-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тауардың шығарылған елін айқындау

Тауардың шығарылған елін айқындау:

      Тауардың шығарылған елі тауардың Қазақстан территориясына шеттен әкелінуін немесе шетке шығарылуын тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатымен айқындалады.
        Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сарапшы-аудиторлары төмендегі қызмет көрсетулерді ұсынады:

o              тауардың шығу тегі туралы, сонымен бірге «СТ КZ» сертификатын алу үшін тауардың шығу тегін сараптау

o              тауарлық сараптау.

Метрология бойынша заңды бұзғаны үшін жауапкершілік.

     ҚР-ның «Өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңында метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылардың заңнамалық, физикалық және әкімшілік жауапкершіліктері қарастырылған.

     Алдын алу шаралары – бұл әкімшілік айыппұлдың түрі, оларды ҚР-ның Мемлекеттік инспекторлары пайдаланады.

     Айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа  тарту стандарттау туралы заңнаманы, сертификаттау және өлшеулердің  бірлігін қамтамасыз ету қарастырылған  б. 103-1 ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексті бұзған үшін жүргізіледі. Олар келесідей көрініс табуы мүмкін:

·           сертификациялық сынақтарды аккредитациясыз жүргізу;

·           мемлекеттік сынақтардан, метрологиялық аттестациядан, тексеруден өтпеген өлшем құралдарының және стандарттық үлгілірдің айналымы;

·           өлшем құралдарын лицензиясыз дайындау, тексеру, жөндеу, сату және уақытша қолданысқа беру, сонымен қатар стандарттық үлгілерді дайындау, метрологиялық аттестациядан өткізу;

·           өлшеулерді орындаудың мемлекеттік метрологиялық қадағалауына жататын және метрологиялық аттестациядан өтпеген әдістерін пайдалану;

·           өлшем құралдарын қолдану ережелерін бұзу;

·           стандарт талаптарын және сертификаттау мен метрологияның ережелерінің сақталуын мемлекеттік қадағалануын жүргізетін органдардың нұсқауларын орындамау.

 Әкімшілік жауапкершілікке келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:

·           меншік формасына қарамастын, шаруашылық субъектілердің басшылары;

·           өнімді еркін шығару құқығы бар өндірістік және құрылымдық бірліктердің басшылары;

·           кодексте бекітілген құқық бұзушылықтардың орын алуына кінәлі бас инженерлер, бас құрастырушылар, бас технологтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер басшылары, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымдық тұлғалар.

     Тәртіп  бұзушы айыппұлды үкім шығарылған күннен бастап 15 күннен кеш емес мерзімде төлеуі қажет. 

 

      Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері 
 

          Мемлекеттік метрологиялық бақылау келесілерден тұрады:

     1) өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу және олардың

          типтерін бекіту;

     2) өлшем құралдарының тексерісін және метрологиялық аттестациясын

          жүргізу;

     3) өлшем құралдарының мемлекеттік сынақтардан, тексерістен, метрологиялық аттестация мен калибровкадан өткізілуін, өлшеулерді және оларды жүргізудің әдістемелерінің аккредитациясын жүргізуге құқық алуға қатысты аккредитациядан өткізу;

     4) өлшем құралдарын дайындау, жөндеу, сату немесе уақытша қолданысқа беру бойынша заңды және жеке тұлғалардың лицензияланған қызметі.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалау келесілерден тұрады:

1.     өлшем құралдарын шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді жүргізу әдістерін қолдануға, метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға қадағалау жасау;

2.     сауда операцияларын жүзеге асырудағы шеттелетін тауарлар санын қадағалау;

3.     кез-келген орамадағы буып-түйілген тауарларды өлшеп орау, сату және импортқа шығаруды қадағалау.

 Әкімшілік жауапкершілікке келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:

  • меншік формасына қарамастын, шаруашылық субъектілердің басшылары;
  • өнімді еркін шығару құқығы бар өндірістік және құрылымдық бірліктердің басшылары;
  • кодексте бекітілген құқық бұзушылықтардың орын алуына кінәлі бас инженерлер, бас құрастырушылар, бас технологтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер басшылары, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымдық тұлғалар.
     Тәртіп  бұзушы айыппұлды үкім шығарылған күннен бастап 15 күннен кеш емес мерзімде төлеуі қажет. 


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1215 | Теги: Тауардың шығарылған елін айқындау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: