитеті. Сонымен көп жылдан бері үздіксіз таласа, тармаса, жалдап алып, неше қиындықтармен, пайдаланып келе жатқан жерлеріне қазақ елдері қайтадан орналасатын болды.

1922 жылдың 26 тамызында федеральдық комитет құрама республикаларда жер ісін қарастыратын мекеме мен ВЦИК "Қазақстанда еңбекпен пайдаланудьщ нецзгі заңын" бекітіп шығарды. Бұл негізгі заң 31-тамыздан бастап іске аса бастады. Сол "негізгі заңның" 32-33-баптарына ескерту бар. 32-бап бойынша әркім пайдаланып отырған жеріне түпкілікті орнығып иеленіп отыра береді. Бірақ, ол жерді съездер иә жер мекемелері заң бойынша берсе, ғана сол пайдаланып отырған жеріне ие болмақшы. Сонымен мейлі қазак, мейлі орыс, мейлі қай тек болсын, Қазақстанда еңбекпен жер пайдаланамын десе, іс жүзінде пайдаланып отырса да даулы жерге съездердің, нә жер мекемелерінің заңға сыйымды рұқсаты болу керек.

Осы "негізгі заң" артынан 1922 жылдың 30 қазанында "земельный кодекс" деген бүтін Ресейге арналып заң шықты. Автономиялы республикалар үшін айрықша сол "кодекске" толықтырулар және өзгертулер енгізіліп, 1923 жылдың сәуірінде жарияланды. Сол өзгерту бойынша Қазақстанның ішінде енбекпен жер пайдалану жайындағы "негізгі заң", онын, бер жағында 32-бап пен 33-баптың ескертуі қайтадан бекітілді. Екінші "Земельный кодекстің" жалпы мағынасына қарағанда, пайдаланатын жердің ауданы бері болса күн көруге жетерлік, әрі болса әркім өз еңбегімен игерерлік болуға тиісті. Бірақ, үйге, шаңыраққа, адам басына пәлен десятинадан берілсін деп айтылған сөз жоқ. Және "Земельный кодекстің" айтуы бойынша, ең әуелі жерге тұрғын халық орналасуы керек. Ең әуелі түрғьш халықты жерге орналастыру керек (16-баптың 6-ескертуі). Жер жайывда кезекті нүсқаулар, ережелер, жолдар шығарып түруға белгілі мөлшерде автономиялы республикаларға ерік берілген. Бір жерге переселен аудару мәселесі ВЦИК-тің билігінде (223-бап), бір жерден бір жерге қоныс аударуға — переселен болуға, яки қоныс іздеуге әркім ерікті. Тетенше уақытта ресейлік жер комитетіне бекіттіріп алып, автономиялы республикалар зорлап алуға еркі бар.

Сонымен ЖЭС Совет өкіметін нығайту, Қазақстанда түбірлі социалистік қайта күрылыстарды жүзеге асыру (қазақ ауылын советгендіру, 1921-1922 ж. жер-су реформасын жүзеге асыру, егістік және шабындык, жерлерді қайта бөлу) барысында ауылдық және шаруалар Советтерін пролетариат диктатурасының органдарына айналдыру, жер мәселесівдегі отаршылдықтың қалдықтарын жою, ауылды экономика мен түрмыстағы патриархалдық-феодалдық институттарынан тазарту міндеттері қоса шешідді.


Категория: Тарих | Добавил: admin_ (07.11.2013)
Просмотров: 15332 | Теги: ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикас | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: