-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Өтпелі орнықтырулар

Өтпелі орнықтырулар

    Бұрандамалы біріктірулердің өтпелі орнықтыруларын ГОСТ 24834-81 (СТ СЭВ 305-76) бойынша  біріктіру жұмыс атқару кезінде  қозғалмастығын қамтамасыз ету, бірақ үлкен тығыздық мәні бөлшектер беріктігіне әсер етуі мүмкін қажетті болған жағдайларында қолданады.

    Өтпелі орнықтырулар болаттан өнделген сыртқы бұрандаларды шойыннан, болаттан, алюминийден және магний қоспаларынан өнделген ішкі бұрандалармен біріктіру үшін қолдануға арналады.

     Стандарт бойынша сыртқы бұрандалар үшін - (4jh, 4j, 4jk, 2m), ал ішкі бұрандалар үшін - (3H, 4H, 5H) дәлдік шегі аудандары қолдануға қарастырылған. Бұранда өтпелі орнықтыруларының дәлдік шегі аудандары  орналасуы (107-сурет), ал қолдануға ұсынылатын орнықтырулар (25 кесте) көрсетілген.

 

107-сурет. Бұранда өтпелі орнықтыруларының дәлдік шегі аудандары 

                                                       орналасуы

 

Бұрандамалы біріктірулердің өтпелі орнықтыруларына қолдануға ұсынылатын  дәлдік шегі аудандары

                                                                                                               25 кесте

Бұрамалар номиналды диаметрлері, мм

Ішкі бұрандалы бөлшек материалы

Дәлдік шегі аудандары

Орнықтырулар

Сыртқы бұранда

Ішкі

бұранда

5 бастап 16 дейін

Болат

4jk2m

4H6H;

3H6H

Шойын, алюминий және магний қоспалары

4jk, 2m

5H6H;

3H6H

18 бастап 30 дейін

Болат

4j, 2m

4H6H;

3H6H

Шойын, алюминий және магний қоспалары

4j, 2m

5H6H;

3H6H

35 бастап 45 дейін

Болат, шойын, алюминий және магний қоспалары

4jh

5H6H

 

  Нақты ең үлкен және ең кіші орташа диаметрлер айырмашылығымен анықталатын сыртқы және ішкі бұрандамалар пішін ауытқуларының мәні, орташа диаметр дәлдік шегі мәнінің 25% аспауы тиісті.

 Өтпелі орнықтырулармен қолданылатын бұрандамалы біріктірулердегі бөлшектер бұралу ұзындығының мәндері қолданылатын материалдарына қатысты болуы тиісті: болаттарға-1..1,25d, шойындарға-1,25...1,5d, алюминий және магний қоспаларына-1,5...2,0d.

 

Тығыздықты орнықтырулар

 

     Бұрандамалы біріктірулер тығыздықты орнықтыруларын, біріктіру жұмыс атқару (діріл, сілкініс т.б.) жағдайларында, ешқандай қосымша бекітусіз өздігімен бұралып ағытылмауын қамтамасыз ету қажетті болған кезде қолданады. ГОСТ 4608-81 (СТ СЭВ 306-76) бойынша тығыздықты орнықтырулар сыртқы бұрандасы болаттан, ал ішкі бұрандасы болаттан,  жоғары беріктікті немесе титан қоспаларынан, шойыннан, алюминий және магний қоспаларынан өнделген бөлшектер үшін қолданады.

 

 

108-сурет. Бұранда тығыздықты орнықтыруларының дәлдік шегі аудандары 

                                                       орналасуы

   Бөлшектерді біріктіру кезінде тығыздық мәнін сәл жоғарылатудың өзі оларда пайда болатын кернеулердің тез өсуіне апарады және сондықтан оларда пластикалық деформация болуы мүмкін. Сондықтан, бұл біріктірулерде бөлшектерді бір-бірімен жинақтау кезінде, бөлшектерді өлшемдеріне қатысты екі-үш топтарға топтастырып селективті (іріктеліп)

жинақтау әдісін (109-сурет)  қолданады. Іріктеу бұранда ұзындығының орта белінен өлшеп алынған орташа диаметр бойынша орындалады.

 

109-сурет. Бұрандаларды  топтарға іріктеу:

  1- іріктелмеген; 2- екі топқа іріктелген орнықтырулар; 3- үш топқа

    іріктелген   орнықтырулар.

 Бұранда тығыздықты орнықтыруларының дәлдік шегі аудандары  орналасуы (108-сурет), ал қолдануға ұсынылатын орнықтырулар (26 кесте) көрсетілген.

 

Бұрандамалы біріктірулердің тығыздықты орнықтыруларына қолдануға ұсынылатын  дәлдік шегі аудандары

                                                                                                                       26 кесте

Бөлшектер материалы

Дәлдік шегі аудандары

Жинақтау қосымша шарттары

Сыртқы бұранда

Ішкі бұранда, адымдарына Р қатысты

1,25мм дейін

1,25мм астам

Шойын және алюминий қоспалары

 

2r

 

 

 

-

Шойын, алюминий және магний қоспалары

 

3p (2)

 

 

 

Екі топқа іріктеу

Болат, жоғары беріктікті және титан қоспалары

 

3n (3)

 

 

 

Үш топқа іріктеу

 

   Бұралу ұзындығына және сыртқы мен ішкі бұрандамалар пішіндерінің ауытқуларына қойылатын талаптары өтпелі орнықтыруларына орнатылған талаптармен бірдей.

 

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 876 | Теги: Өтпелі орнықтырулар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: