-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тегіс цилиндрлі біріктірулердің өзара ауыстырмдылығы, бақылау әдістері және аспаптары. Орнықтыруларды есептеу және таңдау.

Тегіс цилиндрлі біріктірулердің өзара ауыстырмдылығы, бақылау әдістері және аспаптары. Орнықтыруларды есептеу және таңдау.

 

Саңылаулы орнықтырулар

Бұл орнықтырулар Н/h «сырғымалы» деп аталады. Орнықтырулардағы ең кіші саңылау (Smin=0).   Бұл орнықтырулар бірігетін өлшемдердің барлық аралығында, яғни 4 квалитеттен бастап 12 квалитеттерде қарастырылған. Жоғары дәлдікті квалитеттерде, олар білік  және тесік осьтері жоғары дәрежедегі сәйкестігін қамтамасыз етеді, яғни цетрлеуші болып табылады.

Реттеу және келтіру кезінде қажетті болатын айналу және ығысу еркіндігін береді.

   Н7/h6 орнықтыруы жиі ажыратылып қосылатын қозғалмасты біріктірулерде және центрлеуге жоғарлатылған талаптар қойылған кезде қолданылады, олар: ауыстырмалы тісті доңғалақтарды білікке, жонғыштарды құралбілікке, тербеліс мойынтіректерінің тұрқылары, кезеулеткіш төлкелері т.б.

   Н8/h7,Н8/h8 орнықтырулары  алғашқы орнықтырумен  салыстырғанда, дәлдік шегі аудандары кеңітілуіне байланысты бөлшектерді өңдеуін және жинақтауын жеңілдетеді. Бұл орнықтырулар бөлшектердің осьтестігіне  талап төмендетілгенде және біріктіру ұзындық өлшемі әлдеқайда ұзын болғанда қолданылады.

      Н8/h9, Н9/h8; Н9/h9 орнықтырулары бөлшектер осьтестігіне және центрлеу дәлдігіне талаптары  төмендетілген жағдайда, жинақтау және бөлшектеу жұмыстарын жеңілдету үшін қолданады, мысалы:  жүктеме тұрақты және мәні аз күшпен жүктелген шкивтерді, жалғастырғыштарды, тісті донғалақтарды біліктерге орнату кезінде, одан кейін реттеу жұмыстары жеңіл болуын талап етуші бөлшектерді тұрқыларға орнату үшін қолданады.

      Н10/h10 орнықтыруын Н9/h9 алмастыру үшін қолданады егерде, дәлдік талаптарын төмендетуге мүмкіндік болса.

      Н11/h11, Н12/h12 төмен дәлдікті біріктірулерде қолданады мысалы: мойынтіректер қақпақтарын тұрқыларға орнату , айналым жиілігі төмен біліктер мен  жұлдызшалар біріктіруінде, төмен дәлдікті топсаларда, құрылымдық және технологиялық  көзқарастан саңылаулы болуы тиісті біріктірулерде.

         H/g, G/h орнықтырулары саңылау ең кіші мәні кепілдікті  болатын орнықтырулар  қатарына жатады. Бұл орнықтырулар бөлшектер дәл орналасуын, ығысулар бірқалыпты және дәлдікті болуын, біріктіру қымталуын қамтамасыз етеді.

     H7/g6, G7/h6 орнықтырулары беріліс қораптарында жылжымалы орналасқан және дәлдікті ілгерілмелі жүрісті талап етуші  тісті доңғалақтар жүптарында қолданылады.

             Н/f, F/h орнықтырулары саңылау орташа мәні кепілдікті болатын орнықтырулар  қатарына жатады.  Бұл орнықтырулардағы саңылау, жеңіл және орташа режимдерінде жұмыс атқаратын сырғанау мойынтіректерінде, жартылай майлы немесе майлы үйкелісті  қамтамасыз етеді. Бұл орнықтырулар центрлеу және ығысулар дәлдігіне талаптар жоғырылатылмаған жағдайларында қолданылады. Жиңақтау және бөлшектеу жұмыстары жеңілдетілген жағдайда орындалады.

      Н7/f7, F8/h6 орнықтырулары майлану жағдайы жақсы болуын қамтамасыз етеді, сондықтан олар жеңіл және орташа машиналар сырғанау мойынтіректерінде және ілгермелі  қозғалысты біріктірулерінде, мысалы: беріліс қораптарының мойнтіректері, еркін қозғалысты  тісті доңғалақтар және шкивтер төлкелерінде қолданылады.

      H8/f8, P8/h8, H8/f9, H9/f9, F9/h8, F8/h9 орнықтырулары үлкен мәнді айналым жиілікпен айналатын біліктерінің екі шеті сырғанау мойынтіректеріне тірелген немесе ірі машиналардың ауыр жүктелген тіректері өте алшақ орналасқан біліктеріне, ұзындық өлшемі ұзын болған сырғанау мойынтіректеріне қолданылады.

     Н/е, Е/h орнықтырулары саңылау үлкен мәні кепілдікті болатын орнықтырулар  қатарына жатады. Бұл орнықтырулардағы саңылаулар Н/fорнықтыруларындағы саңылаулармен салыстырғанда 2 есе үлкен болады. Сондықтан, үлкен жүктемелерге және жоғарылатылған айналым жиілігіне қарамастан, бөлшектер еркін айналады.

     Н6/е7, Н7е7, Е8/h6 орнықтырулары көптеген жағдайларда сүйір майларымен майланатын, дәлдігі және жұмыс атқару мерзімділігі жоғарылатылған мойынтіректерінде қолданылады.

        Н7/е8, Н8/е8, Е9/h8, Е8/h8, Е8/h7 орнықтырулары дәлдік талаптары жоғарлатылған және нормальді орнықтырулар  қатарына жатады.  Оларды сұйық маймен майланатын, үлкен мәнді жылдамдықпен және кіші мәнді қысыммен жұмыс атқаратын, өлшемдері /ұзындық/ үлкен немесе аралары алшақ орналасқан сырғанау мойынтіректерінде қолданады.

        Н8/е9, Н9/е9, Е9/h9 орнықтырулары дәлдік талаптары төмендетілген болып табылады. Олар жауаптылығы төмендетілген сырғанау мойынтіректерінде; қозғалмайтын біріктірулерде кепілдікті саңылау мәнін ұлғайту қажет болған жағдайда қолданады.

      H/d, D/h орнықтырулары ұлғайтылған саңылау мәні кепілдікті болатын орнықтырулар  қатарына жатады. Бұл орнықтырулар орналасу ауытқуларының үлкен мәндерін және температуралық деформацияларды қайырып қамтиды, бөлшектердің еркін жинақталуын, ығысуын  және реттеуін қамтамасыз етеді.

      H7/d8, H8/d8, D8/h6,  D8/h7  орнықтырулары негізінде ауыр режимдерінде жұмыс атқаратын және қызатын дәлдік қозғалмалы біріктірулерінде қолданылады, мысалы: турбиналардың сырғанау подшипниктері, тез айналымды бос жүрісті шкивтер және тісті доңғалақтар тіректері, алшақты орналасқан тіректер мойынтіректері.

      H8/d9, H9/d9, H8/d10, H9/d10, D9/h8,  D9/h9,  D10/h9  орнықтырулары дәлдік талаптары төмендетілген жағдайларында қолданылады. Орнықтыруларды таңдап қабылдау кезінде біліктің d9 дәлдік шегі біріншіден қолданылуы тиіс.

      H11/d11, D11/h11 орнықтырулары өзара ығысулар және осьтестік дәлдігінің талаптары   төмендетілген кезде қолданылады. Кепілдікті қамтамасыз болатын саңылауы мәні беттер орналасу ауытқуларын, қоршаушы қаптауға байланысты өлшемдер өзгеруін қайырып қамтиды және шаңдану, ластану жағдайларында  қарамастан бөлшектердің өзара  қозғалыстылығын   қамтамасыз етеді. Оларды өрескел өңделген тік бағыттаушыларға, тербеліс мойынтіректері қақпақтарын корпусқа, керу төлкелерін білікке; жай айналымды, өрескел өңделген біліктерге тісті доңғалақтарды, шкивтерді, жалғастырғыштарды еркін орналастыру үшін қолданылады.

       Саңылауы ең үлкен  мәнді  H/а, H/в, H/с,  А/h, В/h, С/h   орнықтыруларды, негізі өте төмен дәлдікті (11 және 12 квалитеттерде) құрылымдарда қолданылады, мысалы: егер беттер орналасу ауытқуларын қайыруға  қажетті болса немесе пайдалану барысында бөлшектер  өлшемдері үлкен аралықта өзгеруі мүмкін болса;  шаңға батып, ластану жағдайларында жұмыс атқаратын біріктірулер болса.

       H11/с11, H11/в11, С11/h11, В11/h11,H11/а11, А11/h11 орнықтырулары фланцті  біріктірулерде,  дәнекерлеп қосылатын біріктірулерде, төмен дәлдікті топсаларда қолданылады.

H12/а12,  А12/h12 орнықтырулары төмен дәлдікті топсаларда қолданады. Негізі бұл топтағы орнықтыруларды мүмкіндігінше  H11/d11 орнықтыруымен алмастырып тағайындаған дұрыс.

 

Өтпелі орнықтырулар

 

     Тығыздық мәні аз ықтималды H/js, Js/h орнықтырулар. Бұл орнықтырулар біріктірулерді жинақтау және бөлшектеу кезінде көп күш талап етпейді. Олар бөлшектерді  жиі ажыратып қайта қосу қажетті жағдайларында және саңлауы аз мәнді қозғалмалы біріктірулерде қолданылады.

     H6/js6, Js6/h5 орнықтыруларын жоғары дәлдікті мойынтіректер тораптары біріктірулерінде қолданылады.

    H7/js6, Js7/h6 орнықтыруларын тербеліс мойынтіректерін біліктерге, стақандарға, қалыңдығы жіңішке сақиналарды тұрқыға және тісті доңғалақтарды, жалғастырғыштарды, шкивтерді кіші қуатты электроқозғалтқыштар біліктеріне орнатуға қолданады.

   H8/js7,Js8/h7 дәлдік талаптары төмендетілген орнықтырулар қатарына жатады: тұрқы бөлшектерін қосушы өлшемдері бойынша центрлер орналастыру үшін қолданады.

      Саңлаулары және тығыздықтары тең ықтималдықты H/k, K/h орнықтырулары  бөлшектердің  өзара дәлдікті сәйкестендіруін қамтамасыз ете тұра жеңіл қосып-ажыратуын қамтамасыз етеді.

    H7/k6,K7/h6 орнықтырулары аспаптар және машинажасау салаларында кеңінен қолданылатын орнықтырулар қатарына жатады. Оларды біліктермен тісті доңғалақтарды, шкивтерді, инерциялық дисктерді орнатуға қолданады.

H8/k7, K8/h7 біріктіру дәлдігіне талаптары төмендетілген жағдайында қолданады.

      Тығыздық ықтималдығы кең  H/m, M/h орнықтырулар.

Сирек ажыратылатын және қосымша бекітіп қолданылатын қозғалмайтын біріктірулерде пайдаланады. Біріктіру ұзындықты және жүктелу тұрақты, мәні аз болған жағдайында  қосымша бекіту қолданбаса болады.

   H7/m6, M7/h6 орнықтырулары тісті доңғалақтарды біліктерге, сыналарды тұрқыларға немесе басқа бөлшектерге;  қалыңдығы жіңішке қозғалмасты төлкелерді немесе болаттан өнделген төлкелерді түсті металлдан өңделген тұрқыларға орнату үшін қолданылады.

        Саңлау ықтималдығы аз H/n, N/h орнықтырулар. Бұл орнықтырулар тек қана қозғалмасты  және өте сирек ажыратылатын біріктірулерде қолданылады. Бөлшектерді жинақтау және ажырату жұмыстары пресс көмегімен атқарылады. Бұл орнықтырулар бөлшектердің жақсы центрленуін қамтамасыз етеді және мәні үлкен жүктемелерді қабылдайды.

   H7/m6, N7/h6 ауыр жүктелген тісті доңғалақтарды, жалғастырғыштарды біліктерге; бұрамдықты доңғалақтар тәжісін орнына, бұрамдықты доңғалақтарды білікке орнатуға кеңінен қолданады. Бұл орнықтыруларды H8/ n7, N 8/h7 орнықтыруларымен алмастырып қолдануға болады, егер орнықтыру дәлдік шегі ауқымды өзгеретін болса.

 

Тығыздықты орнықтырулар

 

     Минималды кепілдікті  тығыздықты H/p,  P/h орнықтырулары мәні аз жүктелу кезінде; егер бөлшектер  өзара кездейсоқты  ығысуы мүмкін болатын болса; қалыңдықтары жіңішке жеңіл деформацияланатын бөлшектер біріктірулерінде;  түсті металлдан және жеңіл қоспалардан өңделген бөлшектер біріктірулерінде  қолданылады.

          H6/p5,P6/h5 орнықтырулары қолданылады, егер тығыздық мәндерінің ауытқуы шектеліп аз мәнді болуы тиісті болса.

         H7/p6, P7/h6 орнықтыруларын тісті доңғалақтарды біліктерге, төлкелерді тұрқыларға, орнатушы сақиналарды біліктерге орнату үшін қолданады.

Тығыздық мәні орташа H/r, H/s, H/t, R/h, S/h, T/h орнықтырулары мәні орташа жүктемелерді қосымша бекітусіз, ал ауыр жүктемелерді қосымша бекіту арқылы қамтамасыз етеді.

    H7/r6, H7/s6,  H8/s7, H7/t6, R7/h6, S7/h6, T7/h6 орнықтырулары орта дәлдікті орнықтырулар қатарына жатады. Бұл орнықтырулар тығыздық мәні (0,0002...0,0006)D болады.

 Оларды сырғанау мойынтіректері  төлкелерін тұрқыға, ауыр және соққылы жүктелген тісті доңғалақтарды;  ауыр жүктелген тісті және бұрамдықты доңғалақтарды біліктерге; бұрамдықты доңғалақтар тәжісін шойыннан өңделген ортаға орнату кезінде қолданады.

     Қосымша бекітуші элементтер қолданылса, олар келесі топтағы орнықтыруларды алмастыра алады.

     Тығыздығы үлкен  кепілдікті орнықтырулар H/и, H/x, H/z, U/h. Бұл орнықтырулар тығыздық мәні (0,001...0,002)D болады. Үлкен мәнді ауыр және соққылы жүктемелерді қабылдайды;  қосымша бекітулерді қолдануын талап етпейді.

    H7/и7, H8/и8, U8/h7 орнықтырулары,  осы топтағы ең жиі қолданылатын орнықтырулар қатарына жатады. Оларды,  ажыратып алынбайтын жалғастырғыштар жартыларын біліктер шетіне, қоладан немесе болаттан өңделген тісті доңғалақтардың тәжілерін орталықтарына орнатуға қолданады.

     H8/x8, H8/z8 орнықтыруларын өзгермелі, соққылы және дірілді жүктемелермен жүктелген біріктірулер үшін қолданады. Одан кейін, қабырғалары қалын және көлденен қимасы тұтас бөлшектерін біріктіру үшін, яғни үлкен керңеулер пайда болуы мүмкін біріктірулерде қолданады.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1086 | Теги: Орнықтыруларды есептеу және таңдау, Тегіс цилиндрлі біріктірулердің өза, бақылау әдістері және аспаптары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: