-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тоңазытқыш витринасы

Тоңазытқыш витринасы

 Тоңазытқыш витринасы көрсетіп қою үшін қысқа мерзімге сақтауға және тоңазытылған, салқындаған азық-түлік тағамдарын сату орындарында жұмыс істейді. Витрина түрлері, функционалды белгіленуі сату әдістеріне байланысты. Витриналардың ашық ойылған жері мен жылжымалы шыны жармасы бар.

ВХ-0,5 тоңазытқыш витринасы орта температуралы тоңазытқыш қондырғысына жатады, машина бөлімі мен салқындаушы көлем көрсеткішінен тұрады.

ВХ-0,5 витринасының құралымы каркассыз. Негізгі қызметті төлкесінде биіктігі бойынша реттеуші пышағы оралған дәнекерленген құралым рамасы атқарады. Рамасына барлық периметрі бойынша қайырылған қаптауы, ал қайырылуына тот баспайтын жазық жұқа болаттан жасалған үстел бекітілген. Витрина үстелдері қорапша тәрізді, тоттанбайтын жұқа болат табақшадан дәнекерленген.

Сыртқы қаптауы мен ішкі қорапша қаптауы аралығында ПСБ-С   полистрольды   пенопласт   жылуоқшаулағышы орналасқан. Оқшауланған қорап көлемінде булағыш бекітілген, сатушы жағынан декоративті шарбақпен жабылған. Қораптың біраз биіктігі сыртқы жағынан сатып алушыларға қызмет ету үшін табақша мен үстел сияқты етіп жасалған. Арнайы витриналар шынысы қырынан қойылған.

Сатушысы салқындаушы көлемге жету үшін жылжымалы жарма түрінде қоршау жасалған. Салқындаушы витринаның ішкі көлемі люминесцентті шаммен жарықтанады және азық-түліктерді орналастыру үшін сөрелері болады.

Құралымның төменгі биіктігіндегі машиналы бөлімінде рамаға тоңазытқыш агрегаты монтаждалған. Машиналы бөлімінде алынбалы-салынбалы ауаның айналуы үшін және қоршаған ортадан түсетін конденсаторды салқындату үшін жалюзді қоршау орнатылған.

ВХ-0,5 витринасының технологиялық сипаттамасы 9.5-кестеде келтірілген.

ВХС-1-0,16 тоңазытқыш витринасы. Алдын ала тоңазытылған   азық-түлік   сатуға  және  көрсетуге  аз мерзімге сақтауға жұмыс істейді. Салқындамайтын үстел машиналы бөлімі мен салқындаушы витринасы басқа витриналар типіне ұқсас.

ВХС-1-0,15 пен ВХС-1-0,25 витринасы сауда кәсіпорындарында салқындаған азық-түлік тауарларын дәстүрлі түрде сатуға және көрсетуге, қысқа мерзімге сақтауға қарастырылған. ВХС-1-0,15 пен ВХС-1-0,25 «Таир-206» витриналары құралымы бойынша ұқсас. Олар машиналы және салқындатушы витриналар бөлімдерінен тұрады (9.16-сурет).

Витриналар құралымы каркассыз. Дәнекерленген рамаға ауаны салқындату үшін қаптау жалюзімен бекітілген, ол тоңазытқыш агрегаты конденсаторына салқындауға түседі. Салқындамайтын үстел – ол автомат құралдары мен басқару қорғаны (қалқан), тоңазытқыш бөлімі, онда тоңазытқыш агрегаты орналасқан. Салқындаушы витрина бүйір жағы мен алдыңғы жағында силикатты шыны табақшасынан құралған. Сатушы жағынан жылжымалы салқындаушы көлемге жетуді қамтамасыз ететін есіктер қарастырылған.

Ішкі салқындаушы көлем герметизациясын шынылар периметрі бойынша ойылған тесікке бекітілген резеңке төсем қамтамасыз етеді.

Артқы жағында салқындаушы витрина қуысында қабырға-құбырлы булағыш монтаждалған, ол алынбалы-салынбалы жалюз қорғанымен жабылған. Жұмыс жасайтын үстел болып есептелетін сырт жағындағы қуыс булағышы металл табақшамен жабылған.

ВХС-1-0,15 пен ВХС-1-0,25 «Таир-206» тоңазытқыш витриналарының техникалық сипаттамалары 9.5-кестеде келтірілген.

ВХС/В-1-0-08 – бұл орта температуралы витрина жоғарғы салқындаушы мен төменгі машиналы екі бөлімнен тұрады. Витрина қысқа мерзімге сақтауға, азық-түліктерді алдын ала тоңазытып, көрсетіп сатуға арналған.

Құралымы бойынша ол ВХ-0,5 тоңазытқыш витринасына ұқсас. Витринаның салқындаушы көлемі 0,08 м3 құрайды, температурасы 0-ден +12 °С-қа дейін қойылды.

Төмен температуралы ВХН-1-0,315 тоңазытқыш витринасы (9.18-сурет) қысқа мерзімге сақтауға, тоңазытылған тамақтар мен балмұздақтарды сатуға көрсетуге арналған.

ВХН-1-0,315 витринасының құралымы каркассыз, ол қаптауға бекітілген негізгі рама болып табылады. Салқындамайтын үстелге К502 хладонмен жұмыс істейтін тоңазытқыш агрегаты монтаждалған.

 

 

 Төмен температуралы ВХН-1-0,315тоңазытқыш витринасы

Техникалық сипаттамасы 9.5-кестеде келтірілен.

ВХС-1-0,8-0 витринасы – бұл жан-жақты тоңазытқыш агрегаты бар орта температуралы тоңазытқыш витринасы, қысқа мерзімді сақтауға, тоңазытылған азық-түлік тауарларын көрсетіп, өзіне-өзі қызмет етуші дүкендерде сатуға жұмыс істейді.

Витрина салқындаушы мен машиналы бөлімнен тұрады (9.19-сурет). Салқындаушы бөлімі шыны мен металдан жасалған. Артқы шынысы, түбі мен төменгі биіктігі, алдыңғы қабырғасының сыртқы қаптауы болат табақшадан және ішкісі алюминийден жасалған. Қабырға араларындағы кеңістік пеноплуиретанмен толтырылған. Витрина түбі жұмсалған су ағатын тесікке қарай көлбеуленген, су резеңке шланг арқылы канализацияға кетеді.

Бүйірдегі панельдері мен алдыңғы қабырғаның жоғарғы биіктігі шыныланған. Витрина үстінің ашық тесігі бар, ол тұтынушылардың тауарды таңдауы үшін қажет. Салқындаған ауадан бүркемелеу үшін жатқан тауар витринасының салқындаушы көлемінде сорғыш және айдамалы ауа каналдары бар. Машиналы бөлімінде тоңазытқыш агрегат, электр қондырғысының қорғаны, электронды қондырғысымен автоматты өшіргіш УЭ-2, автоматты қарлы «жамылғыны» еріту үшін және басқа құралдар орнатылған. Салқындаған ауаның еріксіз айналуы екі электр желдеткішті қамтамасыз етеді, каналдары мен ауасалқындатқышы сорғыш және айдамалы.

Сөренің фронтальды биіктігінде жетекші тауарлар үшін салқындауды қажет етпейтін басқару қорғаны сигнал шамымен, өшіргішімен және витринаның салқындаушы биіктігінің температурасын бақылау үшін манометрлік термометр монтаждалған. Тауарлар алюминий табақшасынан жасалған 8 сөреге салынады. Биіктігінің шегі жүктерінің салқындаушы көлемнің қабырғадағы бүйір сызығында белгіленген. Ашық витринаның техникалық сипаттамасы 9.5-кестеде көрсетілген.

ВХС-1-0,8-0 ашық тоңазытқыш витринасы:1 — электржелдеткіш; 2 — жылуоқшаулағыш;3 булағыш; 4 – айдамалы ауа каналының торы; 5 пен

8 – сөрелер; 6 – басқару қалқаны; 7 – шыны қоршаулар;9 – сорғыш ауа каналы; 10 тоңазытқыш агрегаты;11 – биіктігінен қарай реттелуші тірек;12 – электрқондырғылары; 13 – қолданылған су ағатын шланг

ВХС-1-0,8-3 тоңазытқыш витринасы жабық, орта температуралы витрина, ол қысқа мерзімді сақтау, көрсету жөне алдын ала тоңазытылған азық-түлік тағамдарды сату үшін жұмыс істейді.

ВХС-1-0,8-3 витринасы машиналы бөлімінен тоңазытқыш витринадан тұрады. Салқындаушы көлем витринасы бүйірлерінен және тұтынушылар жағынан шыныланған, ал сатушы жағынан салқындаушы көлемге жету үшін қойылған жылжымалы шыныланған жармасы бар.

Салқындаушы көлем қуысына қабырғалы-құбырлы булағыш, жеңіл алынатын-салынатын қоршаулар монтаждалған. Қуыстың сыртқы жағы мен салқындаушы көлемнің жоғарғы жағы металл табақшамен жабылған және сатушыға жұмыс үстелі мен сөресін жасайды. Машиналы бөлімі өзінше негізгі раманы құрайды, ол қапталған панельге бекітілген. Машиналы бөлімнің ішкі көлемінде тоңазытқыш агрегаты, басқару қалқаны, автоматты өшіруші мен булағышты автоматты түрде еріту үшін УЭ-2 қондырғысымен монтаждалған.

ВХС-1-0,8-3 витринасының техникалық сипаттамасы 9.5-кестеде көрсетілген.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 1065 | Теги: Тоңазытқыш витринасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: