-->
Главная » Статьи » Тарих

1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы

Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі.

1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бұлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен  бұл бұлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды.

1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардияшылар басып алды.

Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады.

Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.

Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетгі. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі кару-жарақ,  Англия 200 мыңцай әскерге қару-жарақ және киім берді.

1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.

1918       жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.

Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы

Қазақстан жерінде жергілікті халық әскери құрылысқа тартыла бастады. 1918 жылы 29 мамырда ұлттық белгілер бойынша жауынгерлік топ құруға рұқсат етілген декрет шыкты .1918 жылы Бөкей Ордасында қазақ атты әскер полкі кұрылды. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп мобилизациялай бастады.

1919жылы Қостанайда 3000 адамы бар дала брига-
дасы құрылса, 1920жылы
Жетісуда қазақ бригадасы, 15дүн-
ген полкі құрылды.

Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам мобилизацияланды.

Майдандардағы соғыс қимылы

Әскери бөлімдерді кұру барысында Ә. Жангелдин (Дала әскер комиссары), А. Иманов (Торғай әскер комиссары), Б. Қаратаев (атты әскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.

Ә. Жангелдин басқарған экспедиция Еділ, Каспийді жүзіп, Ақтөбе майданына қару-жарақ жеткізді.

1919 жылы қаңтарда Қызыл Армияның шығыс майдаынындағы бөлімдері Орынбор мен Оралды ақ гвардияшылардан босатты.

1919 жылы көктемде Колчактың контрреволюцияшыл топтары қайтадан шабуылға шықты.

Ақ гвардияшылардың қатыгездігі

Атаман Дутов пен Анненковтің казактары қазақ еліне ерекше қатыгездік жасады.

Мысалы, 1918 жылы қазан айында Өскеменге «Монғол» кемесімен келген атаман Б. Анненков ескемендік коммунист, революционер Я. Ушановты киізге орап өртеген.

Б. Анненковтің казактары 1918 жылы Солтүстік Жетісудағы Лепсі уөзінің Подгорное ауылында 250 адамды өлтірген. Мұның барлығы Қазақстан шаруаларының ақ гвардияшыларға қарсы ұйымдастырылған партизан соғысына шығуына себеп болды.

 

6.Қазақ  Кеңес  мемлекетінің құрылуы

1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады.

Қазревком кұрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Қазревком терағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтүрсынов, Ә. Жангелдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешев, М. Сералин, В.А. Радус-Зенькович т.б. 1920жылы 9наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.

Қазақ АКСР-ның құрылуы.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңтөрағасьі С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару оргаңдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазревком мүшелері

С. Меңдешев (1882-1937)

1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;

1919 жылы Қазревком терағасының орынбасары;

1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің терағасы;

1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Ә.Жангелдин (1884-1953)

1915жылы коммунистік партия мүшесі;

1916жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;

1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;

1918   жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

А. Байтурсынов (1873-1937)

«Алаш» партиясын құрушылардың бірі,

«Қазақ» газетінің редакторы.

1919   жылдан  Қазревком мүшесі, оқу министрі.

А. Байтұрсынов - жазушы, аудармашы, түрколог, лингвист ғалым.

1937 жылы репрессия құрбаны болды.

 

7. Қазақстандағы "әскери коммунизм саясаты”

Категория: Тарих | Добавил: admin_ (07.11.2013)
Просмотров: 4658 | Комментарии: 1 | Теги: 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюция | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: