-->
Главная » Статьи » Разные

Тұру тежеуiшi.
Автомобильдердiң қозғалыс жылдамдығын баяулату, жүрiсiн тоқтату және қозғалмайтын қалыпта ұстау үшiн олар тежеуiш жүйелерiмен жабдықталады. Тежеуiш жүйелерiнiң мынадай түрлерi болады: машина қозғалысының жылдамдығын реттеуге және оны жайлап тоқтатуға қажеттi жұмыстық тежеуiшi, машина еңiске жүргенде оны ұстап тұруға арналған тұру тежеуiшi мен кiлт бұрылысын жүзеге асыратын тежеуiш. Тежеуiш жүйесi тежеуiш механизмiнен және оның жетегiнен тұрады. Т е ж е у i ш м е х а н и з м i автомобиль қозғалысына өздiгiнен кедергi жасау үшiн қызмет етедi. Фрикциялық тежеуiш кеңiнен қолданылады, ол қозғалмайтын және айналып тұратын бөлшектер аралығындағы үйкелiс күшi есебiнен жасалады. Фракциялық тежеуiш барабанды, шкивтi және дискiлi болып келуi мүмкiн. Барабанды тежеуiшiнде үйкелiс күшi айналыстың цилиндр бетiнде, шкивтiде – сыртқы, ал дискiлiде – айналмалы дискiнiң бүйiр бетiнде пайда болады. Орнатылу бойынша доңғалақ және орталық (трансмиссиялы) тежеуiштер болып бөлiнедi. Оның бiрiншiсi доңғалақтың күпшегiне, ал екiншiсi – трансмиссияның бiлiктерiнiң бiрiне әсер етедi. Доңғалақ тежеуiшi жұмыстық тежеуiш жүйесiнде қолданылады. Т е ж е у i ш ж е т е г i тежеу механизмдерiне энергия берiп, тежеген кезде онымен басқаруға арналады. Тежеуiш жетегi жұмыс iстеу принципi бойынша механикалық, пневматикалық гидравликалық және электрлi болып бөлiнедi. Тежеуiштiң механикалық жетегi бұдан бұрын қаралған барлық тракторлардың тежеуiштерiнде қолданылады. Бұл жетек барлық автомобильдер мен кейбiр тракторларда жабдықталған тұру тежеуiштерде пайдаланылады. Тұру тежеуiшi. Автомобильде барабан типтес тұру тежеуiшi орнатылады (3.6– сурет). Тежеуiштiң қозғалмайтын дискiсi (3) берiлiс қорабының корпусына бекiтiлген. Дискiде бiрдей етiлiп екi тежеуiш колодкасы (5) орнатылған, ол барабанның iшiне орналасқан. Тежеуiш баабаны (7) берiлiс қорабының жетекшi бiлiгiне (екiншi) бекiтiлген. Тежеуiш колодкасының сыртына фрикциялық жапсырма бекiтiлген. Реттеуiш құрылғысы (9) корпусында орналасқан колодканың төменгi шетiнiң саусақтары арқылы реттеуiш винттiң (10) конусты қалпақшасына тiреледi. Колодканың жоғарғы бөлiгi ажырату құрылғысына (6) тiреледi. Ажырату құрылғысы стерженьнен және екi шариктен тұрады. Стержень жетек рычагы мен орталық тұру тежеуiштiң рычагының тартқышы арқылы қосылған. 3.6-сурет. Барабан типтес тұру тежеуіші: 1-бекіткіш кнопкасы, 2-рычаг, 3-қозғалмайтын диск, 4-ажырату стержені, 5-тежеуіш колодкасы, 6-босату құрылғысы, 7-барабан, 8-қатайту серіппесі, 9-реттеуіш құрылғысы, 10-реттеуіш винті, 11-жетек рычагы, 12-тартқыш Автомобильдi тежеу үшiн тежеуiштi (2) қолмен ығыстырады. Бұл кезде рычагты төменгi шетi, тартқыш пен жетек рычагы (11) арқылы iлгерi ығысып, шариктi ажырату стерженьнiне (4) әсер етедi. Шариктiң әсерiнен колодканың жоғарғы шетi жылжып, оның фрикциялық жапсырмасы тежеуiш барабанына қосылады, ол тежелiп, өзiмен қосылған трансмиссияның қардан бiлiгiнiң айналуына бөгет жасайды. Тежеуiш рычагы тежелген қалыпта тұрған кезде, сектордағы iлгешекпен бекiтiледi. Тұру тежеуiштi ажырату үшiн кнопканы (1) басып, iлгешектi шығару керек, сөйтiп тежеуiштiң рычагын iлгерi ысырады. Қатайту серiппесiнiң (8) әсерiнен клолодка керi кетiп, бастапқы қалпына келедi. Колодканың фрикциялық жапсырмасы мен барабан арасындағы қажеттi саңылау реттеуiш винтпен (10) реттелiнедi.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 821 | Теги: Тұру тежеуiшi. | Рейтинг: 2.2/4
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: