-->
Главная » Статьи » Тарих

6-12 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЛАЛАР

6-12 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЛАЛАР

 

Орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық өрлеу барысында Талас,Іле,Шу өңірлерінде көптеген саяси орталықтар пайда болды.Осының нәтижесінде қолөнердің,сауда мен мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты.
Орта ғасырлық қалалар феодалдардың ордалары мен бекініністерінің жанында пайда болды да, онда бай шонжарлардың үй-жайлары,қолөнер мен сауда қүрылыстары салынды.Қалалардың сыртынан ор қазылып, дуалдармен қоршалды.Қаланың шахристан деп аталатын орталық бөлімінде қала билаушілері,олардың жақын туыстары мен қызметшілері,дихандар,сәудегерлермен дін қызметшілері тұрды.
Феодалдық қатынастардың дами түсуіне байланысты қаланің әлейметтік құрылымы өзгереді.Қала шетіндегі қол өнер мен сауда орналасқан рабадтардың рөлі артты.Қол өнершілер ең алдымен қала шонжарларының қажетін өтеді.Олардың басы бос болғанымен іш жүзінде жер мен қүрылыстың иесі шонжарларға тәуелді балды.
Жетісудың оңтүстік батысындағы қалалар Қырғыз жотасынан аққан өзендер бойына салыныпты.Олар:Мерке,Аспара,Үзгент,Сұяб,Сауран,т.б. Осы қалардың барлығы маңызды сауда жолының бойынла немесе қолйлы жағдайға ие болған қуатты,берік қамалдардың жанында салынған.
Жетісудың маңызы ерекше қаласының бірі-Құлан.Құлан қаласы 8 ғ-дан белгілі.10ғ-да Қүлан Берік қамалға айналды.Қала ортасында мешіт болған.Құлан қаласы қазіргі Луговой қаласының орнында деген болжам бар.Бүл қалада түріктердің ірі-ірі әскерлері түрған.Қаланың ішінде өте мықты ішкі қамалы мен қала билеушісінің бекінісі болды,ал шахристанда маңызды әскери-әкімшілік орталығы орналасты.
Орта ғ-ғы Іле бойындағы қалалардың жұрты мүнаралы дуалмен қоршалған,аздап көтерінкі тік бұрышты алаң бітімдес болып келген.Іле алқабының Орта Азия қалаларынан қашықта болуы табиғат жағдаиы егіншілікпен мал шаруашылығының дамуына қолайлы болунан мүнда қалалы қаныстар салу 9-10ғ-да ғана қолға алынды. Қоныстар феодал шонжарлардың ордалары негізінде және түрақты қыстау орындарында пайда болды.Бүл қоныстарды егіншілікпен қатар қолөнермен сауда дамыды және олардың кейбіреулері біртіндеп қалаға айналды.Олар –Талхиз,Екіоғыз,Қаялық қалалары еді.
Архиологиялық зерттеушілердің мәліметі бойынша Тараздың алып жатқан жер көлемі шамамен 6,5га, Отырар-20га,Құлан-12га,Талхиз- 9га болыпты.Жазба деректерде қала тұрғындарының саны туралы мәліметтер жоқтын қасы.Сондықтеа қала халқының саны есептеудің бір жолы археологиялық мәліметтер бойынша қаладағы үйлардің саны мен 1га орналасқан халықтың тығыздығын анықтауға негізделді.
Қала халқының этникалық қүрамы әр түрлі болған.Қала түрғындарының қатарын соғыс,жұрт,мал індетінің ауыр зардабының салдарынан отырықшылыққа көшүге мәжбүр болған көшпелілер үнемі толықтырып отырған.
Орта ғасырлық қалаларда ісләм діні кең тарай бастады.Оны таратушы Хорасының билеүшісі, кейіннен Бағдатта халиф тағына отырған Әл-Мамун болды.Хорасының шонжарларынан қолду тапқан ол ісләм дінін уағыздауға белсене ат салысты.
«Қала» деген үғымның әр кезіндегі қоғамда түрлі мағынасы балған.Қала деп оның түрғындары қолөнермен және сауда мен айналысатын елді мекенді айтқан.Қаланы айқындайтын белгілерге оның аумағының үлкендігі,бекіністері,ақша сағатын сарайының барлығы,қолөнер орталықтары,қолайлы сауда жолында орналасуы,т.б. жатады.
10-12ғ-да Қазақстанда және Орта Азияда қалалық қоныстар шапшаң өсті.Бірқатар жаңа қалалар-Қарашоқ,Қарнақ,Қойлық,Екіоғыз,Ашназ,Башынкент,т.б. пайда болды.
Шу,Талас,Сырдария алқаптарында қала қоныстары арта түсті.Екі қалалардың аумағы үлғайды,шаруашылық орталығы шахризтаннан рабатқа ауысты.10-12ғ-да Отырардың аумағы тез өсті.Онда рабадқа халық симай кеткендіктен екінші оралым қамал қабырға тұрғызылды.
10-12ғ-да Тараз қаласы тез өсті.Қалада және оның айналасында тамаша сәйлетті,сәнді ғимараттар бой көтерді.Іле алқабында Талхиз қаласы қала дуалының шегінен шығып,28га- дай жерді алып жатты.Қала мәдениетіОрталық Қазақстандағы Ұлытау бөктерінде,Сарысу,Нұра,Кеңгір өзендері алқаптарында да кеңінен өркендеді.
Қала түрмысының өрлеуі шаруашылықтын ілгерілеуімен және феодалдық қатынастардың дамуы мен байланысты болды.Қалаларда жер жеке адамдардың меншігінде болғандықтан ол табыс көзіне айналып,сауда орындары,керуен сарайлары, моншалар салуға пайдаланды.Сондықтан феодалдар қалалардан көбірек жер алуға ұмтылды.

Испиджаб 10-12ғ-да сауда орталығы ретінде әйгілі болды.Онда көптеген бағалы заттар өндірілді.Сыртқы мата,қару-жарақ,мыс пен темір шығарылды.Испмджаб-жері қүнарлы,ағашы көп,ағын суы мол және бау-бақшалары жемісті,халықтарының қоныстануына қолайлы қала болған.Испиджабтың жұрты Шымкент қаласының шығысына таман 12 шақырым жерде.Қала жұртының үстіне осы заманғы үйлердің салынуы оны зерттеуді қиындатып отыр.
Отырарда шахристан мен қала орталық бөлігі ғана емес, сонымен қатар рабадта дуалмен қоршалған.Археологиялық қазбалар шахристан өте тығыз салынғанын,тұрғын үйлердің қабырғалары шикі кірпішпен қаланған,үй еденденрінің және ірге тасыныңкүйдірген шаршы кірпішпен салынғанын анықтады.Рабадтағы құрылыстар бір-бірінен алшақ орналасқан.Мұнда су қоймалары,каналдар,бау-бақшалар,егістіктер болды.Қалада су құбырлары жұмыс істеді, канал жағасындағы рабад жерінде қоғамдық моншалар салынды.
Сырдарияның орта ағысы тұсында Весидж қаласы бой көтерді,

 

Категория: Тарих | Добавил: admin (30.10.2013)
Просмотров: 5254 | Теги: 6-12 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЛАЛАР | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: