-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Техникалық комитеттер.

Техникалық комитеттер.

ҚР-да стандарттау бойынша техникалық комитеттердің әрекеті мен функцияларының негізгі ұстанымдары ҚР 1.15-2005 «Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Құрастыру және қызмет ету тәртібі» СТ нақтыланған. Осы құжатқа сәйкес ТК бекіту туралы негізделуі бар ұсыныстар бір немесе бірнеше министрліктермен, ведомстволармен немесе шаруашылық субъекттерімен дайындалып, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жолданады.

Ұсыныстар құрамына кіру керек:

- ТК бекітілетін стандарттау нысандарының тізімі немесе әрекет ету саласы;

- нормативті-техникалық құжаттар, соның ішінде ТК бекіту керек әрекет ететін құжаттар;

- болжамдалатын жұмыс бағдарламасы;

- ТК болжамдалатын мүшелерінің тізімі.

 Көрсетілген мәліметтер қарастырылған соң ТК бекіту немесе көрсетілген ұсыныстан бас тарту туралы сұрақ шешіледі.

ТК бекіту ТК құрау туралы ұсыныс берген стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органның және министрлік, ведомство немесе шаруашылық субъектінің келісілген қаулысымен толтырылады. 

ТК бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ТК жауапты хатшысы стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға нағыз ережеге сәйкес құрастырылған анық бір ТК құрылымы мен ережелерін келісімдеу мен тіркеуге жолдайды.

ТК тіркеуде оған екі белгіден тұратын сандық нөмір беріледі.

ТК атауы «ҚР стандарттау бойынша техникалық комитеті» сөздерінен және мемлекеттік стандарттау нысанының немесе әрекет ету саласының атауынан тұру керек.

ТК негізгі функциялары:

- өнімнің бекітілген номенклатурасы немесе әрекет ету салалары бойынша стандарттау саласында техникалық саясатты құрастыру;

- мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ) және техникалық шарттар жобаларын құрастыру, қарастыру, келісімдеу және бекітуге дайындау; стандарттар мен техникалық шарттарды қайта қарау мен өзгертулерді дайындау, сонымен қатар стандарттар мен техникалық шарттарды алмастыру бойынша ұсыныстар дайындау;

- ҚР СТ өндірістік-дамыған шетелдердің және ТМД елдерінің мемлекетаралық, халықаралық, ұлттық стандарттарымен үйлестіру және үндестіру;

 - әрекет етудің ұқсас облыстарында ұйымдармен және техникалық комитеттермен әріптестілікті жүргізу;

- өнімнің бекітілген номенклатурасы бойынша мемлекеттік стандарттаудың дайын жоспарын құастыру, мемлекетаралық стандарттау және кешенді стандарттау бағдарламаларын құрастыруға қатысу;

 - талаптардың қолданылуы мен сақталуы бойынша кәсіпорындармен және стандарттарды пайдаланушы-ұйымдармен әріптестікті жүргізу;

- ТК бекітілген НТҚ техникалық деңгейін бағалау;

- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жыл ішіндегі ТК жұмысы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;

- ТК енетін шағын комитеттер және жұмыс топтарының жұмысын үйлестіру;

- стандарттау саласында стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелеріне сәйкес басқа нормативті құжаттарды құрастыру.

ТК органдыры мен лауазымды тұлғаларының функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі ТК туралы Ережені ескерумен нақтыланады.

Төрағалар, төраға орынбасарлары, жауапты хатшылар құзырлы өкілдер мен мамандар өздерінің құзырлықтары мен әрекеті шегінде НТҚ және басқа құжаттарда құрастырылатын, өзара пайдалы сауда талаптарына сәйкес келетін, өнімнің бәсекелестік қабілетін, ҚР «Стандарттау мен сертификаттау туралы» заңына сәйкес халық денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ететін талаптардың бекітілуі бойынша жауапкершілікке жүктеледі.

ТК жұмысының қаржыландырылуы салалық және республикалық мүдделі кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар құрамында жүргізілетін жұмыстар мемлекет бюджетімен қаржыландырылады.

ТК стандарттау, метрология және сертификаттау туралы мемлекеттік орган қаулысымен, егер ТК атқаратын барлық жұмыстар істелген болса, таратылады.

«Техникалық реттеу туралы» заңның негізінде стандарттау бойынша техникалық комитеттер мемлекеттік органдар және мүдделі жақтардың ұсынысы бойынша салааралық деңгейде стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін экономика саласында құрастырылады. Стандарттау бойынша техникалық комитет құрамына мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтардың өкілдері кіреді.

Техникалық комитеттердің құзырлығыа кіреді: 1) бекітілген нысандар мен әрекет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің негізгі даму бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстарды дайындау; 2) бекітілген тәртіпте шетел мемлекеттерінің техникалық-экономикалық ақпаратының жіктегіштері мен мемлекеттік стандарттарды және олардың өзгертулерін құрастыру мен сараптауға қатысу; 3)  техникалық реттеу және мемлекеттік стандарттар саласында нормативті құқықтық акттерді құрастыру бойынша мемлекеттік жүйесінің даму бағдарламаларына ұсыныстарды дайындау.  

Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің құрастырылу, жұмысының, жойылуының тәртібі өкілетті органмен бекітіледі.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2515 | Теги: Техникалық комитеттер. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: