-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Техникалық құжаттаманы метрологиялық бақылау

Техникалық құжаттаманы метрологиялық бақылау

Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) – конструкторлық құжаттармен жұмыс істеу процедураларын – есепке алу, сақтау, өзгерістер енгізуді белгілейтін стандарттар жиынтығы. Олар құжаттарды әзірлеу және олармен жұмыс істеу бойынша кәсіпорын мен ұйымдардың қызметін реттейтін ұйымдастыру әдістемелік және нұсқау өндірістік құжаттарын жасау және баспада шығару негізі ретінде қолданылады.

  МЕМСТ 2.102-18 сәйкес КҚ әзірлеудің келесі кезеңдерін бөліп алайық:

1. Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы негізінде өнімді дайындаудың тиімділігін техникалық және техникалық- экономикалық негіздеуі бар  конструкторлық құжаттар – техникалық ұсынысты анықтау;

2. Қондырғы туралы, оның техникалық мәліметтерін көрсету арқылы жұмыс істеу принциптері туралы толық мәлімет бере алатын КҚ эскиздік жобасын әзірлеу;

3. Эскиздік сызба негізінде құрылғы және бұйымның жұмыс істеу принциптері туралы неғұрлым толық мәлімет бере алатын техникалық шешім дайындау, онда жұмысшы құжаттамасын әзірлеуге арналған бастапқы мәліметтер болуы тиіс.

Есепке алу құралдарын тіркеу, есепке алу, тексеру және жөндеу (ПК Ж – 10.4–1).

Мақсаты: Есепке алу құралдарының жұмыс күйінде болуы.

Қолдану аймағы: БӨҚ және А зертханасы.

Тексеру аймағына жататын құжаттар:

Ж–10.4–1-Ф1 – құралдарды тіркеу және есепке алу журналы;

Ж–10.4–1–Ф2 – жұмысшы монометрлерін бақылауға тексеру журналы;

Ж–10.4–1-Ф3 – тексерілген құралдарды тіркеу журналы

Ж–10.4–1-Ф4 – қондырылған құралдарды тіркеу журналы;

ҰлтСС формасы - ӨҚ тексеру кестесі:

Ж–10.4–1-Ф6 – құралды тексеру журналы;

Ж–10.4–1-Ф5 – 2000 жылға жылу техникалық құралдардың кестесі.

Қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларды орнату мен қауіпсіз пайдалану ережелері.

Жалпы ақпараттар:

Құжатталған процедура бақылау құжаты болып табылады. Құжаттың түп нұсқасы ИСО 9001 енгізу тобында сақталады. Сапа жүйесі (СЖ) құжаттарының көшірмесін түсіру үшін құжаттың барлық беттерінің төменгі колонтитулының соңғы жолы толтырылады.

Берілген процедураға  жауапты орындаушының:

- қызметтік нұсқауға сәйкес біліктілігі немесе біріңғай тарифтік – біліктілік анықтамасына сәйкес білім деңгейі болуы тиіс;

- зауытты қолданылатын нұсқауларға сәйкес техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Анықтамалар:

БӨҚ және А бақылау-өлшеу құралдары және автоматика зертхансы;

ЭЖМ  – электрлік жанасу манометрі;

ҰлтСС – ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы;

ЖАЖЖ – жоспарлы алдын–алу жөндеу жұмыстары.

Жауаптылар:

О – БӨҚ және А инженері;

З – бас энергетик орынбасары;

К – бас энергетик;

     И – бас энергетик.

БӨҚ және А инженері аптасына кем дегенде бір-екі рет барлық құралдарды тексеріп шығады және автоматика, қорғау, дабылдама барлық жөндеу және алдын-алу жұмыстарын орындайды.

БӨҚ және А инженері қорғау, сигнализация, автоматика нобайларын құрастырады және енгізеді.

Үлгілі құралдарды тексеру (КЖ – 10.4 - 2).

Мақсаты: үлгілі өлшеу құралдарының жұмысшы күйін сақтау.

Қолдану аймағы: БӨҚ және А зертханасында.

Тексеру облысына жататын құжаттар:

ҰлтСС формасы – тексерілгені туралы сертификат

ҰлтСС формасы – пайдалануға жарамсыздығы жөніндегі хабарлау.

Жалпы ақпараттар. Құжатталған процедура бақыланатын құжат болып табылады. Көшірмесі сақтаушы материалдардың түзетілуін қадағалау тиіс. Визасы жоқ көшірмелер тек анықтама түрінде қолданылады. Құжаттың түп нұсқасы ИСО 9001 енгізу бойынша топқа сақталады. Сапа жүйесі СЖ құжаттарының көшірмесін түсіру үшін құжаттың барлық беттеріндегі төменгі колонтитулының соңғы жолы толтырылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2063 | Теги: Техникалық құжаттаманы метрологиялы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: