-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

 

 Техникалық реттеу жүйесінде жұмыстарды ұйымдастыру.

Қандай да бір мемлекет өз өндірушілерінің қорғалуына көңіл бөледі. Бәсекелестікке қабілетті экспорттауға бағытталған өндірісті құруға бағытталған мемлекеттік саясат сәттілік әкеледі. Отандық өнімнің сыртқы және ішкі нарықта сәтті бәсекелес болуы үшін біз халықаралық ережелер мен нормалар бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына болашақта кіруімізбен де байланысты. Саудалық әріптестіктің бір шарты мен БСҰ негізгі талаптарының бірі - техникалық реттеудің түрлі жүйелерімен негізделген саудадағы түрлі бөгеттердің жойылуы болып табылады. Бұл техникалық реттеудің жалпыәлемдің моделіне ауысумен мүмкін болады.

Қазақстанда техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне ауысудың алғашқы қадамдары 1999ж. СТБ (саудадағы техникалық бөгеттер) негізгі талаптары мен «техникалық регламент» түсінігі енгізілген ҚР «Стандарттау туралы» заңының қабылдануымен байланысты. Қазақстанның техникалық нормалаудың халықаралық жүйесіне техникалық регламенттер арқылы өту жағдайларын қарастыратын мемлекеттік стандарттаудың 2005 жылға дейінгі даму Концепциясы құрастырылды. Техникалық нормалау бойынша жұмыс «Техникалық заңнама» ТК үйлестіріледі. 2003ж. ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерінің әрекеттегі халықаралық ұқсас жүйелермен ары қарай жақындасуына бағытталған. 

«Техникалық реттеу» дегеніміз не? «Техникалық реттеу» -өнімдерге, процестерге, сәйкестілікті нақтылау бойынша әрекетке, аккредиттеу мен мемлекеттік бақылауға, бекітілген талаптардың орындалуы бойынша қойылатын міндетті және ерікті талаптардың бекітілу, қолданылу және орындалуы саласындағы қатынастардың құқықтық және нормативті реттелуі. Әрекеттегі техникалық реттеу жүйесінің 75-жылдық тарихы бар. Осы кезеңде 50 мыңнан астам нормативті акттер: мемлекеттік және салық стандарттары, техникалық шарттар құрылды. 

Қазақстанда, басқа кеңестік елдердегі сияқты, өнімге қойылатын міндетті талаптар стандарттарда, басқа да нормативті құжаттарда: СанЕжН, ҚНжЕ, фармокопеялық мақалалар, экологиялық, өртке қарсы, ветеринарлы, энергетикалық, көліктік ережелер, т.б. белгіленеді. Міндетті құжаттардың көп болуы өнімдер мен қызметтер өндірісінде белгілі бір қиыншылықтар тудырады және шетелдік сауда әріптестері жағынан түсінбеушілік тудырады.

Қолданыстағы нормативті базада халық өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері ғана емес, сапа бойынша міндетті талаптар бар, бұл халықаралық саясатқа қайшы келеді (өндіруші сапамен қамтамасыз етеді, ал тұтынушы тек оны бағалайды). Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы.

«Техникалық реттеу туралы» заңда екі деңгейлі жүйені құру қарастырылады: Парламент және Үкімет деңгейінде қабылданатын, өнімнің жеке топтарына, әсер ету факторларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің жалпы міндетті талаптары шоғырланған нормативті құқықтық акттер (техникалық регламенттер) және ерікті стандарттар немесе басқа нормативті акттер. Сонымен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға өнімдер мен процестердің қауіпсіздігі, соның ішінде ғимараттар мен имараттарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жаңа шетел технологияларын, халықаралық стандарттар мен жобалау нормаларының қолданылуы үшін нормативті құқықтық негізді қамтамасыз етеді. Заң қадағалау органдарының жұмысына қажетті құқықтық негізді қамтамасыз ету арқылы олардың жұмысын жеңілдетеді, республика азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоғары деңгейге көтереді.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 3206 | Теги: Техникалық реттеудің мемлекеттік жү | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: