-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тісті және бұрамдықты берілістер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары

Тісті және бұрамдықты берілістер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

Берілістің жүріс бірқалыптылығының параметрлері

     Тісті беріліс жүріс бірқалыптылығы тісті доңғалақ бір толық айналым көлемінде циклдіқ түрінде қайталанатын қателіктер параметрлерімен анықталады.

    Берілістің және тісті доңғалақтың циклдіқ қателіктерінің дәлдік шегі келесі байланыс бойынша анықталады:

fzko = fzk = (k-0,6 + 0,13) Fr

мұндағы:

Fr - тісті доңғалақ тәжісі радиалдық соққылауының дәлдік шегі;

- тісті доңғалақ айналым көлеміндегі циклдер жиілігі.

  Тісті доңғалақ жүріс бірқалыптылығын көрсеткіштері қатарына  адымдар ауытқуы жатады. Адым (бұрыштық) ауытқуы fptr нақты Ptr және есептік Ptадымдар айырмашылығы болып анықталады.

fptr= (φД -2π/zr

 

134-сурет. Адым аыутқуы сұлбасы (а) және өлшегіш аспап (б):

1- тұрқы; 2- бұрама; 3- микробұрама; 4-бұрама; 5- қозғалмалы өлшегіш аяқтама; 6- қозғалмасты аяқтама; 7- өлшеуші бастиек; 8- бекітуші бұрама.

 

     Іліністегі адым ауытқуы fpbr деп, іліністің нақты және номиналды адымдарының  айырмашылығын атайды. Іліністің нақты және номиналды адымдары деп, тісті доңғалақтың көрші орналасқан екі тістерінің бүйір беттеріне жанамалы параллельді беттер арасындағы ең қысқаша арақашықтықты (134а-сурет) атайды. Оны әрқашан да нормальдік қима бойынша анықтайды:

fpb = | fpt|·cos

 

Іліністің адым ауытқуын анықтау үшін арнайы адым өлшегіш аспаптарын (134б-сурет) қолданады.

                      

    Тістер профилінің қателігі деп нақты   бүйір (2) профиліне  ең жақын іргелес орналасқан екі номиналды  профильдерінің (1), нормаль бойынша арақашықтығын (135-сурет) атайды.

135-сурет. Тіс профилінің қателіктері:

1 және 2- номиналды және нақты шетжақ профильдері; 3- негізігі шеңбер; 4- тістің жұмыс атқарушы шекарасы.

 

 Профиль қателіктері жүріс бірқалыптылығына әсер етеді және тістер түйісу беттер көлемін қысқартады. Тістер профилінің қателіктерін бақылау үшін эвольвента өлшегіш аспаптарын (136-сурет) қолданады.

136-сурет. Эвольвента өлшегіш аспап:

1- ауыстырмалы дискі; 2, 5- өлшеу межелігі; 3- тексерілетін доңғалақ; 4- индикатор; 6- күймеше; 7- жүріс бұрамасы; 8- рычаг; 9- сызғыш.

 

   Тісті берілістер жүріс бірқалыптылығына әсер етуші қателіктер жұмыс істеу барысында қайталана беріп, тістер соққылы жұмыс атқаруына апарады, біліктердің серпімді тербелісін тұғызады. Осы себептерге байланысты, ауыр жүктелген және жылдамдықты тісті берілістердің ұзақтұрақтылығы күрт төмендейді.

   Тісті берілістер жүріс бірқалыптылығын жоғарылату үшін, тісті бүйірлерінің  дәлдігін жоғарылату қажет, ол үшін өңдеу соңында,  тістерді дәлдікті қосымша қыру және жануыштау  операцияларын жүргізеді.

 

Беріліс беттері түйісу толықтылығының параметрлері

  

 Баяу жүрісті, ауыр жүктелген тісті берілістер үшін, тістер беттері түйісу толықтылығы өте маңызды. Себебі, беттері толық емес және бірқалыпты емес тістер түйісу кезінде, майлану жағдайы нашарлайды. Түйісу кернеулері өседі, тістер беттеріне әсер етуші меншікті жүктелу ұлғайып, олардың тозу мерзімін қысқартады.

  Берілістер тістері түйісу толықтылығы, кешенді параметр - беттер түйісу қосынды дағы толықтылығымен, анықталады.

137-сурет. Түйісу дағы

Түйісу дақ көлемі (136 сурет) салыстырмалы өлшемдер арқылы анықталады:

Ø  тіс ұзындығы бойынша:

-қиғаш тісті берілістерге                                         

 -тік тісті берілістерге                                                     

Ø  тістер биіктігі бойынша:                                                                                             

 

    Түйісу дақ өлшемдері берілістердегі өңдеу және жинақтау қателіктеріне байланысты. Қателіктердің негізгі себептері болып тістер бағыттарының қателігі, осьтер параллельсіздігі және қиғаш орналасуы болып табылады.

 

Берілістердегі дөңгалақтар тістері бірігуінің түрлері

      Берілістердегі доңғалақтар тістері бірігуінің түрлері, эвольвентті тісті берілістің дұрыс жұмыс атқаруына әсер етеді және ол негізінде кепілдікті бүйір саңылауының мәніне байланысты.

     Бүйірлік саңылау jдеп, іліністегі доңғалақтар тістері арасындағы негізгі шеңберлеріне жанамалы жазықтық бойынша және тістер бағытына перпендикулярлы қимадағы ,саңылауды атайды  (137 сурет).

    Бүйірлік саңылау, беріліс жұмыс атқару кезінде майлану жағдайын қамтамасыз ету, өңдеу және жинақтау қателіктерін, температуралық деформацияларды қайыру үшін қажетті.  Бір жағынан бүйірлік саңылау мәні кіші боса беріліс сыналанып қалу ықтималдығы өседі, ал екінші жағынан бүйірлік саңылау мәні үлкен болса, онда беріліс соққылы жұмыс істейді.

138-сурет. Бүйірлік саңылау

     Сондықтан, бүйірлік саңылау мәнін тағайындау мәселесі, берілістерді пайдалану талаптарына байланысты.

    Кепілдікті бүйір саңылауды қамтамасыз ету үшін, бастапқы қарамды /тіс өңдеуші құралды/ радиалдық бағытта ығыстырады. Ығыстырып орналастыру мәнін, жалпы нормальдін орташа ұзындығы бойынша немесе тіс қалыңдығының ауытқуы, арқылы анықтайды.

    Бастапқы қарамды қосымша ығыстыру EHR (138 сурет), берілістегі кепілдікті бүйір саңылауды қамтамсыз ету үшін қажетті. Оның ең кіші мәнін ығысу EHS  параметрі арқылы мөлшерленеді.

139-сурет. Бастапқы  контурды қосымша ығыстыру           

 

   Бастапқы қарам ығысыуы тангенциялдық тіс өлшегіш аспап (140-сурет) көмегімен бақыланады.

140-сурет. Тангенциялдық тіс өлшегіш:

1,5 - өлшеуші ернеулер; 2- бұрама; 3- индикатор; 4- бұрама 

 

9.3. Цилиндрлік тісті берілістердің дәлдік шегі жүйесі

      Стандарттар ГОСТ 1643-81 (СТ СЭВ 641-77) бойынша эвольвентті цилиндрлік сырттай және іштей іліністі тік, қиғаш, шеворонды тісті доңғалақты берілістерге 12 дәлдік дәрежісі: 1,2,3,......12 орнатылған. Дәлдік дәреженің саны өсуіне қарай дәлдік төмендейді. 6-11 дәлдік дәрежелі тісті доңғалақтар кеңінен қолданылады. 3-5 дәлдік дәрежелі тісті доңғалақтар үлгілі болып табылады, сондықтан өлшегіш тісті доңғалақтар есебінде қолданылады. Тісті доңғалақтардың әрбір дәлдік дәрежелеріне қатысты геометриялық параметрлерінің мөлшерлері орнатылған.  Беріліс тістерінің беттері қызуға байланысты ұстасып сыналанбауы үшін және дұрыс майлану жағдайын қамтамасыз ету үшін берілісте минималды кепілдікті бұйірлік саңылау  jn min болуы тиісті.

    Тісті доңғалақтар және беріліс дәлдік дәрежелеріне тәуелсіз болып іліністегі  бүйір саңылау мәніне байланысты тісті доңғалақтар бірігуінің 6 түрі: А,В,С,D,Е,Н, және дәлдік шегінің 8 түрі:  х, у, z, а, b, с, d, h орнатылған. Белгілеулер бүйірлік саңылау және оның дәлдік шегі кемуіне байланысты орналасқан (141-сурет).

 

 

141-сурет. Тісті доңғалақтар бірігуінің түрлері

 

  Егер тісті доңғалақтарға немесе берілістерге, арнайы талаптар орнатылмаған болса, онда Н және Е бірігуі түрлеріне бүйірлік саңылау дәлдік шегінің түрі  h тағайындалады.  Ал  D, С , В, А  бірігуі түрлеріне сәйкес d, с, b, а дәлдік шектері орнатылады. Бүйірлік саңылау мөлшерлері және берілістегі тісті донғалақтар бірігуі түрі және бүйірлік саңылау дәлдік шегі сәйкестігін өзгертіп  х, у, z дәлдік шектері түрін қолдануға болады.

   Цилиндрлік тісті доңғалақтарды және берілістерді өндеу дәлдігі олардың дәлдік дәрежесімен, ал бүйірлік саңылауға қойылатын талаптар бүйірлік саңылау мөлшерлері бойынша бірігу түріне байланысты анықталады.

   Осы жағдайға байланысты, стандарт  бойынша тісті доңғалақтар және берілістер үшін өңдеу дәлдігінің шартты белгілеуі орнатылған. Егер барлық үш мөлшерлер бойынша: кинематикалық, жүріс бірқалыптылығы, тістер беттерінің толықылығы  бірдей дәлдік дәрежесі орнатылған болса, ал тістер бірігуі түрі және бүйірлік саңылау дәлдік шегі бір-біріне сәйкес болса, онда шартты белгілеу келесі болады:

                            7- D ГОСТ 1643-81 немесе 7- D СТ СЭВ 641-77.

    Бұл белгілеуде кинематикалық   дәлдік, жүріс бірқалыптылығы және тістер түйісу толықтылығы бойынша бірдей 7 дәлдік дәрежесі орнатылғанын көрсетеді, ал тағайындалған тістер бірігуі түрі- D және бүйірлік саңылау дәлдік шегі- d.

  Егер дәлдік дәрежелері әр түрлі  болып мөлшерленсе және тістер бірігуі мен бүйірлік саңылау түрі әр түрлі тағайындалса, онда олар келесі түрде көрсетіледі:

                            8-7-6-Ва СТ СЭВ 641-77

  Көрсетілген шартты белгілеу бойынша, тісті берілістің кинематикалық дәлдік дәрежесі- 8, жүріс бірқалыптылығының дәрежесі- 7, түйісу толықтылығын дәрежесі- 6, тістер бірігуінің түрі- В және бүірлік саңылау дәлдік шегі- а.

  Егер бірде-бір дәлдік дәрежесінің көрсеткіші мөлшерленбеген болса, онда оның сан мәнінің орынына N әріпімен белгілеу орнатады: 

                                     N-7-6-Ва СТ СЭВ 641-77

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 2725 | Теги: бақылау әдістері мен аспаптары. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: