Главная » Статьи » Тарих

В категории материалов: 45
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозгалысы

Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комп-лекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді.

Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға пайдаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, колемі 54%-ке азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв. километрге тартылды.

Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жұқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялық аурулардың саны көбейді.


Тарих | Просмотров: 2193 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақстандағы  XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай. Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты. Демократиялық қатынастардың дамуы Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық,  құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда бЬлған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты йжерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жуйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, Муелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп кеңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.


Тарих | Просмотров: 5339 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылык жоспарларын орындаудын барысы және оның дагдарысқа ұшырауы

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймактың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пұттан астам астық сатгы. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп түрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді.


Тарих | Просмотров: 2351 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар. Президент Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей, бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы мынадай: тұтас бір халықтар тоталитарлык мемлекеттің прокруст төсегіне зорлап жатқызылып, мұның өзі ұлттық сана сезім серіппесінің әбден сығымдалуына апарып соқтырды. Тарих мынаны тағы бір көрсетті: қоғамданудың қандай жолын, капиталистік немесе социалистік жолын таңдамасын,ұлттык сана сезімді қорғау және дамыту институттарын орнықтырылмаса, мемлекеттік құрылыс сөз жоқ күйрейді.

Бүкіл Кеңес тарихы халықтар құқықтарының өрсекел бұзылуы мен тікелей геноцид фактілеріне толы.Бұл 20-30 жылдардың ашаршылығы. Ол тұста миллиондаға азаматтар қырылды. Қазақстардың саны жартысына дейін қысқарды, орыс халқы мен басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де іскер адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қыры бұлінді. Бұл ұлттық мәдениеттің,ғылымның, әдебиеттің және қоғамдық ойдың таңдаулы өкілдерінің жаппай жазалауға ұшырап, атылып кетуі.Бұл халықтардың жаппай депортацияланып, ұлттық құрылымдардың жойылуы.


Тарих | Просмотров: 2423 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

«Тың және тыңайған» жерлерді игеру.  Тыңды қып- қызыл зиянын санап, қазаққа жасаған қиянатын де білетіндер де баршылық. « Тың игеру  жылдарында жыртылмай қалған жерлер, ата қонысынан айырмаған ел қалмады. Жерді тоздырды, елді бұзды. Малдың өрісін тарылтты. Орысты қаптатып, қазақ өз жеріне өзі кірме болып қалды.

   Тыңды игеруде  бәрі де – жақсы да, жаман да болды.  Пайдасымен бірге зияныда болды. Соның қайсысы басым  түскенін уақыт өткен соң таразылап, талдап байқасақ  бір ғана мақтауға немесе даттауға келмейді. Тың игеру- шындығында, заманның күрделі құбылысы. Кең аймақта жүргізілген осы бір ұлы қозғалысқа сол кезде бүкіл ел, барлық халық араласты. Бір ғана ұлттың мүддесі, тіршілік қалпы ескеріліп жатпады. Онымен санасқан да жоқ. Осы кезде саясатта, экономика да осы талаптарға бағындырылғаны мәлім. Сөйтіп, қазақ жері «жүз тілді планетаға», «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Жергілікті тұрғындар мен жаңадан көшіп келгендердің бастапқыда өзара тіресуі- табиғи нәрсе.


Тарих | Просмотров: 10993 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Бейбіт тұрмысқа өтуі. Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық  байлығыньщ үштен бірінен айрылды.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру максатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация):

       1945 жылдың шілде - қыркүйегі - бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

       1945-1948 жылдар - 8,5 млн. адам босатылды.

       1946 жылғы 18 наурыз - 1946-1950 жьтдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды. Міндеттері:

1.       Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.

2.       Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез карқынмен дамыту.


Тарих | Просмотров: 5735 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (1)

Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.  Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.


Тарих | Просмотров: 29885 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (1)

Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында. Биыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65 жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын.

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды.  1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.


Тарих | Просмотров: 2611 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.

Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы

1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен  500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.

1942 жылы күзде Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.

1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев жерінде жау ұшағы пайда болғаннан кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысының барлықжерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.

Кешікпей қазан айында Орал әуе шабуылынан қорғанатын майдан өңіріне айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.

Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.


Тарих | Просмотров: 4128 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

Соғыстың  басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі. 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ¥лы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Куыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын кұруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының кұрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шынжан кіргізілді.


Тарих | Просмотров: 2147 | Добавил: admin_ | Дата: 07.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-45