-->
Главная » Статьи » Тарих

1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы

1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылык жоспарларын орындаудын барысы және оның дагдарысқа ұшырауы

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймактың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пұттан астам астық сатгы. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп түрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді.

Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жұмыс істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарактану 15 жылда (1967-82) 4 есе, электрмен жарақтану 3,4 есе ості. Ауыл, селоға қызмет көрсететін барлық салалар — химия, құрама жем, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су шашу және ІІолық күрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері, көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану мен шоғырландыру, оның агроөндірістік интеграциясы кең көлемде жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, суландырудың және жайылымдарға су жіберудің көлемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру жөніндегі мал шаруашылық комплекстері, ірі құс фабрикалары, жүздеген совхоздар  мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық ұйымдар құрылды.

1971-1982 жылдары ғана 7,9 млн. адам жаңа үйге көшті, яғни әрбір екі тұрғынның бірі жаңа үйге көшті. Адамдардың денсаулығын сақтау саласында 46 мыңға жуық  дәрігер еңбек  етті.

1985—1990 жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады'  Ауыл шаруашылығының төменгі дәрежеде дамуының егізгі себептері мыналар: шаруалардың экономикалық ынтасының шаруашылықта қыспаққа алынуы, колхоздық секторларды жою және мемлекетгік мешпікке алу совхоздарды көбейту. Шаруашылық еңбек үнемі қатар әкімшілік бақылауда жояады. Бұның бәрі шаруашылық бастамаларын төмендетуге, қоғам еңбегінің нәтижесін де немқұрайлы қарауға әкелді. Тұрғындар ауылдық жерлерден кете бастады.  Егер 1950 жылы Қазақстанда 3760 колхоз болса, ал 1985эісылы 388 ғана қалған."" Колхоздардың өлшемі ерікті түрде құралды, оларды орналастыруда табиғи өндіріс орындары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бұның нәтижесінде бірнеше тұрғындар пункттері басқарусыз қалды. Жалпы істің нәтижесінде 1956-1965 жылдармен салыстырғанда 1966-1975 жыддардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға  шаққанда орта есеппен 1,9 центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16,4 миллион тоннадан асырып астық тапсырды. Бұл көрсеткіш оныншы бесжылдықта Маусым сайынғы сипат алды. Жан басына шаққанда 1986-1990жылдары Қазақстанда 1556 килограмм астық өндіріледі. Орталық басшылық болса республика алар межені кол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бұрынғыдан бетер биіктетгі. бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29 миллион тоннаға, он екінші бесжылдықта 31,5 миллон тоннаға жеткізуді талап етті.

Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нұсқаулар егіншілік шаруашылығының қайтарым заңын бұзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады. Жер қыртысына органикалық заттарды енгізу, арам шөптермен, өсімдік ауруларымен күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды.

Категория: Тарих | Добавил: admin_ (07.11.2013)
Просмотров: 2334 | Теги: 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикас | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: