-->
Главная » Статьи » Тарих

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965 ж.ж.)

Бейбіт тұрмысқа өтуі. Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық  байлығыньщ үштен бірінен айрылды.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру максатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация):

       1945 жылдың шілде - қыркүйегі - бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

       1945-1948 жылдар - 8,5 млн. адам босатылды.

       1946 жылғы 18 наурыз - 1946-1950 жьтдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды. Міндеттері:

1.       Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.

2.       Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез карқынмен дамыту.

Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға каржы бөлінді.

Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт түрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.

 Бесжылдық құрылыстары:

       1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара жэне түсті металлургия, тау-кен жэне көмір өнеркэсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.

       Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.

       Актебе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.

       Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды.

       Екібастүзда     көмір   кесіндісінің қүрылысы аяқталды.

       Маңғыстауда жаңа мұнай кэсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай ендіру-52%-ға артты.

50-жылдардыц басында республикадағы кәсіпорын саны -65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:

       Семей илеусығынды зауыты өнім бере бастады.

       Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.

       Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.

Көлік жүйесі кеңейе түсті:

       1950 жылы үзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жолы салынды.

       Жамбыл-Шолақтау темір жолы іске қосылды.

Байланыс ісі жақсартылды:

       Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды.

       1949 жылғы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды.

       Радио жүйесі            40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты.

Жеңілдетілген бағамен 1 млн. астам ірі кара, жылқы, қой сатылды.

-       17,5 мың ірі қара, 22 мыңдай жылқы, 350 мың қой тегін берілді. Шаруашылықта       жұмыс  қолының жетіспеуінің себептері:

1.       Соғыс көзінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты.

2.       Жүз мындаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. (603 мындай)

3.       Соғыста тірі калғандардың бір бөлігі елге оралмады.

4.   Қазақ шаруалары ашаршылық жылдары аштықтан қырылды және басқа елдерге көшіп кетті.

5.       Жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды.

Республикадағы жұмыс қолдарының жетіспеуін жою, жұмысшы-мамандарды көбейту максатында еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылды.

КСРО-ның соғыста          қираған шаруашылығын қалпына келтіру аса күрделі жағдайда жүргізілді. АҚШ пен КСРО арасындагы қарым-қатынас шиеленісе түсті:

       Сталиндік басшылық КСРО дұшпандық пиғылдағы капиталистік қоршауда отыр деп есептеді.

       Ел қаражаты әскери-өнеркәсіптік кешенді жетілдіру мақсатына жүмсалды.

1952 жыл - Сталиннің «КСРО-дағы социализмніц          экономикалық проблемалары» еңбегі жарияланды.

-       Тауар-ақша қатынастары өнімдер айырбасымен алмастырылады.

-       Халыктың өскелең талабы өндірістің мүмкіндіктерін басып озады. Осы жазылған «экономикалық зандылықтары»       арқылы тауар тапшылығының үстемдік етуін ақтап берді.

Көсемнің «өнімдер айырбасы» туралы данышпандық тезисін БК(б)П XIX съезі қолдап, социалистік қоғамның капитализмнен «сөзсіз артықшылығы» туралы идеяны насихаттады.

2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.

II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.

Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта қүрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт түрмыс өнімдерін шығара бастады.

Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.

Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.


Категория: Тарих | Добавил: admin_ (07.11.2013)
Просмотров: 5672 | Комментарии: 1 | Теги: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 салтанат   (21.01.2016 08:36)
Сабак жоспар керек


Имя *:
Email:
Код *: