-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тербеліс мойынтіректерінің орнықтыруларын есептеу және таңдау.

 Тербеліс мойынтіректерінің орнықтыруларын есептеу және таңдау.

 

Тербеліс мойынтіректерінің дәлдік шегі және орнықтырулары

 

     Тербеліс мойынтіректерінің сенімділігі және жұмыс атқару ұзақтұрақтылығы, оларды көбінесе тұрқыға және білікке дұрыс орнықтыруын тағайындауына байланысты. Тербеліс мойынтіректері арнайы зауыттарда өнделетін стандартты түзілімдер. Олар сақиналарының қосушы өлшемдері: сыртқы диаметрі D және ішкі диаметрі d бойынша толық сыртқы ауыстырымдылықты.

     ГОСТ 520-71 (СТ СЭВ 774-77) бойынша мойынтіректер  келесі бес дәлдік тобына бөлінеді – Р0, Р6, Р5, Р4 және Р2 (дәлдік өсуіне байланысты орналасқан). Дәлдік тобын, механизмнің жұмыс орындау жағдайына және айналу дәлдігіне қатысты орнатылған талаптарына, байланысты тағайындайды.

     Жалпы негізделген механизмдер үшін дәлдік  тобы Р0 мойынтіректерін қолданады. Мойынтіректердің одан жоғары дәлдік топтары,  үлкен мәнді айналым жиіліктері үшін және айналу дәлдігіне қойылатын талаптары жоғарлатылған жағдайда қолданады.

    Мойынтіректер дәлдік тобы шартты белгілеуінің алдында сызықша арқылы көрсетеді, мысалы: Р6-205 (мойынтірек дәлдік тобы 6) немесе 6-205. Нольдік дәлдік тобының белгілеуін көрсетпейді.

Мойынтіректердің сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін, стандарттарда  сыртқы және ішкі диаметрлерінің  орташа мәндеріне (Dm, dm) шекті ауытқулар орнатылған.

       Сыртқы және ішкі диаметрлерінің нақты орташа мәндерін өлшеу барысында анықталған өлшемдер бойынша табады:

Dm = 0,5(Dmax + Dmin);  dm = 0,5(dmax + dmin)

мұндағы: Dmax, dmax  және Dmin, dmin - сақиналар(сыртқы, ішкі) диаметрлерінің ең үлкен және ең кіші өлшемдері, мм

Стандарт бойынша дәлдік шектері аудандарынын келесі белгілеулері орнатылған:

Ø   - дәлдік 0,6,5,4,2 топтарына сәйкес ішкі сақина орташа dm диаметрі дәлдік шектерінің аудандары;

Ø   - дәлдік 0,6,5,4,2 топтарына сәйкес сыртқы сақина орташа Dm  диаметрі дәлдік шектерінің аудандары.

L – мойынтірек тесігінің, яғни ішкі сақинаның, орташа диаметрінің негізігі ауытқуы, мойынтірек білігінің, яғни сыртқы сақинаның, орташа диаметрінің негізігі ауытқуы.

     Мойынтіректер  сақиналарының өлшемдеріне  орнатылған шекті ауытқулар, болашақта пайда болатын орнықтырулар түрлеріне мүлдем байланысты емес. Мойынтіректерді біліктерге және тұрқыларға орнату кезіндегі орнықтыру түрі біріншіден, қосушы өлшемдер (білік және тұрқы) дәлдік шектеріне байланысты.

    Келесі ерекшелік: сақиналардың жоғарғы ауытқулары (барлық дәлдік топтары үшін) нольге тең. Сондықтан «сыртқы сақина – тұрқы»  біріктіруі негізгі білік жүйесінде, ал «ішкі сақина –білік» біріктіруі негізгі тесік  жүйесінде атқарылады.

   Бірақ, ішкі сақина дәлдік шегі ауданы нольдік сызықтан төмен, яғни теріс таңбалы орналасады, ал біз білетіңіміз негізгі тесік дәлдік шегінің ауданы оңтаңбалы, яғни дәлдік шегі ауданы  керісінше аударылып түседі.

     Осы жағдайға қарамастан,  негізгі тесік жүйесі деп  аталуының себебі, қажетті орнықтыру түріне жету үшін,  білік бөлшегі өнделеді.

     ГОСТ 3325-85 бойынша тербеліс мойынтіректерімен бірігетін біліктер мен тұрқылар (20 кесте) орнатушы орындарына дәлдік шектерінің аудандары орнатылған.

 

 

 

 

 

20 кесте

Мойынтірек дәлдік тобы

Орнатушы беттер дәлдік шегі

тесіктер үшін

біліктер үшін

саңлаулы

өтпелі

тығыздықты

саңлаулы

өтпелі

тығыздықты

0 және 6

(Е9), Е8, G7, (H9), H8, H7

Js7,J7, K7,M7, N7

P7

(e9),e8, f8, f9f7, f6

h11,(h10),

h9h8,h7h6js6,

(j6), g6

r7,r6,p6,

n6,m6,k6

5 және 4

G6, H6

Js6,(J6), K6,M6

P6, N6

g5

h5js5,

(j5)

p5,n5,

m5,k5

2

G5,H5, G4,H4

Js5,K5, K4,M4, Js4

N5 M5

g4

h4js4,

h3js3

 

n4,

m4,k4

 Ескертулер:

1. Жақшалар ішінде көрсетілген дәлдік шегі аудандарының қолдануы шектеулі.

2. Бекітуші және сығушы төлкелер арқылы орнатылған шарикті және роликті мойынтіректер біліктерге орнықтыруларының  дәлдік шектері h8, h9 және h10.

3. Е9, е9, е8 және f9 дәлдік шектері тек қана 0 дәлдік топтағы мойынтіректерге қатысты.

 

      Тербеліс мойынтіректері сақиналарының білікке және тұрқыға орнықтыруларын: мойынтіректер түріне, дәлдік тобына, өлшемдеріне,  пайдалану жағдайына, әсер етуші жүктеме мәні мен сипатына, сақиналар жүктелу түріне байланысты,  қабылдайды.

    Тербеліс мойынтіректері орнықтыруларын, біріншіден сақиналар жүктелу түріне байланысты қабылдайды.  Сақиналардың келесі жүктелу түрлері: жергілікті, айналмалы және тербелісті болады.

 Жергілікті жүктелу кезінде, сақина жүктемені әрқашанда шағын шектелген  учаскісімен қабылдайды, мысалы: білікке әсер етуші күш айналмайтын сақинаға тұрақты  бағыттағы жүктемені береді. Сондықтан, жергілікті жүктелген сақинаны  саңылаулы орнату қажетті. Сақина саңлаулы орнатылуына байланысты,  жүктелу кезінде пайда болатын толқындарға және  дірілге қатысты, айналып орын –жағдайын өзгертеді. Осының арқасында сақинадағы тербеліс денелерінің жүріс жолдары бірқалыпты тозып, жалпы мойынтірек жұмыс атқару мерзімі ұлғайады.

Одан кейін, орнатылған бастапқы саңлау, жұмыс барысында  пайда болатын температуралық  деформацияларды  қамтиды.

 Айналмалы жүктелу кезінде әсер етуші жүктеме тербеліс денелерімен қабылданып сақина  бүкіл шеңберіне беріледі, яғни бүкіл біліктің немесе тұрқының орнатушы бетіне беріледі.

Тербелісті жүктелу кезінде мойынтіректін айналмайтын сақинасы  екі жүктемені бірдей қабылдайды: тұрақты бағыттағы және айналмалы. Осы екі күштін тең әсерлі күші тербеліс қозғалыста болады.

5.4.1. Жүктелу түріне байланысты орнықтыру түрін қабылдау

  

Тербеліс мойынтіректері сақиналарының жүктелу түрлері орнықтыру түрін таңдауына әсері үлкен. Мойынтіректер жұмыс атқару ерекшеліктерін қарастырып келесі типтік жүктелу сұлбаларын қарастырайық:

I типтік сұлба. Мойынтірек ішкі сақинасы білікпен бірге айналады, ал тұрқыға орнатылған сыртқы сақина қозғалмайды. Радиалдық жүктеме Р мәні тұрақты және тұрқыға қатысты орын-жағдайын өзгертпейді (86а-сурет).

 

86-сурет. Мойынтіректер жұмыс атқару ерекшеліктерінің  I сұлбасы

 

Бұл жағдайда ішкі сақина радиалдық жүктемені Р бүкіл тербеліс жолының шеңберімен қабылдайды (айналмалы жүктеме), ал сыртқы сақина сол кезде қозғалмағандықтан жүктемені бір шектеулі участкісімен қабылдайды (86б- сурет). Сондықтан, мойынтіректердің айналмалы сақиналары бірқалыпты тозады, ал қозғалмайтын сақиналар тек қана шектеулі участкісінде.

II типтік сұлба. Мойынтірек сыртқы сақинасы тісті доңғалақпен бірге айналады, оське орнатылған ішкі сақинасы тұрқыға қатысты айналмайды. Радиалдық жүктеме Р мәні тұрақты және тұрқыға қатысты орын-жағдайын өзгертпейді (87а-сурет). Бұл жағдайда сыртқы сақина радиалдық жүктеменіР бүкіл тербеліс жолының шеңберімен қабылдайды (айналмалы жүктеме), ал ішкі сақина сол кезде қозғалмағандықтан жүктемені бір шектеулі участкісімен қабылдайды (87б-сурет).

 

87-сурет. Мойынтіректер жұмыс атқару ерекшеліктерінің II сұлбасы

 

III типтік сұлба. Мойынтірек ішкі сақинасы білікпен бірге айналады, ал тұрқыға орнатылған сыртқы сақина қозғалмайды. Сақиналарға екі бірдей радиалдық жүктеме әсер етеді: бірінші Р радиалдық күш мәні және әсер ету бағыты тұрақты, ал екініші Рц центрден тепкіш күш білікпен бірге айналады (88а-сурет). Осы екі күштің тең әсерлі күші, радиалдық күш Р әсер ету бағытына қатысты симметриялы екі бағытта тербеледі. 88б-сурет көрінісінде үзілме сызықтармен көрсетілгендей сыртқы сақина жүктемесі бағытын және мәнің өзгертеді. Мұндай жүктеме тербелмелі деп аталады.

Ішкі сақина бүкіл шеңбері бойымен радиалдық жүктемелер қосындысын қабылдайды, яғни айнамалы жүктеледі.

 

88-сурет. Мойынтіректер жұмыс атқару ерекшеліктерінің III сұлбасы

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1798 | Комментарии: 1 | Теги: Тербеліс мойынтіректерінің орнықтыр | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Айымкуль   (26.04.2016 10:22)
Үлкен рахмет! Сауатты жазылған, ҮЛГІЛІ жұмыс.


Имя *:
Email:
Код *: