-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тоңазытқыш шкафтары

Тоңазытқыш шкафтары

 Тоңазытқыш шкафтары салқындатылған тағамдар мен тоңазытылған тағамдарды қысқа мерзімге сақтау үшін қолданылады. Тоңазытқыш шкафтары сауда кәсіпорындарында сатушылардың жұмыс орындарында – сауда залында, ал қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында – өндірістік цехтарда, буфеттерде, барларда, т.с.с. орнатылған.

Бірыңғайланған тоңазытқыш шкафтары. ШХ-0,71; ШХ-1,40; ШХ-1,40К; ЖН-1,0 тоңазытқыш шкафтары температура режимі, габариті, құралымды элементтері жағынан, ол пайдалану үмітін арттырады, салқындаушы көлем қолданылу нәтижесінен де салыстырады.

Бір функциялы тоңазытқыш қондырғыларын бірыңғай негізде жасау; функционалды бірыңғай белгіленуі бойынша, заттардың типтік мөлшер санын төмендетуге жағдай туғызды. Оның тікбұрыш пішіндері корпусы жылуоқшаулағышты панельдей жиналған. Әрбір панельдің екі металл беттерінен тұрады, кеңістік аралығы пенополиуретан тұратын жылу оқшаулағышы құйылып толтырылған.

Тоңазытқыш шкафтары бірыңғайланған машина бөлімі құралымының жоғарғы жағын алады, салқындаушы көлемде ауамен салқындату тәсілінде қорытындылады.

Тоңазытқыш шкафтары ШХ-0,71, ШХ-1,40 құрылысы (9.6-сурет) тоңазытқыш шкафының биіктігі бойынша 10 аяғымен реттеп құрады. Салқындаушы көлем есігі бар, құлыппен қамтамасыз етілген, кілтімен жабылады. Периметрі бойынша тығыздалып тұру үшін есікке полихловинильді магниттелген тығыздық бекітіледі. Салқындатушы көлемде 7 торлы-сөрелер тағамдарды қою үшін қарастырылған. Ішкі салқындатушы көлем жарықтануын қыздыру шамы есік ашылғанда автоматты түрде жасайды. Шкафтың жоғарғы биіктігін машина бөлімі алып жатыр. Төбесіндегі панелінде монобұлтты тоңазытқыш машинасы монтаждалған, оның құрамына 1 тоңазытқыш агрегаты ВС-400(2) типті 6 ауасалқындатқыш пен басқару қорғаны кіреді.

Салқындатылған ауа ауасалқындатқыштан салқындаушы көлемге барады; ауамен салқындату тәсілі температураны біркелкі бөлуді қамтамасыз етеді. 2 басқару қорғаны (қалқан) машиналы бөлімінің алдыңғы қабырғасына орналасқан. Қалқанда тоңазытқыш машинасының токтарын қосу және айыруы монтаждалған; шамдар, тоңазытқыш агрегаттарының қосылғанынан белгі беруші (жасыл жарық сүзгілі шамы) мен еру режимі туралы (сары сүзгілі шам) жасалған. 2 басқару қорғанында автоматты қосылған, магнитті босатқыш пен УЭ-1 булағыш үстіндегі (қарлы жамылғыда) ерітудің автоматты процесін басқару үшін монтаждалған. Еріту желдеткішпен берілетін, булағышты ауамен екпінді үрлеу кезінде жүреді. Тоңазытқыш агрегаты қосылған кезде еріту жүргізіледі. Поддонда таза су жиналады, ол салқындаушы көлем артынан шығатын және тоңазытқыш шкафы астына орналастырылған.

ШХ-1,40 К тоңазытқыш шкафы қысқа мерзімге тез бұзылатын, алдын ала салқындатылған тағамдарды функционалды ыдыста не контейнерлерде сақтауға арналған.

Тағамдарды функционалды сауыттарда сақтағанда олар ақырғы торларға қойылады. Тағамдарды сақтағанда ыңғайлы болу үшін оларды жылжымалы стеллаждарда төменгісіне қояды.

Басқару алдында төменгі панельде есептелетін пандус қарастырылған және стеллаждар доңғалағы үшін басқарушы шкаф панельдері орындалған (9.7-су-рет). ШХ-1,40К құралымында техникалық бірнеше прогрессивті шешімдер қолданылған: құйылатын пенополиуретанды жылуоқшаулағышы, қоршаған жылуоқшаулағышы түріндегі құралымы салқындату үшін ауаның еріксіз айналуы монобұлтты толық автоматтанған тоңазытқыш машинасы төмендегі панельге монтаждалған.

«Қарлы жамылғыны» булағыштан еріту үшін УЭ-1 қондырғысы қолданылған, ол автоматты түрде лимбоменшкалаға («кезеңділік» орнатылған), булағыш кезеңділігі мен еру режиміне тоңазытқыш машинасын «салқындату» режиміне ауыстыру жұмысын қамтамасыз етеді. Шықтың еруі булағыш үстінде табиғи жылжу ағысы есебінен жүргізіледі. Автоматты түрде салқындаушы көлемдегі температураны реттеу үшін ТР-1-0,2Х реле сезгісі қолданылады, ол тоңазытқыш агрегаты компрессорын кезеңімен өшіріп отырады.

ШН-1,0 тоңазытқыш шкафы төмен температуралы шкаф.  Оның құралымы ШХ-0,71  мен ШХ-1,40 құралымына ұқсас, бірақ ерекшеліктері де бар. Бетіндегі жылуоқшаулағышты панельде төрт есік қарастырылған, есік ашылғанда қоршаған ортадан салқындаушы көлемге келетін ауа ағысы қысқарады. Есіктің ойығында рамка астында периметрі бойынша электр қуаты өтетін жеткізуші (қыздырушы өткізгіш) өтеді, ол панельдердің жылуоқшаулағышты сыртқы беттеріне магнит қойылған полихлорвинильді тығыздықтың қатып қалуынан сақтандырады. Машина бөлшегінде МХНШ-600 тоңазытқыш агрегаты негізінде ВН-630 (2) тоңазытқыш машинасы монтаждалған.

Қарлы жамылғыны еріту автоматты режимде УЭ-2 қондырғысының  қатысуымен  іске  асырылады.

Ауасалқындатқыш желдеткіші еру режимінде өшіп қалады. Еріту 22-хладонның ыстық компрессордан булағышқа түсетін буымен іске асады.

ШН-1,0 техникалық сипаттамасы 9.4-кестеде көрсетілген.

Аталған тоңазытқыш шкафтар типтері қоғамдың тамақтану және сауда кәсіпорындарында пайдаланылады. Өзінің құрылысы бойынша шкафтар каркасты-құралымы болады. Каркас үсті салқындаушы және төмені машиналық болып, функционалды екі бөлікке бөлінген. Жан-жағынан каркас болатпен, ал каркастың ішкі жоғары биіктігі жалпақ алюминийден немесе тот баспайтын жұқа болатпен қапталған. Салқындау биіктігінің алдыңғы жағында екі рет қапталған және жылу оқшаулағышы бар есігі болады. Есіктің тығыздалып тұрғаны көлденеңінен төсемді қамтамасыз етеді. Есіктің топсасы бар және кілтпен жабылады. Шкафтың салқындаушы көлемінде торлы сөрелер орналастырылған, оларды биіктігіне қарай өзгертуге болады. Салқындаушы көлем жарықтануын қыздырғыш шаммен қамтамасыз етеді, ол есік ашылғанда автоматы түрде қосылады. Салқындаушы көлемде булағыш жоғары монтаждалған, булағыш астында, машина бөлімінде конденсатты жинауға арналған, түтікпен одан әрі құю поддоны орналасқан. Машина бөлімінде тоңазытқыш агрегаты монтаждалған.

 

Тоңазытқыш шкафтарының техникалық сипаттамасы

Кәдімгі пішінді тоңазытқыш шкафтар

 

ШХ0,4М тоңазытқыш шкафы. Тоңазытқыш шкафының құралымы каркасты. Сыртқы беттері ақ эмальмен боялған. Салқындаушы көлемінде (9.9-суретте) арнайы тұтқасымен кілтке тірелетін есігі бар. Ішкі көлемі қызатын шаммен жарықтанады, ол есік ашылған кезде автоматты түрде қосылады. Салқындаушы көлемдегі температурасы берілгеннен асса да, салқындаушы көлемнің бүйір қабырғасына монтаждалған термореле қатысуымен сақталады, ал термосезінгіш термореле баллоны булағыш түтігіне бекітілген. Салқындаушы көлемде температураны әдейілеп бақылау үшін манометрлік термометр қарастырылған. Тоңазытқыш шкафының машиналы бөлімінде ВСр-400 тоңазытқыш агрегаты монтаждалған.

ШХ-0,4М техникалық сипаттамасы 9.4-кестеде көрсетілген.

ШХ-0,8М тоңазытқыш шкафының да каркасты құралымы бар, ШХ-0,4М-ге ұқсас. Айырмашылығы: салқындаушы көлемнің екі есігі бар, олардың әрқайсысы арнайы қақпақпен қамтамасыз етілген және кілтке тіреледі (1.10-сурет). Машина бөлімінде ВС-500 тоңазытқыш агрегаты монтаждалған.

 

ШХ-0,8М тоңазытқыш шкафының жалпы түрі

 

Құралымы бойынша ЖХ-08Ю тоңазытқыш шкафы ЖХ-08М-ге ұқсас, бірақ климатты қабылдауы бойынша оны ауа райы тұрақты аудандарда және Ресейдің оңтүстік аудандандары пайдаланады.

ШХ-08Ю тоңазытқыш шкафының құралымдық ерекшеліктері:

-    машина бөлімі құралымының жоғарғы биіктігіне орналасқан;

-    машина бөлімінде ВС-630 тоңазытқыш агрегаты монтаждалған;

-    салқындаушы көлемге төрт магнитпен тығыздалған, арнайы қақпақтары мен кілтке тірелетін есік арқылы жетуге болады.

ШХ-08Ю техникалық сипаттамасы 1.4-кестеде көрсетілген.

ШХ-0,56 тоңазытқыш шкафының төменгі жағында орналасқан (1.11-сурет) машиналы бөлімі мен салқындаушы көлемі, каркасты құралымы болады. Машиналы бөлімінде ВСр-400 тоңазытқыш агрегаты, жабылатын алып-салмалы жалюзімен монтаждалған. Екі есікті қақпағымен және кілтке тірелетіндері арқылы салқындаушы көлемге жетуге болады. Температураны автоматты түрде салқындаушы көлемде сақтау термореттеуші, термосезінгіш, катрон арқылы іске асырылады, ол булағыштың сорғыш құбырында бекітілген.

 

 

ШХ-0,56 тоңазытқыш шкафының жалпы түрі

 

ШХ-056 техникалық сипаттамасы 9.4-кестеде көрсетілген.

ШХ-И қарқынды тоңазыту шкафы (9.12-сурет) қоғамдық тамақтану орындары және фабрикаларда дайындалған тағамдар мен жартылайфабрикаттарды тез салқындату үшін функционалды ыдысқа, контейнерге, жылжымалы қатар-қатар сөрелерге орналастыруға арналған.

ШХ-И шкафы төртбұрыш пішінді; салқындаушы көлемі арнайы қақпағы және құлпы бар жылуоқшаулағышпен қапталған есікпен жабылады.

ШХ-И тікбұрыш пішінді, 12 жылуоқшаулағышты корпусы бар. Жылуоқшаулағышы есебінде полистрольды ПСБ-С пенопласт қолданылған. 2 шкаф есігі қарқынды салқындатуға пенополиуретоннан жылуоқшаулағышына құйылған панелі бар периметрі бойынша тығыздалады. Есіктен жоғары электр құралдарымен сигнал арматуралы автомат блок орналасқан. Басқару қалқанында автоматты қосқыш өшіріледі, электр қозғаушы қуаттан қысқа тұйықталуынан қорғауға арналған.

Қысқа мерзімді токтан тұйықталудан тізбектерді басқарудан қорғау үшін мыналар қажет: автоматты жарықты өшіру; тоңазытқыш агрегаты жұмысын басқаруға екі магнит босатқыш және желдеткіш бағытын өзгертуге екі уақыт релесі, аралық реле мен сигнал шамы, «дайындық» тартылыс күші. Салқындаушы көлемі ШХ-Н (10) ауасалқындатушыдан бөлінген үш саңылаулы кедергімен, онымен желдеткіш диффузорын орнатады. Ауасалқындатқыштың төменгі жағына 11 поддон бекітілген, ол суды жинап, оны трубка арқылы 13 канализацияға жібереді. Жүйенің жұмысын ыңғайластыру үшін тоңазытқыш агентімен бүйірдегі шкаф қаптамасына үш тікбұрышты 6 люк, жабық алынбалы-салынбалы қақпаға қарастырылған.

ПІХ-И салқындатушы көлемде бір функциялы 26 ыдысымен (140 кг азық-түлік) стеллаж орналасады. ШХ-И шкафы бөлек тұратын 1АК10-1-2 тоңазытқыш агрегатымен қызмет атқарады. Жұмыс принципі ШХ-И толық жұмыс істемес бұрын тоңазытқыш машинасын жұмысқа қосып, оны қосылған бойы сигнал шамы «дайындық» жанғанша қалдырады. Сосын салқындатушы көлемді жылжымалы стеллажды азыққа толтырады, одан кейін есігін жауып, басқару қалқанында тумблермен салқындау кестесі орнатады. Бұл кестеде ауасалқындатқыштың желдеткіз үзіліссіз 15 мин. жұмыс істейді, сосын уақыт релесі оларды өшіреді, тоқтату кезеңі 15 секундқа созылады. Ол мерзім өткен соң желдеткіштер тағы қосылады, бірақ қарама-қарсы бағытта айналады.

Салқындату кестесіндегі уақыт релесі тоңазытқыш агрегаты мен желдеткішті өшіреді. Салқындаушы көлемде температура +6 °С-қа дейін көтерілгенде екінші уақыт релесі тоңазытқыш машинасын қосуға команда береді, циклмен сақтау режимі жұмыс істей бастайды. Қарқынды салқындату шкафында блокировка қарастырылған, ол есік ашылған кезде тоңазытқыш агрегатын өшірмейді, ал есік жабылғанда тоңазытқыш агрегаты қайта жүмысқа қосылады.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 1635 | Комментарии: 1 | Теги: Тоңазытқыш шкафтары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Abilkhairova Anargul   (06.12.2016 01:08)
спасибо


Имя *:
Email:
Код *: