-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тамақ өнеркәсібіндегі ғылым мен техника жетістіктері

Тамақ өнеркәсібіндегі ғылым мен техника жетістіктері

                  ҚР-ның Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 363 Қаулысында Қазақстанда биотехнологиялық ғылымның және оның эксперименталдық-өндiрiстiк базаның iс жүзiндегi жағдайы баяндалған. Онда,      кеңестiк заманда Қазақстан өнеркәсiптiк биотехнологияның негiзгi өндiрiстiк ролiн атқарған. Мамандандырылған мекемелер құрылды және әскери-өнеркәсiптiк кешенге кiретiн стратегиялық маңызы бар жабық қалалар тұрғызылды. Бiз 90-шы жылдардың басына жоғары бiлiктi кадрлары және осы заманғы өндiрiстiк базасы бар дамыған инфрақұрылым түрiнде келдiк. Он бес жыл iшiнде биотехнологиялық зерттеулер деңгейi төмендеп, технологиялар ескiрдi. Ғалымдар мен мамандардың көбiсi шетелге кеттi, ал бiрегей және қымбат өндiрiстер мүлдем тоқтап қалды.
      Қазiргi уақытта Қазақстанда биотехнологияның дамуы кеңестiк нұсқаулы моральдық тұрғыдан ескiрген ғылыми-өнеркәсiптiк базамен, осы салада айналысатын мамандар топтары санының аздығымен сипатталады. Биотехнология мәселелерiмен айналысатын мамандар топтарының аздығы осы салада бәсекелестiктiң болмауына әкелiп соғады. Өз кезегiнде зерттеулердiң деңгейiнiң төмендiгi ғылыми зерттеулердi қаржыландыруды ынталандырмайды. Терiс әсер мынадай факторлармен күшейтiледi:
      ағылшын тiлiн бiлмеу (себебi, АҚШ, ЕЭО, Жапония және басқа да елдер көшбасшы болып табылады);
      ақпараттың және халықаралық ынтымақтастықтың болмауы;
      ғылымдағы "авторитарлық" дәстүрлер.
      Қазақстанда өндiрiлетiн биотехнологиялық өнiмдердiң спектрi тар және ол ашық рынокта бәсекелестiкке қабiлетсiз болғандықтан, өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi iшкi рынокқа бағытталған.
      Степногор қаласындағы "Прогресс" ҒӨБ Технопарк" ААҚ құру және пайдалану тәжiрибесi биология саласындағы озық зерттеулерсiз биотехнологиялық өндiрiс ескiрген технологиялар шеңберiнен шықпайтынын көрсетiп отыр.
      Дегенмен, Қазақстанда бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде биотехнологияның басым бағыттарына сай зерттеулер жүргiзiлуде, бұл:
      Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктiң технопаркi" ашық акционерлiк қоғамының биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы;
      "ҚР-да биотехнологиялық өнiмдерiнiң өндiрiсiн ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастырудың" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы;
      "Биожем" ЖШС алаңдарында фармацевтикалық өндiрiстi дамыту" салааралық бағдарламасы;
      "Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бағдарламасы.
      Көрсетiлген бағдарламалар мына бағыттар бойынша жобаларды iске асыруды көздейдi. 

 Ауыл шаруашылығы үшiн биотехнологиялық өнiм.

 Бидайды кешендiк өңдеу жобасы бiр жылға 53 мың тонна желiмтiктi шығаруды көздейдi. Бұл ретте өнiмнiң 80% жақын және таяу шетелге экспортқа арналған. Жоба бойынша қаржыландырудың жалпы көлемi $60 млн. артық болуы тиiс. Жобаның өзiн-өзi өтеу мерзiмi шамамен 5 жыл құрайды деп  болжанып отыр.   

  Құрғақ желiмтiк, крахмалдық сұйықтық 39%, крахмалдық қоспа 14%, кебектi алумен бидайды кешендiк (терең) өңдеу Альфа-Лаваль фирмасының осы заманғы технологияларын пайдалануға негiзделген. Бұл технология жоғарыда көрсетiлген өнiмдi алумен өтiмсiз, сұранысы жоқ бидайды өңдеуге мүмкiндiк бередi. Маркетингтiк зерттеулер нәтижелерi тамақ және микробиологиялық өнеркәсiпте, биотехнологияда ТМД елдерiнiң ғана емес, Еуропаның рыноктарында кеңiнен қолданылатын желiмтiк пен крахмалдың тапшылығын көрсеттi.
      Осы өндiрiстiң жанама өнiмдерi - крахмал мен кебек барлық қалған жобалар үшiн негiз болып табылады. Антибиотиктер субстанцияларының өндiрiсiн ұйымдастыру жобасы бойынша қажеттi инвестициялар сомасы $39 мың құрайды.
      Пестицидтер және жем қоспаларының өндiрiсiн қосу жөнiндегi жандандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Кейiнгiлер "Одиссео-Еуразия" француз фирмасының жәрдемдесуiмен жазда шығарыла бастайды. Спирт өндiрiсiнiң қалдықтарын өңдеу үшiн учаскенi құру аяқталуда.       2010 жылға қарай биотехнологияларды қолданумен алынатын өнiм әлемдiк химикаттар рыногының шамамен 30% құрайды. Бұл рыноктың көлемi 1,5 трлн. долларға бағаланады. Генетикалық модификацияланған дақылдарды кеңiнен тарату гербицидтер мен пестицидтердiң сатылуын жыл сайын 30% кемуiне әкелiп соғады.
      Әлемдiк биотехнологияда гендiк инженерия кең дамыған. Биоинженерия саласында барлық әлемдiк зерттеулердiң негiзгi бағыты адам үшiн пайдалы белгiлерге ие генетикалық модификацияланған организмдердi (ГМО) жасауға шоғырландырылған. Гендiк-инженериялық қызметтiң кең мағынада үш негiзгi мақсаты бар: фармакологиялық және тамақ өнеркәсiбi үшiн генетикалық модификацияланған (бұдан әрi - ГМ) өсiмдiктердi, ГМ-жануарларды және ГМ-микроорганизмдердi жасау.

      Ғылыми әзiрлемелердiң басқа бағыты - ауруларға қарсы жоғары тұрақтылығы не басқа да пайдалы қасиеттерге ие жануарлар мен өсiмдiктердi шығару. Сарапшылардың пiкiрi бойынша, бұл ғылым және өнеркәсiптiң дамуының өте пайдалы және перспективалы бағыты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2010 жылы гендiк-инженерлiк технологияларды қолданудан дүниежүзiлiк табысы $1 трлн. құрайды.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2200 | Теги: Тамақ өнеркәсібіндегі ғылым мен тех | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: