-->
Главная » Статьи » Тарих

Наймандардың пайда болу тарихы

Наймандардың пайда болу тарихы

Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше "найман” атауы моңғолша "сегіз” деген сөзді білдіреді. "Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап "сегіз оғыздар”, кейінірек "цзбу-бу” одағын құрап келді. "Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: "наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. "Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, "Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі "найман аймақ” ("сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан "найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы "сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.


Найман деген сөз туралы да әр түрлі сөз бар. Профессор Березин «найман деген сөз - мағол тілінше сегіз деген сөз, сегіз ру ел болғандықтан айтылған» дейді. Аристов «найман деген Катуни өзенінің бір айрығы еді, сол өзен атыменен қойылған» дейді. Ескі заманда найман көп ел болған, Шыңғыс хан тұсында Таң, Бұйрық деген ағайынды екі хан билеп, екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найманның бір бөлегі күнбатысқа қашып барып, осы күнгі мағол ішінде мағол болып қалған наймандар - соның нәсілі. Бұл найманның да көбі жер жүзіндегі түрік нәсілдерінде бар. Орта жүздегі найман, біздің қазақтың ескі сөзінше, Софы мырза дегеннің нәсілі. Оны Баба мырза деген інісі өлтіргенде, Софы мырзаның тоқалының жалғыз баласы Өкіреш қазақ ішіне көшіпті. Осы сөз Әбілғазы ханның сөзіне тура келеді. Себебі Әбілғазының әкесі араб Мұхамедханды өлтіріп, «орнына хан қоямын» деп Софы мырза Самарқандтан Хысырау деген хан нәсілді біреуді алып келгенде, араб Махмұд біліп Хысырауды өлтіріп, Софы мырзаны өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі Баба мырзаға бергенде, «мен ханға дұшпан кісіні аға қылмаймын» деп өз ағасын өзі өлтірді деп жазады. Орта жүздегі найманның бергі аталары туралы жазылған Спасский, Аристов, Маевский деген орыс жазушыларының сөзінде шатақ қаталары көрінді. Біздің білуімізше, орта жүздегі найман атасы - Софы мырза, оның баласы - Өкреш, оның үш баласы - Домбауыл, Сүгірше, Саржомарт. Домбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып терістаңбалы атанды. Сүгіршенің баласы - Қытай, оның баласы - Төлегетай, оның төрт баласы - Қаракерей, Матай, Садыр, Тортуыл. Қаракерейдің екі баласы - Байторы, Ерторы. Байторының баласы - Байыс жәке асырап алған Ақнайман. Ерторының баласы - Байсиық және асырап алған Қарамолда, Байыстың бәйбішеден төрт баласы - Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахмедқұл, Сары. Мәмбетқұл жас күнінде өкпешіл болып, қыржиып отыра бергеннен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбан атанып, Ахмедқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан екі баласы - Тума, Тоқбақ және тоқал асырап екі бала - Бошатчы, Байғана. Және Байыстың Мақта апай деген бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп, Ержігіт, Байжігіт деген екі бала тауып, Ержігіт сартпен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт мұнда қалған. Жоғарыдағы Сарының қатынының аты Мұрын екен, Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды; жоғарғы Байсиықтың төрт баласы - Жанғұлы, Меңлібай, Төбет, Ақбелбеу. Бұл төртеуіменен асыранды Қарамолда ыәсілі Семіз найман атанды. Жоғырғы Матайдың үш баласы - Аталық, Кенже, Қаптағай - Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы Қызай атанды. Жоғарғы Сарыжомарттың бәйбішеден - Қаратай және тоқалдың төрт баласы - Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз. Бұл төртеуі нағашысы Уақ ішіне кетіп, күні бүгін ергенекті уақ атанып кетті. Оның себебі, Саржомарттың нәсілі Ергенек таңба салып, ергенекті найман атанып еді. Сол себептен бұлар Ергенекті атанды. Бірақ халықтың көбі оларды уақ деп кетті. Саржомарттың және асыранды баласы - Бура және шешесіне еріп келген күңінен туған - Балталы, Бағаналы және бір құлы - Көкжарлы.[7].




Источник: http://sheriazdanov.ucoz.kz/najmandardy_pajda_bolu_tarikhy.docx
Категория: Тарих | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 1441 | Теги: Наймандардың пайда болу тарихы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: