Главная » Статьи » Тарих

В категории материалов: 45
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті.


Тарих | Просмотров: 12564 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (1)

Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы. Иңдустрияландыру саясатьш жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голо-щекиннің қылмысты ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (1925-1933 ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айнаддыру саясатын бұлжытпай жүргізді. Әңгіменің жөнін айтқан С.Сөдуақасүлы сияқты азаматтарға "ұлтшыл-уклонист" деген айдар тағып, қудалады.


Тарих | Просмотров: 788 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның   ерекшеліктері. Қазакстандағы индустрияландыруға көшу және бірінші бесжылдық (1928-1932 жж) Қазақстаңцы индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оньщ Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдықта Қазақстанда негізінен екі сала: тау кен және ауылшаруашылығы, әсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі дамьщы. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады.


Тарих | Просмотров: 1894 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.


Тарих | Просмотров: 28537 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы. Орта Азияда Кеңестік республикаларының ұлттык мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялык республиканың құрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж) Орта Азия Советтік республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленуі — ұлттық мемлекеттік құрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен ұлт саясаты негізінде 1924-1925 ж.ж. Совет мемлекеті жүзеге асырған территориялық-мемлекеттік қайта өзгеріс; одақтас советтік социалистік мемлекеттік құру кезеңдерінің бірі. Орта Азия халықтарының әрқайсы-сының өз тарихы, талай ғасырлардан бері келе жатқан ұлтгық дәстурлері мен ерекшеліктері бар. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қүрылған Түркістан АССР-ын, Бұқар және Хорезм Халықтық Совет Республикаларын Орта Азия халықтарының түр жағынан шыңдалған мемлекеттік қүрылымдары деп есептеледі. Сондықтан да ол РК(б)П-нің Түркістандағы міндетгері туралы ОК (Орталық Комитет) шешімінің жобасына жасалған ескертпелерінде былай деп жазды:


Тарих | Просмотров: 2437 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы. Қазақстандағы ашаршылық тек 1921 жылмен шектелмейді, одан әлдеқайда бұрын басталды, бірак оның мөлшері, халықтың шеккен зияны әлі толық анықталмай келеді. Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді.


Тарих | Просмотров: 15675 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. РКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жер-су реформасын жүзеге асыру. 1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге  кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына  азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп берді.


Тарих | Просмотров: 3504 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.


Тарих | Просмотров: 2424 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі  ауылдардағы  кедейлердің  салықтан   босатылып, жеңілдіктер  алуына  жол   ашты.   Сонымен   бірге   оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері:  сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.


Тарих | Просмотров: 1055 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақстандағы "әскери коммунизм саясаты”Біз бұл мәселені азық-түлік саясатына катысты қарастырмақшымыз. Өйткені Лениннің өзі айтқандай, "астық үшін күрес — социализм үшін күреске" айналған еді. Кеңес өкіметіне қалаларға (жұмысшы табына) және соғысқа (Қызыл Әскерге) қажетті тамақ, киім, көлік сияқты заттарды, ең аддымен, ауыл-селодан (шаруалардан) алуға тура кедді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура астық үшін күресті, яғни социализм үшін күресті шаруаларға қарсы жүргізді. Бұл кезде помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар да 1918 жылы жазда соның кебін киген. Олай болса, ауыртпалық ауқатты шаруалар мен жарлы-жақыбайларға түсетіні анық. Бірақ өкімет өзін жұмысшы-шаруалар өкіметіміз деп атағандықтан халыққа ашық қарсы шыға алмады, саясат колданды. РК(б)П атынан Орталық комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар шығарып, үгіт-насихатгы үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миына оз идеологиясын сіңірді. Елдегі азамат соғысы, бұліншілік таланған, тоналған, репрессияланған үстем тап өкілдерінің әрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жұмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, кедей шаруаларға сүйенеді деген тактика 1919 жылы наурызда РК(б)П-ның VIII съөзінде қабылданған еді.


Тарих | Просмотров: 6241 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-45