-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тісті және бұрамдықты берілістер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары

Тісті және бұрамдықты берілістер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

 

Тісті берілістерге қойылатын пайдалану талаптары

     Тісті доңғалақтар ілінісі арқасында қозғалыс берілуін қамтамасыз ететін механизм тісті беріліс деп аталады. Тісті берілістер әртүрлі аспаптар, машиналар құрамында қолданылады. Тісті берілістер құрамындағы тісті доңғалақтар  осьтері өзара орналасуына байланысты олар цилиндрлік  (осьтері параллельді), конустық (осьтері қиылысады), гипоидты, бұрамдықты (осьтері айқасады) болады.

   Пайдалану талаптарына байланысты тісті берілістер келесі негізгі топтарға бөлінеді: есептік, жылдамдық, күштік және жалпы жағдайларғанегізделген.

   Есептік тісті берілістер қатарына өлшеуші аспаптар, бөлгіш механизмдердің, есептегіш машиналар тісті берілістері жатады. Көбінесе олардың модуль, тіс ұзындығы, әсер етуші күштер мәндері кіші,  жүріс жылдамдығы баяу болады.

Оларға қойылатын басты талап - берілістің жоғарғы кинематикалық дәлдігін қамтамасыз ету.

  Жылдамдық тісті берілістер қатарына турбиналар бәсеңдеткіштері жатады. Олардын тісті доңғалақтарының шеңберлік жылдамдығы 150м/с, қамтамасыз етілетін қуат мәні 40 мың. кВт дейін болады. Оларға қойылатын басты талап- жүрістің бірқалыптылығын қамтамасыз ету.

  Күштік тісті берілістер қатарына кіші айналым жиілігімен қозғалыс кезінде үлкен мәнді айналым моментерін беруіне негізделген тісті берілістер жатады. Олар қатарына жүктерді көтеру-тасымалдау механизмдері, беріліс қораптары, бәсеңдеткіштер және т.б. қатысты. Олардың модуль және тіс ұзындығы өлшемдері әлбетте үлкен болады.

  Жалпы жағдайларға негізделген тісті берілістер қатарына кинематикалық дәлдігіне, жүріс және түйісу бірқалыптылығына жоғарлатылған талаптар қойылмайтын машиналар және аспаптар тісті берілістері жатады.

  Дәлдік және пайдалану талаптарына қатысты тісті және бұрамдықты берілістерді екі топқа бөлуге болады: күштік және кинематикалық.

  Кинематикалық берілістер жетекші және жетектемелі звеноларының қозғалыстарын сәйкестендіру үшін негізделген, мысалы: іштей жану қозғалыштарының  газ тарату тісті механизмі, май сорғыштың тісті механизмі және т.б.

  Тісті берілістерге қойылатын негізгі пайдалану және дәлдік талаптары:

  • күштік берілістерге:

Ø  тісті берілістер тістерінің биіктігі  және ені бойынша түйісу толықтылығын қамтамасыз ету.

Түйісу толықтылығын қамтамасыз ету, олардын тістер бүйір беттерінің ауданын жүктеме беру кезінде  толық пайдалану үшін қажетті.

Ø  берілісте жұмыс атқармайтын тістер профиль беттері жағында  минималды (кепілдікті) саңылау қамтамасыз ету және оның ең үлкен болуы мүмкін саңылау мәнін мен ауытқуын шектеу.

Минималды саңылау берілістер жұмыс атқару кезінде  температуралық немесе иілу деформацияларына байланысты тістер сыңаланбауын және осьтері параллельсіздігі  және қиғаштығы қателіктерін қайыру үшін қажетті. Ал максималды саңылауды шектеуі, осы саңылауға байланысты механизмде пайда болатын бос жүрісті шектеп және оның арқасында пайда болатын соққылыр мен шуды шектеу (бұл шарт екі бағытта жұмыс істейтін берілістерге маңызды).

  • кинематикалық берілістерге:

Ø  тісті доңғалақтардың және берілістердің кинематикалық дәлдік мөлшерлерін қамтамасыз ету, яғни тісті доңғалақ бір толық айналым көлеміндегі бұрылу бұрышы мәнінің қателігін шектеу.

Ø  үлкен жылдамдықты берілістерге ең маңызды талап, жүріс бірқалыптылығын қамтамасыз ету, яғни циклдіқ қателіктер болмауы тиіс.

   Сонымен, қорытып келгенде «дәлдікті тісті доңғалақ» ұғымы тісті

берілістер пайдалану жағдайларына байланысты әртүрлі болады және қойылатын талаптарға байланысты, жеке дәлдік көрсеткіштері мәндерінің қателіктері және ол қателіктер өзара қатынастары да әртүрлі болады.

   Пайдалану талаптарына байланысты тісті берілістер дәлдігінің барлық параметрлері ГОСТ 1643-81 (СТ СЭВ 641-77) бойынша келесі үш топқа бөлінеді:

Ø  кинематикалық дәлдікті қамтамасыз етуші параметрлер;

Ø  жүріс бірқалыптылығын  қамтамасыз етуші параметрлер;

Ø  тістер беттерінің түйісу толықтылығын қамтамасыз етуші параметрлер.

 

Тісті берілістер  дәлдік параметрлері және оларды бақылау әдістері

   Тісті берілістер  дәлдігі көптеген геометриялық  параметрлер дәлдігімен анықталады. Біреулер кинематикалық дәлдікпен, екіншісі доңғалақтар тістерінің түйісуі  толықтылығымен, үшіншісі жүріс бірқалыптылығымен, төртіншісі тістер беттері бірігуі сипатымен.

   ГОСТ 1643-81 (СТ СЭВ 641-77) барлық эвольвентті іштей және сырттай іліністі цилиндрлік берілістердегі  ГОСТ 13755-68 (СТ СЭВ 308-76) бастапқы қарамы бойынша орындалған тік, қиғаш және шевронды тісті доңғалақтарына қатысты. Бұл стандарттар бөлгіш диаметр өлшемін 6300мм дейін, нормальді модулді  1 бастап 55мм дейін, тістер енінің 1250мм дейін қамтиды және дәлдік дәрежелерін орнатады.

   Стандарт келесі 12 дәлдік дәрежені: 1,2,3,....12 орнатқан. Дәлдік дәреже ұлғайған сайын дәлдік төмендейді. 3-5 дәлдік дәрежелер өлшегіш тісті доңғалақтарға арналған, олардың көмегімен өнделген тісті доңғалақтар бақыланады. Тісті доңғалақтар және берілістер әрбір дәлдік дәрежесіне қатысты кинематикалық, жүріс бірқалыптылығы, тістер беттерінің толықтылығы әр түрлі дәлдік дәрежелерімен мөлшерленеді. Осы көрсетілген үш параметрлер әр түрлі дәлдік дәрежесінде орнатылуы мүмкін. Бірақ, жүріс бірқалыптылығы дәлдік дәрежесі кинематикалық дәлдік дәрежесінен екі дәреже астам және бір дәреже төмен болуы шектеледі. Ал  тістер беттерінің толықылығы жүріс бірқалыптылығы дәлдік дәрежесіне қатысты  әр түрлі жоғары дәлдік дәрежелерінде орнатылуы мүмкін және бір дәреже төмен.

 

 

 Берілістің кинематикалық дәлдігінің параметрлері

Берілістің кинематикалық дәлдігі келесі  параметрлермен сипатталынады.

Берілістің кинематикалық қателігі Fкпп деп, берілістегі жетектемелі тісті доңғалақтың нақты φ және номиналды φ бұрылу бұрыштарының айырмашылығын атайды.

                                                   Fкпп =( φ- φ)r                                               

мұндағы:  - жетектегі тісті доңғалақтың бөлгіш шеңберінің радиусы

 

126-сурет. Беріліс кинематикалық қателігін анықтау:

      1-жетекші доңғалақ; 2- жетектемелі  доңғалақ.

 

Берілістегі  ең үлкен кинематикалық қателік F'ior, деп тісті доңғалақтар толық орын-жағдайын өзгерту көлеміндегі кинематикалық қателіктердің ең үлкен алгебралық айырмашылығын (127-сурет) атайды.

127-сурет. Кинематикалық қателіктер графигі

 

мұндағы: х - тісті доңғалақтар  тістер сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші;

                 φ2-үлкен доңғалақ бұрылу бұрышы.

     Бұл көрсеткіш F'ior 3-8 дәлдік дәрежелеріндегі тісті берілістер кинематикалық дәлдігінің көрсеткіші болып табылады.

   Берілістің ең үлкен кинематикалық қателігінің  мәні дәлдік шегімен F'io шектеледі. Ол берілістегі екі тісті доңғалақтар кинематикалық қателіктері дәлдік шектерінің қосындысына тең.

                                                 F'io= F'i1+ F'i2                                                     

 Тісті доңғалақтың кинематикалық қателігі Fкпк  деп өлшегіш үлгілі тісті доңғалақпен қосылып жүріске келтірілген тісті доңғалақтың нақты және номиналды бұрылу бұрыштарының айырмашылығын атайды.

 Тісті доңғалақтың ең үлкен кинематикалық қателігі деп тісті доңғалақтың  бір толық айналым көлеміндегі кинематикалық қателіктер айырмашылығының ең үлкен мәнін атайды.

 Тісті доңғалақтар кинематикалық қателігі F'ir толық бір айналу бойында анықталады және олардың мәндері келесі қателіктері түрлеріне байланысты: домалау қателігі, адымдардың жинақталған қателігі, тісті доңғалак тәжісінің радиалдық соққылауы, жалпы нормаль ұзындығының және өлшеуші ось арақашықтығының ауытқуы.

  Тісті доңғалақтар кинематикалық қателігінің F'i дәлдік шегі тісті доңғалақтын жинақталған адым қателіктері F және тіс профилінің қателіктері   ff  қосындысына тең:

                                          F'= Fp + f                                                                 

Тісті донғалақ немесе беріліс кинематикалық дәлдігінің жеке элементті көрсеткіштері:

Ø  адымдардын  k  жинақталған қателігі  Fpkr  - бүтін бұрыштық адымдар  

k бұрылу номиналды мәніне (k=2....z/2 - бүтін сан) сәйкес тісті доңғалақтын кинематикалық қателігі:

                              Fpkr =φд (2π/z) kr                                                    

мұндағы: 

φд - бұрыштық адымдар k мәніне сәйкес доңғалақтын бұрылу нақты бұрышы; z - тістер саны; - жетектегі тісті доңғалақтың бөлгіш шеңберінің радиусы; (2π/z) k - доңғалақ бұрылу бұрышының номиналды мәні.

Ø  тісті доңғалақ бойынша жинақталған адым қателігі Fpr - барлық адымдар k мәндеріне 2 бастап z/2 дейін жинақталған қателіктер мәндерінің ең үлкен алгебралық айырмашылығы (128-сурет).

128-сурет. Адым қателігі

 

   Бұл қателіктер түрін түйіспелі адым өлшегіш аспаптармен анықтайды.

Ø  тісті доңғалақ тәжісінің радиалдық соққылауы Frr – тісті доңғалақ бүкіл бойындағы оның жұмысшы осі  және бастапқы қарамының бөлгіш сызығы немесе шартты түрде орналастырылған доңғалақ профилінің ойымы арасындағы, ең үлкен арақшықтықтар айырмашылығы (129а-сурет).

129-сурет. Соққылауды өлшеу сұлбасы және аспап:

1-өлшеуші бастиек; 2- тістер; 3- индикаторлық бастиек; 4- маховик;

5- аспап табаны; 6- өлшеуші басшы; 7,8- орнатушы басшылар;

9- құралбілік; 10- каретка.

Ø  радиалдық соққылау мәнін арнайы соққылау өлшегіш аспабында

 (129б -сурет) орналасқан өлшеуші конус көмегімен анықтайды:

                                                  Frr = Rmax-Rmin                                                   

Ø  ортақ нормаль ұзындығы ауытқуын ұзындық мәнімен анықтайды.

Ортақ нормаль ұзындығы W- екі тіс профильдерінің аттас емес беттері бойынша, оларға ортақ болатын және негізгі шеңберге жанамалы болатын (130-сурет) өлшенген арақашықтық.

 Тік тісті цилиндрлік доңғалақтар (α =200) үшін ортақ нормальдің номиналды ұзындығы келесі байланыс бойынша анықталады:

                               Wн = m [1,476 (2n-1) + 0,1387 z]                                       

мұндағы:  - өлшеуге түсетін тістер саны ( n= z/9 +0,5  бұл мәнді

жақын орналасқан үлкен сан мәніне қарай дөңгелетеді);

 - доңғалақтағы тістер саны;

- модуль.

 

 

130-сурет. Ортақ нормаль ұзындығын анықтау

131-сурет.  Нормаль өлшегіш аспап:

1-өлшегіш қондырғымен жабдықталған тұрқы; 2- өлшеуші аяқтама; 3- орнатушы аяқтама; 4- штанга

Ортақ нормаль ұзындығының ауытқуы:

                                         Vwr = Wmax - Wmin                                                      

Бұл параметрді бақылау үшін арнайы тістер өлшегіш микрометр және нормаль өлшегіш аспаптарын  қолданады.

Дәлдік дәрежесі төмен, өрескел орындалған тісті доңғалақтар үшін немесе жөндеу жұмыстары кезінде тісті доңғалақтар  жарамдылығын анықтау үшін есептеу дәлдігі 0,05мм штангенқұралдар қолдануы мүмкін.

Ø  өлшеуші ось арақашықтығының ауытқуы.

Номиналды өлшеуші ось арақашықтық деп өлшегіш және тексерілетін тісті доңғалақтар осьтері арасындағы арақашықтықты атайды. Тексеру кезінде тісті доңғалақтар тістері бір-бірімен тығыз түйісу жағдайында орналастырылады.

Бұл параметрді бақылау үшін арнайы ось арақашықтық өлшегіш аспап қолданылады (132 сурет).

132-сурет. Ось арақашықтығын  өлшеуші аспап

1-өлшегіш тісті доңғалақ; 2- тексерілетін тісті доңғалақ;

3- құралкүймеше; 4-серіппе; 5-индикатор; 6- құралкүймешек.

    Ығыспалы орналасқан күймеше  3 бойына өлшеуші тісті доңғалақты 1, ал ығысуға мүмкіндігі жоқ құралкүймешек 6 бойына тексерілетін тісті доңғалақты 2 орналастырады. Серіппе 4 әсерінен құралкүймеше 3 ығысып тістер арасында саңылаусыз іліністі қамтамасыз етеді. Осы кезде тексерілетін тісті доңғалақ ось арақашықтығының ауытқуы F''ir индикатор 5 көмегімен анықталады.

 

 

133-сурет. Өлшеуші ось арақашықтығының ауытқуын анықтау

    

   Тісті доңғалақтың бір толық айналым бойындағы  өлшеуші ось арақашықтығының F''ir немесе бір тіс бойынша өлшеуші ось арақашықтығының f''ir ауытқулары, нақты ең үлкен және ең кіші ось арақашықтықтарының айырмашылығына тең.

  Тісті донғалақтар кинематикалық дәлдігін жоғарылату үшін, тістерді кесу және ажарлау процесстері кезінде, жоғары дәлдікті білдектерді пайдаланып, дәлдікті центрлетіп орнатып, радиалды соққылауды кеміту қажет.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 3615 | Теги: Тісті және бұрамдықты берілістер өз, бақылау әдістері мен аспаптары | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: