-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Жинақталған тоңазыту камералары

Жинақталған тоңазыту камералары

Жинақталған тоңазыту камералары сауда және қоғамдық тамақтану мекемелерінде тоңазыған азық-түлік тағамдарын қысқа мерзімге (орта температуралы және тоңазытылған (төмен температуралы) сақтау үшін қолданады. Жинақтаған тоңазыту камералары бөлек бөлмелерде құралады.

КХС-1-8,0; КХС-1-8,0ОК; КХС-1-8,0; КХС-1-8,0ОК; КХС-1-11,2 типті тоңазыту камералары параметрлік қатар құрайды, бір модель базасында жасалып, ішкі мөлшерімен, сондай-ақ температура режимімен, тоңазытқыш машинасымен, габаритімен де ерекшеленеді.

Жинақталған тоңазыту камералары екі бөлімнен тұрады – салқындау мен машина көлемі. Салқындайтын бөлім тоңазыту камералары пайдаланатын жерде панельден жинақталады. Олардың әрқайсысы зауыт әдісімен жасалған және ішкі және сыртқы беттерден тұрады. Сыртқы беті жалпақ табақ тәрізді полимермен қапталған болаттан жасалған; ішкі беті – тұтас алюминий.

Қабырға аралығы кеңістігі өздігінен көбіктенетін пенополеуретанмен толтырылған. Панельдері арнайы тартылып біріктірілген. Алдыңғы панельдерде магнитті қондырғы мен поливинилхлоридпен тығыздалған есік қарастырылған. Есіктің тоспасында құлпы бар, тоңазыту камералары жабық тұрғанда құралымы бойынша осы құлпын ішінен ашуға болады. Тоңазыту машинасында салқындаған ауаның еріксіз қозғалуы үшін үстіңгі панеліне ауасалқындатқыш монтаждалады.  Тоңазытқыш  камерасы  есігінің  үстіне  электр қондырғысына магнитті босатқышпен автоматтық жолмен қосылатын қорған бекітіледі, УЭ-2 қондырғысы автоматты түрде «қарлы жамылғыны» еріту және берілген температураны сақтау үшін салқындатылған көлемде, басқа құралмен басқару мен сигналымен, яғни манометрлік шкаласы бар термометрмен, салқындаушы көлем температурасын көрсететін, жарықтандыру қосылғышымен, шамды сигналымен. Бұл уақытта тоңазытқыш өшеді. Тоңазыту камерасының техникалық сипаттамасы 9.1-кестеде келтірілген.

КХС-1-8,0 тоңазытқу камерасы. Тоңазыту камерасы КХС-1-8,0 панельден жиналған, қабырға құрайтын, едені мен төбесі бар. Алдыңғы панельде 2 тоспасымен 1 есік қарастырылған. Төбесіндегі панельде 4 МХК-1000 тоңазытқыш машинасы монтаждалған, ал есік үстінде сигналды шамымен, электр қондырғысымен басқару қорғаны (қалқан) орналасқан. Тоңазытылатын көлемі ішінде тоңазыту камерасының 7 торлы-сөрелер азық-түлік тауарларын сақтау үшін орналасқан. Арнайы 5 ілгекте тұтас ет пен оның жарты биіктігі ілініп сақталады.

Тоңазыту камерасы қыздыратын шаммен жарықтанады, қосылғышы электр қондырғы қорғанында орналасқан. Тоңазыту камерасында тағамдардың тоңазуы ауа тәсілімен жүргізіледі. Салқындаған ауа желдеткішпен ауасалқындатқышы арнайы қарастырылған саңылаулар арқылы кедергіде еріксіз салқындаушы көлемге беріледі. Егер тоңазыту камерасының есігі ашық болса, желдеткіш автоматты түрде өшеді. Тоңазытқыш машина жұмысында қарлы жамылғының еру процесін автоматты режиммен УЭ-2 автомат құралы басқарады. Манометрлік термометр шкаласымен салқындаушы көлеміндей температураны арнайы бақылау мүмкіндігін береді.

КХС 1-8,ОК1 тоңазыту камерасы. Құралымы бойынша ол КХС-1,8,0 тоңазыту камерасына ұқсас, бірақ ерекшеліктері де бар. Тоңазыту камерасы салқындаушы көлемінде төрт бірлікті мүлік қондырғыларын орналастыруға есептелген, камераның екі есігі бар, олардың әрбіреуі құлып және тұтқамен қамтамасыз етілген. Мүлік-жабдығының орналасуына ыңғайлы болуы үшін әрбір есігіне 1 пандус қойылған. Артқы қабырғаларында салқындаушы көлемде 8 тіректері қарастырылған. Мүлік-жабдығын орналастырғанда қозғалысын шектеуге, ішкі беттерін механикалық бүлінуден сақтауға мүмкіндігі бар.

КХН-1-8,0 К тоңазыту камерасы. Ол тоңазытылған азық-түлік тауарларын сақтауға арналған. Құралымы бойынша КХН-1-8,0К , КХС-1-8,0К тоңазытқыш камерасына ұқсас, яғни КХН-1-8,0К құралымында пандустар қарастырылған, керек-жарақ, мүлік-жабдықтарын алдын ала сақтауға. КХН-1-8,0-ОК-тің КХС-1-8,0К-тен айырмасы:

төбедегі панельде екі монобұлтты тоңазытқыш машина монтаждалған, К502 хладонымен жұмыс істейді;

МХНК-630 тоңазытқыш монобұлтты машиналары қолданылған.

КХН-2-4,5 төмен  температуралы  тоңазыту  камерасы

Салқындаушы көлемі тоңазыту камерасының жылу оқшаулағышты панельден құралған, біреуінің салқындаушы көлемге жетуге арналған тесігі болады. Тоңазытқыш агрегаты тоңазыту камерасының сыртына шығарылған.

КХН-2,4,5 камерасының техникалық сипаттамасы: Ішкі көлемі, м3 – 4,5; Сөре ауданы, м2 – 4,25; Салқындаушы көлеміндегі температурасы – 13°С; Габариттері – 2260x1940x1400 мм.

 

 

Тоңазыту камераларының техникалық сипаттамасы

 

Салқындаушы көлемі тоңазыту камерасының жылу оқшаулағышты панельден құралған, біреуінің салқындаушы көлемге жетуге арналған тесігі болады. Тоңазытқыш агрегаты тоңазыту камерасының сыртына шығарылған.

КХН-2, 4, 5 камерасының техникалық сипаттамасы: Ішкі көлемі, м3 – 4,5; Сөре ауданы, м2 – 4,25; Салқындаушы көлеміндегі температурасы – 13оС; Габариттері – 2260х1940х1400 мм.

 

Жартылайфабрикат тамақтарды тоңазытуға

арналған қондырғылар

 

КСМ-60( 120,240) типті тоңазыту камерасы. Тез тоңазытатын тоңазытқыш камералары 1 салқындаушы көлемнен, пенополеуретанды панельден жинақталып құрастырылған. Панельдердің біреуінде есігі болады. Тоңазыту камераларының салқындауын 3 автоматика жүйесімен және осьті желдеткішпен, ауасалқындатқыш орнатылған, шетелдегі өндірістен шыққан 2 тоңазытқыш агрегаты қамтамасыз етеді.

Компрессорлы-ресиверлі шығыңқы конденсатор агрегаты ауа салқындаушысының екісатылы жартылай герметикалық компрессорын майлауды бақылау жүйесі бар; сондай-ақ, мысты-алюминийлі жоғары сапалы ауамен салқындаушы конденсаторы және сақтандырғыш клапаны мен шығысында қатқан вентилі бар ресивері болады. Тоңазытқыш жүйесімен басқару шкафы азғана процессорлы блок базасында жиналған.

Тоңазытқыш камерасы кешеніне кіретіндер:

этажеркалы арбалар;

алюминий;

1  тоңазытқыш камерасында арбаларды енгізуді жеңілдететін пандус.

Тез тоңазыту камералары жартылайфабрикаттар (тұшпара, тефтели, самса, манты, т.б.) көкөніс, жеміс-жидектерді тез тоңазытуға арналған. Тоңазыту этажеркалы арбаларда жүзеге асырылады.

 

КСМ-60 (120,240) тез тоңазыту камерасының

техникалык сипаттамасы

 

КХН-5 (7,10,16) және басқа төтен температуралы тоңазыту камерасының типтері. Төмен температуралы тоңазыту КХН камерасы типтері тамақ тағамдарын, жартылайфабрикаттарды, жеміс-жидектерді этажды арбаларында тоңазытуға арналған.

Тоңазытқышкамерасы 1 жылуоқшаулағышынан жиналады, пеноплеуретан «сэндвич» типті. Панельдердің біреуінде айқара ашылатын есік бар. Салқындау 2 тоңазытқыш агрегатының көмегімен іске асады. Ауамен салқындайтын компрессорлы-конденсаторлы тоңазытқыш агрегаты конденсатормен; бақылау жүйесімен, «Віічеч» майлау фирмасының жартылай герметикалық компрессоры К22 хладонымен жұмыс істейді.

Салқындаушы көлем ішінде автомат жиынтығы мен желдеткіш осі бар 3 ауасалқындатқыш орналасқан. Тоңазытқыш камерасы ауасалқындатқышты булағыш электр ерітуші жүйесімен жабдықталған. Тоңазытқыш жүйесінің басқару шкафы микропроцессорлы Еlivell блогына негізделген.

Төмен температуралы тоңазытқыш камерасының жиынтығы:

этажды арбалар;

алюминий тартпалар жиынтығы;

тоңазыту камерасы салқындаушы көлемін арбаға енгізу ыңғайлы болу үшін арнайы панус.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 1073 | Теги: Жинақталған тоңазыту камералары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: