-->
Главная » Статьи » Тарих

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы. Қазақстан экономикасына шетелдер инвестициясының тартылуы  және онын пайдасы мен зияны. Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін неге тартымды?
     Біріншіден:Қазақстан қазыналы ел.

Минералдық қазба байлыктар қорынан дүниежүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстанның алатын орны1 мынадай:

вольфрам — 1 орын                                                         

хромит — 2 орын                                                            

фосфор - 2 орын                                                            

марганец — 3 орын

уран — 3 орын                                                                 

қорғасын — 4 орын

молибден — 4 орын

мырыш — 5 орын

мыс — 6 орын                                                                 

күміс - 7 орын

темір рудасы — 8 орын (371 жылға жетеді)

көмір — 9 орын

никаль — 10 орын

мұнай - 12 орын (81 жылға жетеді — 7 орын)

Қазақстан жерінің көлемі жағынан әлемде 9-орынды халқының саны жағынан - 71-орын алады.      

Бұрынғы Совет елінде Қазақстан қазына байлықтар қоры жағынан алдыңғы орынды алатын.          

Екіншіден, Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекетгік қолдану туралы" заң қабылданған. Ол республикадағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бұл құжат инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Жаңа кепілдіктер инвесторлардың бәсекеге түсу еркіндігін, бір жағынан өз бәсекелестеріне деген қарым-қатынас жасау құқықтарын, екінші жағынан — кәсіпкерлік қызмет түрлерінің еркіндігін, яғни, олардың мемлекетке деген қарым-қатынас жасау құқықтарын қамтамасыз етеді .

Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялар үшін тартымдылығы мынада. Әлемде 50-ден астам сирек метаддар бар. Олар жер бетінде аз, көп кездеспейді. Бірақ алынуы қиын; қолға қиямет-қайым қиындықпен түседі. Шартгы айтқанда, етіп бара жатқан XX ғасырда түсті металдар заманы десек, келе жатқан XXI ғасырды сирек металдар ғасыры деп атауымызға болады. Бұл жаңа ғасырдың басты бір бағдары.

Сирек металдар кез келген жерде кездесе бермейді, олар таза күйінде жалпы үшыраспайды, басқа түсті метаддардың құрамынан жоғары технология жәрдемімен алынады. Қазакстанда олар Алтай таулары мен Сарыарқа даласында шоғырланған. Қазақстан жер бетінде сирек металдар бойынша Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америка секілді аса бай олке. Біздің кен орындарында кездеспейтін сирек металл жок десе де болады. Уран мен вольфрамды (екеуінен де Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынды алады) былай қойғанда кен орындарынан тантал мен титан, ниобий мен цирконий, рений мен гелий, молибден мен ванадий алынады.

Бұл ғасырды уран мен берилийдің заманы деп атайтын боламыз. Қазақстандағы бұл қазыналы куаттың мол екені келешегіміздің көкжиегін де аңғартады. Президент Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы қыркүйекте Америкаға барып БҰҰ саммитіне қатысқан кезде американдық фирмалармен бірнеше маңызды келісімдерге қол қойьщды. Соның ішінде берилий мен уран жөніндегі қол қойылған шарт ерекше аталды. Уран да, берилий де ғасырдың аса ғажап та қажет қымбат металдары. Бұл екеуіне ғана арнайы келісім-шарттың жаса-луында үлкен мән-мағына жатыр.

Әлемдегі бар уран қорының төрттен бірі Қазақстан жерінде жатыр. Оның мөлшері 926 мың (яғни миллиондай тонна), ал әлемдік қоры 4 миллион тоннаға барады1. Қазір дүние жүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран шығатын болса, қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарап-ақ есептей беріңіз.

Одан қуатты мұнайға қарағанда он мың есе көп алуға болады. Әзірге бар уранның он пайызы да пайдаланылып отырған жоқ.

Бір тонна рудадан 0,045-0,06 грамм таза уран алуға болады. Бұл кен орнын 1976 жылы Волков экспедициясының геологтары Н.Петров пен Л.Павлов ашқан. Ал қазір Созақ жерінде үш рудник істейді. Оларда уранды жер астынан Қышқылдың күшімен ерітіп, сорғытып алады.

      Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бәрі уранға толып тұрған секідді. Уран өндіру қарт Қаратау қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағыныңтүңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденновск, Мыңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңіріңде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.

Ондағы уранның сапасы қандай?

Жерінің беті көріксіз болса да асты қазына екен. Сондай жер  Маңғыстау даласында, Көкшетау, Атбасар аймағында табылып, Ақтауда, Ақмолада аса ірі комбинаттар жұмыс істеді. Сондықтан да біздің еліміз уран қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алып отыр. Кеңес заманында атомы  қаруы шұғыл қажет болғанда іздегенде уранның мол қоры осы қазақ даласынан табылған. Содан сол ураннан жасалған атом бомбалары сыналып, жарылып сол мол уран жатқан алқапқа алапат әкелді.           

Енді уран қатер әкелер бомба емес, бейбітшілікке қуат берер атом электр станцияларына отын болып, адамдаркі қызмет етеді.Мұнай сарқылып, кейін көмір таусылған кезде (ол да осы XXI ғасырдың ішінде болатын оқиғалар) адам жылу мен жарықты атом қуатынан алатын уақытта уранның қажетілігі арта түседі.                                                                                 

Тертіншіден Мемлекет басшысьшың сыртқы саяси қызметі мен Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін шешуменг тығыз сабақтасып жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іа жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекетгерімен, арабтық Шығыс едцерімен, Үндіқытаймещ-Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанмен қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде көрсетілген елдермен ынтымақтастық табысыты жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық  және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойьщдьй "Шеврон", "Мобил", "ЭНИ", "Бритиш Газ", "Мицуи"; "Харрикейн", "АЕС" және басқа жетекші корпорация компаниялармен жемісті ынтымақтастық дамуда. Ірі келісімдерге қол жеткізіліп, Каспий мұнайы мен газыа өндіру, Қарашығанақ пен Теңіз кеншілерін, сондай-ақ Екібастұз кемір разрездерін пайдалану жөніндегі жобалар іс жүзінде іске асуда. Каспий құбыр жүргізу консорциумынын толып тұрған секідді. Уран ендіру қарт Қаратау қойнауынан басталган, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағының тұңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденновск, Мыңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңіріңде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.Ондағы уранның сапасы қандай?

Астана да Атырау-Самара бағытын қуаттайтындығын білдірді. Сойтіп әлі күнге дейін кеңестік кеңістіктігі ықпалынан айырыла қоймаған Ресей стратегиялық бағытгағы тізгінді уысынан шығармауға түбегейлі бет бүрды. Қазақстан мұнайын тасымалдауға ықылас танытып отырған елдің іргелесінің бірі — Қытай. Батыс Қазақстан-Батыс Қытай бағыты болашақта жылына 20 миллион тонна мұнай тасымалдауды, әрі оны болашақта қуаттылығын 40 мшілион тоннаға жеткізуді көздейді. Азия аумағындағы беделін ол да пайдаланғысы келеді.

Каспий аумағындағы қалған елдерге ықпал етуді Иран да қостайды. Таяу Шығысқа тасымалданатын мұнай құбыры-ның өз жерінен өткенін ол да қалайды. Каспий жағалауын-дағы елдер халқының басым көпшілігін исламға мінәжат ететіңдер құрайтындықтан, Иран осы көзірді тиімді пайдаланғысы келеді. Ең бастысы әлемдік аренада саяси қарсыласы болып табьшатын АҚШ-тың Каспий аймағыңдағы ықпалын әлсірету болып табылады. Алайда, иран бағыты экономи-калық жағынан тиімді болғанымен, саяси жағынан күрделі. Каспий аумағындағы басқа елдердің бұл бағытқа тәуекел ете алмай отырғаны да сондықтан. Әлемдік аренадағы қарым-қатынас кеп полюсті бағытқа қүрылып отыр дегенімен де басты өуеннің кімнің сүранысына қатысты орындалатыны тағы да белгілі. Сол себегаі Қазақстан, Түркіменстан, Әзербай-жан бұл төңіректе жалғыз бағыттан гөрі көп векторлы бағытты қуаттайды. Жалғыз бағытқа жолығып, арандап қалмасақ деген аландаушылық басым бұл жерде.

Каспийдегі көздің күртына айналған байлық геосаясатпен қосыла өрілетініне ешкім шек келтіре қоймас. Қалай болғанда да басты нәтиже Астананың әуелі Ресеймен, одан соң Қытай, АҚШ және басқа да Батыстың алып мемлекет-терімен арадағы қарым-қатынасына келіп тірелді. Ресей мен Қытайдың, АҚШ-тың, қажетті жерінде Ираннын өз ережесіне құрьшған саясат ойыны күрделі қимылға ұласады. Мұнай төңірегінде мың сан қатпардан тұратын сан құбылмалы саясатгың ара-жігін ашып, "диагаозына сәйкес" амал істегенде ғана Астана алпауыт әлемнің қырғи қабақ кезқарасына ілікпейді. Ал бұл дегеніміз қазіргідей кезеңде диштоматиялық дәстүрі енді қалыптасып келе жатқан Қазақстан үшін үлкен бақ. Өйткені геосаяси мүдделердің бастауы әр елдің ішінен" бастау алып жатқандығы зандылық. Сондықтан, байлығы шалқыған Каспий көзін тапсаң экономикалық өркендеуге бастайды. Ал шалыс бассаң қасіретке бастау болатыны да ғажап емес. Келер ғасырда мұнай төңірегіндегі ықпалдастық қимылдың Каспий жағалауынан орын теуіп қалуы да ғажап емес деп айтып отырғанымыз да сол. Каспий жағалауындағы тағы бір ел әзербайжандардың тандаған өз жолы бар. Мемлекет басшысы Гейдар Әлиев Ильхамды мұнай өндірісіне "жегіп жіберді". Ол — иекетгік мұнай компаниясының вице-президенті, содан аң премьер министр болды. 2003-жылы 16 қазанда Әзірбайжан президентінің сайлауы өтті деп танылды. Президент  сайлауы барысында "Жаңа Әзербайжан" партиясының атынан ұсынылған президентгіктен үміткер, елдің премьер-министрі Ильхам Әлиев жеңіске жетті. Оған сайлауға қатысушылардың 80 пайызына жуығы дауыс берген. Қалай болғанда да Ильхам мұнай арқылы билікке бір табан жақындап келеді. Сөйтіп, вказ бойындағы тағы бір елдің мұнай мен биліктің «ажрамас ұғым екендігін дәлелдеді.

Қазақстанда да мұнай төңірегіңдегілердің үлкен биліктен үміті бар.

Мұнай кұлағын ұстап отырғандардың бәрі де — елге белгілі есімдер, арасында осалы жоқ. Ендеше, Қазақстанда да мұнай мен құбыр иелерінің ықпалы күшейіп келеді деген сөз.

Категория: Тарих | Добавил: admin_ (07.11.2013)
Просмотров: 2408 | Теги: Қазақстан экономикасына шетелдік ин | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: