-->
Главная » Статьи » Тарих

Қазан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ комитетері құрылуы және қызметі.

Қазан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ комитетері

құрылуы және қызметі. 1917 жылы қазанда Петроградта және оның маңайыңда социалистік революцияның жеңіп шығуы үшін партияның басшылығымен Қызыл гвардияшылардың, революцияшыл солдаттар мен матростардың 250 мың жауынгерінен түратын екпінді отряд жасақталды. Осы басты үш күш 24 қазанда таңертең шабуылға шығып, сол күннің кешінде көтерілістің орталығы Смольныйға В.И.Ленин келгеннен кейін, көтеріліс өзінің шешуші кезеңіне көшті. 25 қазанда (қарашаның 7) таңертең Петроград Советі жанындағы Әскери-рев. Комерция-лық комитет В.И.Ленин әзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді жариялады. Онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны хабарланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд "Жұмысшыларға, солдатгарға және шаруаларға" үңдеудегі бүкіл өкімет билігінің Советтерге көшкенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етгі. Съезд Бейбітшілік туралы, Жер туралы декретгер қабыддап, БОАК-ті сайлады. Совет үкіметін-Халық Комиссарлары Советін құрды. Оның Председателі болып В.И.Ленин бекітілді. Жаңа заман басталды.

Совет үкіметінің алғашқы актілерінщ бірі "Россия халық-тары праволарының Декларациясы" болды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі принциптері: Россия халықтарының тендігі мен суверендігі, олардың өзінің мемлекет құрылысын өзі шешу правосы жарияланды. Ұлттық және этникалық азшьшық пен топтардың еркін дамуы, ұлтгық және діни артықшылықтарды жою-Совет өкіметінің ұлт программасы, міне осындай еді.

Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің салтанатты шеруін бастады. Поволжьеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуідцеді. 1917 ж. 30 қазанда Қазақстаңда алғаш рет екімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен гарнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мұнда дербес большевиктік ұйым құрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысының әкімшілік орталығы Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентге, Қазалыда т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен кейін — 22 қарашада Петропандца, 27 желтоқсаңца Ақмолада өкімет билігі Советгер қолына көшті. Оның кщіру себебі Сібір казакгарының ауқатгы бөлігіне арқа сүйеген эсерлер мен меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті. Ұсақ буржуазиялық қайрат-керлердің казактардьщ офицер-атаман топтарымен бірііуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меньшевиктер мен эсерлердің қатысуымен, "әскери үкімет"құрыдды. Ол Совет екіметімен күреске әзірлік жұмысьш өз қольша алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде үсақ буржуазиялық "делегаттар жиналысының" қолшоқпары басшылық етті. Бұл жерлерде казак полкгерімен, жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті халықтардың буржуазияшыл-дарьшан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орал өңірі Қызыл гвардия-шыддармен ашықтан-ашық Қазақставда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті.

Басқа жол, басқа әдісті әлі танып-білмеген қарапайым халықтың басым бөлігі коммунистердің соңына еріп, ал мүвдай әрекетгің арты немен аяқталатынын әуелде жақсы түсіне алмады. Олар өз арасынан комиссарлар сайлап Совет үкіметін қолдады.

Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамывда ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық саяси тұтастық және негізгі мақсатгар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты.

Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан бастадцы.

Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер.Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті (үшінші) съөзін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан түратын мқлиция формасындағы ұлтгық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.

Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шідденің 21-28-інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съөзінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Аддымен мемлекет қүрылысы қаралды: "Русиядемократическая, парламентар-ская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс" деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.


Категория: Тарих | Добавил: admin_ (07.11.2013)
Просмотров: 1361 | Теги: 1917 жылы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: