-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Өзара ауыстырымдылық түрлері, дәлдік шегі және орнықтырулар туралы негізгі анықтамалар. Үйлесімді сандар қатарлары, нормальдік сызықтық санд

Өзара ауыстырымдылық түрлері, дәлдік шегі және орнықтырулар туралы негізгі анықтамалар. Үйлесімді сандар қатарлары, нормальдік сызықтық сандар. Орнықтырулар жүйелері- тесік және білік жүйелері. ИСО жүйесімен байланысы. Квалитеттер.

 

     Біздің елімізде (Халықаралық стандарттау ұйымы - ISO) нұсқауларына тірелген дәлдік шегі және орнықтырулар жүйесі (ЕСДП СЭВ) ГОСТ 25346-82 (СТ СЭВ 145-75) және ГОСТ 25347-82 (СТ СЭВ 144-75) қолданылады.

    Дәлдік шегі және орнықтырулар жүйесі  деп, тәжірибелік, теориялық және эксперименталдық зерттеулер негізінде, белгілі заңдылық бойынша тұрғызылған және стандарт түрінде көрсетілген, дәлдік шегі және орнықтыру қатарларын атайды.

Бұл жүйе типтік машиналар бөлшектерінің біріктірулеріне экономикалық және технологиялық көзқарастан дәлелденген, минималды қажетті дәлдік шектерін және орнықтыруларын қабылдауға негізделген.

 

   Номиналды өлшемдер интервалы

ЕСДП жүйесі 10000мм дейін өлшемдерді қамтиды. Ол келесі өлшемдер диапазонына бөлінген: 500мм дейін; 500мм астам  3150  мм дейін және 3150мм астам 10000мм дейін.

Жалпы машинажасау саласында көбінесе 500мм дейін өлшемдері тараған, сондықтан осы диапазонды қарастырайық. Бұл диапазон стандарт бойынша негізгі 13 интервалға бөлінген (17 кесте).

Өндіріс тәжірибесі бойынша, өңдеу қателіктері бөлшектің өлшемі ұлғайуына байланысты өседі. Қателіктер тарауының талдауы негізінде, дәлдік шегі және өлшемдер арасындағы  қатынасты анықтап, дәлдік шегінің бірлігі  орнатылған:

мкм

мұндағы:  - өлшемдер шекті мәндерінің геометриялық орташасы

                   - өлшемдер интервалының шекті мәндері

     

 Байланыстағы  0,001dорт  мүше,өлшеу қателіктерін және температуралық қамтиды. 

                                  17 кесте

Өлшемдер интервалы,

мм

≤3

3

»

6

6

»

10

10

»

18

18

»

30

30

»

50

50

»

80

80

» 120

120

»

180

180

»

250

250

»

315

315

»

400

400

»

500

Дәлдік шегіi , мкм

 

0,55

 

0,73

 

0,90

 

1,08

 

1,31

 

1,56

 

1,86

 

2,17

 

2,52

 

2,89

 

3,22

 

3,54

 

3,89

 

 

 

 

   Дәлдік шектерінің қатарлары (квалитеттер)

       ЕСДП жүйесі бойынша біріншіден, әр түрлі дәлдік шегі алаңдарын алуға арналған базалық элементтер, стандарталған. Әр бір дәлдік шегінің алаңыбір-біріне байланысты емес жеке көрсеткіш арқылы анықталады – дәлдік шегінің мәні және оның номиналды өлшемге қатысты орын-жағдайы.

      Дәлдік шегінің мәні  квалитетке, өлшемге байланысты және келесі байналыныс бойынша анықталады:

IT= a·i, мкм

мұндағы:  а- квалитетке байланысты дәлдік шегі бірлігінің коэффициенті;

                  i - дәлдік шегінің бірлігі.

Әр түрлі бұйымдар және өнімдер қажетті дәлдік деңгейін мөлшерлеу үшін, квалитеттер орнатылған.

       Квалитет деп, қарастырылатын өлшемдер аралығына тұрақты салыстырмалы дәлдікпен сипатталанатын (а коэффициенті), дәлдік шектері.

ЕСДП жүйесінде 19 квалитет – IT01, IT0, IT1..... IT17 ( IT -халықаралық дәлдік шегі).

       Бір квалитет көлеміндегі дәлдік, тек қана номиналды өлшемге байланысты. Квалитет өндеуге қатысты дәлдік шегін орнатады, яғни өндеу және бақылау әдістері мен аспаптарын.

      Машинажасау саласында орнықтырулар мен еркін өлшемдер пайда болуы үшін  IT5... IT17 қолданылады.

        18 кесте

Квалитеттер

01

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Дәлдік шегі бірлігінің коэффи-

циенті,   а

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

7

 

10

 

16

 

25

 

40

 

64

 

100

 

160

 

250

 

400

 

640

 

1000

 

1600

 

Квалитет қолдану аумағы

 

Шетті

ұзындық

тар

мөлшер

лері

Мөлшерле

гіштер, аса

дәлдікті

бұйымдар

 

Бірігетін бөлшектер өлшемдері

(орнықтырулар құрады)

 

Еркін өлшемдер

(орнықтырулар

 құрмайды)

 

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 2769 | Комментарии: 2 | Теги: дәлдік шегі және орнықтырулар турал, нормальдік сызықтық сандар, Өзара ауыстырымдылық түрлері, Орнықт, Квалитеттер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Алмас   (13.01.2016 19:24)
как скачать работу

1 Айымкуль   (09.11.2015 22:43)
Очень нужна! можно ли скачать работу?


Имя *:
Email:
Код *: