-->
Главная » Статьи » Стандарттау

ТМД аясындағы стандарттау, сертификаттау және метрология.

ТМД аясындағы стандарттау, сертификаттау және метрология.

ТМД аясындағы стандарттау, сертификаттау және метрология 1992 жылдан бері қолданыстағы және үкіметаралық болып табылатын «Стандарттау, сертификаттау және метрология салаларында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге» сәйкес жүзеге асырылады. ТМД-ның қатысушы-елдерінің Мемлекетаралық Кеңесі (МАК) құрылған, МАК халықаралық стандарттарды қабылдайды.

1995ж. ИСО Кеңесі МАК-ті ТМД елдерінде стандарттау бойынша аймақтық ұйым дап таныды [43].

Мемлекетаралық стандарттаудың негізгі мақсаттары:

- тұтынушылардың және әрбір мемлекеттің мүддесін қорғау – өмір, денсаулық және тұрғындардың мүліктерінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін мәселелер бойынша Келісімнің қатысушысын;

- мемлекетаралық мүддені білдіретін өнімнің үйлесімділігі мен өзара алмасуын және басқа талаптары қамтамасыз ету;

- Келісімнің қатысушы-мемлекеттері өндірістерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуге көмектесу;

- өндірістегі және саудадағы техникалық кедергілерді жою, әлемдік нарықта Келісімнің қатысушы-мемлекеттері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және мемлекеттердің мемлекетаралық және халықаралық еңбекті бөлуге тиімді қатысуына көмектесу;

- табиғи және техногенді апаттар болғанда, сонымен қатар басқа төтенше жағдайларда Келісімге қатысушы-мемлекеттердің шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін арттыруға көмектесу.

ТМД аясында «Сертификаттау нәтижелерін өзара мойындауға Келісім» қолданылады. Бірақ бұл салада ережелердің қайшы келуімен байланысты мәселелер бар. 1998ж. аккредиттеуге қатысты құжатқа қол қойылды. Аккредиттеу саласындағы көпжақты ынтымақтастық туралы хаттамаға Украинадан басқа ТМД мемлекеттерінің барлығы қол қойды.

ХЭК және СЕН-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бірыңғай ережелер және сәйкестіктің бірыңғай белгісіне өту ауыр болып шықты және әзірше мүмкін емес болды.

МАК-те ТМД елдері үшін еуропалық стандарттарды мемлекетаралық стандарттар ретінде тікелей қолдану шарттары туралы мәселе қарастырылды.   Сонымен бірге келесі ережелер сақталуы тиіс:

-ТМД стандарты қай еуропалық стандартқа сәйкес екені көрсетілуі қажет;

- құжатты кез келген тәсілмен қайта жаңғырту СЕН-нің келісімімен ғана жасалуға тиісті екенін көрсету қажет;

-еуронормаларға қайшы келетін ТМД елдерінің барлық ұлттық стандарттары қолданыстан алынып тасталуы тиіс.

-еуронорманы тікелей қолдану болып табылатын стандарттардың барлық көшірмелері міндетті түрде СЕН-ге жіберілуі қажет.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1707 | Теги: ТМД аясындағы стандарттау, сертификаттау және метрология. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: