-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы

Стандарттау - тұтынушылардың құқығын қорғау қызметінде

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы

 

Өнім сапасын басқарудың құқықтық  негізін қамтамасыз ету.

Нарықтық қатынас жағдайында сапа әрқашан тұтынушы тұрғысынан қарастырылады. Тұтынушылардың мүддесі азаматтардың мүдделері мен өсіңкі сұраныстарын және өнімді алу саласындағы ұйымдастырушылықтан тұрады. Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру өнім дайындаушылардың тұтынушылармен өзара әрекеттесу үрдісінде ғана мүмкін болады. Берілген саладағы қоғамдық қатынастар өндіруші жағы бұзған жағдайда мүліктік міндеттемелерді реттеуге бағытталған, нақтырақ айтсақ, олар тұтынушының абсолютті құқығын бұзу нәтижесінде туындайды. Сондықтан ҚР Заңнамасына тұтынушылардың құқығын қорғау деңгейін жоғарылату мәселесін шешу тапсырылған.

Тауар өндірушілердің қалыпты бәсекелестігі келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін өркениетті нарықты құрғанда ғана мүмкін болады:

-         өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне белгіленген талаптар қою;

-  саудада пайда болатын қатынастарды қалыптастыру тәсілдерін регламенттеу.

Өнімді компетентті таңдау, заңда өнім туралы объективті ақпаратқа қойылатын талаптар болса, сонда ғана мүмкін болады. Өнімнің негізгі сипаттамалары сенімділік, қызмет ету мерзімі және ұсынылатын өнімнің жарамдылығы, оның кепілдік мерзімі және т.б. өткен соң анықталатын техникалық кемшіліктері болып табылады.

Жарамдылық мерзімі ең маңызды сипаттама болып табылады. Бұл терминнің мағынасын өнім қауіпсіз және атқаратын қызметі бойынша қолдануға жарамды болып табылатын кезең деп ұғамыз. Қалыпты өмір сүруге қажетті тұтынушы талаптарының қанағаттандырылмауы (нәтижесінде-қоғамның) өнім сапасының төменділігімен жиі түсіндіріледі. Тұтынушы бағасынан гөрі сапасын алдыңғы кезекке қояды, өйткені жоғарғы сапа сатып алынған тауарды жөндеу және пайдалануға шығатын шығындарды төмендететінін түсінеді. Өнім сапасы сату көлемін ұлғайтуды, шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді, осыдан келіп кіріс артады. Шығарылатын өнім сапасы өндіріс экономикасының дамуының өзіндік нышаны болып табылады.

Бірақ өнім сапасын жоғарылату – бұл бұйымның өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтитын, өндірушілер үшін еңбектенуді көп қажет ететін жұмыс, олардың негізгілері:

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

- өндіріс;

- пайдалану.

Бір қарағанда, ұйымның өнім сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекетіне мемлекеттің араласуға қажеті жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей мемлекет  тарапынан мұндай іс-әрекеттердің ретке келтірілуін ұйымдар айналып өте алмайды. Мемлекет пен қоғамның, еңбек ұжымдары мен тұтынушылардың мүдделері өнім сапасына қатысты жиі бұзылады. Сондықтан ұйымның өндірістік, экономикалық және басқа да қызметтерін құқықтық ретке келтіру қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда барлық субъектілердің мүдделері заңды талаптар түріне келтірілуі қажет және оны барлығы сақтауы қажет. Заң ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметіне құқықтық реттегіштердің орынды мөлшерде араласуын қарастырады. Өндірушінің сапасыз өнімді сатуы сатып алушының жеке басына және мүлігіне зиянын тигізеді.

Өнім сапасын басқаруды құқықтық қамтамасыз ету келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

- өнім сапасын басқарудың барлық деңгейіндегі қатынастарды құқықтық ретке келтіру;

- сапаны басқару функциясын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық ретке келтіруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық базаны құру;

- еңбек қатынастарынан туындайтын жұмысшылардың құқығы мен мүдделерін қорғау.

Заңдық күші бар нормалар мен ережелер өнім өндіретін (сататын) объектілерге әсер етеді .

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын және міндетті күші бар жалпы сипаттағы тәртіп ережелері (оның орындалуы және сақталуы мемлекетпен мәжбүрлі қорғалады). Мысалы, стандарттың талаптарын сақтау азаматтық, еңбек, әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормативтік актілерімен қамтамасыз етіледі.

Нормативтік акт құқықтың дербес түрі ретінде заңдық нормаларды (тәртіп ережелері) белгілейтін, өзгертетін немесе күшін жоятын соған құзыреттілігі және уәкілеттігі бар мемлекеттік мекемемен шығарылатын актіні білдіреді. Ол негізгі екі топқа бөлінеді: заңдар және заңастылық нормативтік актілер.

Заң – мемлекеттік биліктің жоғарғы органымен немесе тікелей халықпен қабылданған және жоғарғы заңдық күшке ие нормативтік-құқықтық акт. 

Заңастылық нормативтік актілер – бұл президенттің жарлығы, үкіметтің актілері, аймақтық және жергілікті муниципалды мекемелердің актілері, ведомствалық актілер.

Өнім сапасын бақылауды жүзеге асыра отырып, ұйым әр түрлі тәсілдермен: үлгі бойынша, өзгешелігі бойынша, стандарт негізінде, алдын ала байқау бойынша анықтауға болатын өнімнің сәйкес сапасын қамтамасыз етуге және өндірістік үрдістерді жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды орындауға міндетті. Сатылатын өнім үшін сапа эталоны болып табылатын дана үлгі деп аталады. Эталонды зерттеу (өнімнің бірнеше данасы) бизнес аясында сапа туралы жақтар арасындағы дау-дамайды шешуде  маңызды шарт болып табылады. 

Өзгешелігі бойынша (спецификация) – онымен бірге жіберілетін құжаттарда көрсетілген барлық параметрлерге және пайдалану сипаттамаларына сәйкес келуі.

Стандарт негізінде – сапаны анықтаудың көп тараған тәсілі, ұлттық және халықаралық сауда айналымында кеңінен қолданылады.

Қазіргі жағдайда стандарттау әдісі өнім сапасын басқару аясында негізгі болып саналады. Өнім сапасын басқару халықаралық, мемлекеттік және ұйым стандарттары негізінде жүзеге асады.

 Мемлекеттік стандарттар өндіруші үшін міндетті ережелер болып саналады, өйткені мемлекеттік стандарттау қоғам және нақты тұтынушыларды қорғау құралы және басқарудың барлық деңгейлеріне таралады. Сондықтан олар тұтынушылардың өмірі, денсаулығы мен мүліктері және қоршаған орта үшін, техникалық және ақпараттық сәйкестілікті қамтамасыз ету, өнімдердің өзара алмастырылуы, оларды бақылаудың бірыңғай әдісі және таңбалау бірыңғайлығы үшін өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты болады.

Қойылатын талаптарға өнім сапасының сәйкестігін бағалау үшін ҚР «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдарына, ал қазіргі кезде ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын және жүргізетін ұйымдар стандарттары бар. Нарықтық қатынас жағдайында заңнама ұйымдарға сыртқы нарыққа өз беттерінше шығуға құқық береді.  Мұндай ұйымдар мемлекеттік стандарттар талаптарына өнімді сәйкестеу әдісіне негізделген өз өнімдерінің сапасын бағалау мәселелеріне жиі тап болады. Өнімдер мен қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін растаудың екі тәсілі бар: сертификаттау жолы; өнімді мемлекеттік стандарттарға сәйкестік белгісімен таңбалау жолы.

Тәжірибе көрсеткендей өнім сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігіне кепіл болатын негізгі құрал сертификаттау болып табылады. Таңбалау сәйкес мемлекеттік стандарт немесе ТШ регламенттеледі.

Біздің елімізде өнімді сәйкестеу мәселесімен байланысты бірінші белгі - «Сапа белгісі» болды.

7) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары, т.с.

Заңда осындай  54 ұғым  мен термин пайдаланылады, оларға оқулықтың мазмұнында қажетті тақырыптарда толығырақ қарастырылып отыралады.
          Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізі ең алдымен Қазақстан Республикасының  Конституциясы негізінде құрылған «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерден құралады. Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» Заң 2004 жылы 9-қарашада қабылданды. 

 «Техникалық реттеу туралы» Заңы техникалық реттеу облысындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылау және өнімдерге, қызмет көрсетуге, өнімнің өмірлік циклының процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтау, белгілеу, қолдану және орындау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.

Өнімдер, көрсетілетін қызметтер, процестер техникалық реттеудің объектілері болып табылады.

Өнім, процесс және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттаудың ролі өте зор.

Егер «Техникалық реттеу туралы» Заңның ережелерінен басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық келісім-шарттың ережелері қолданылады.

 

 Өнімді пайдалану кезеңінде оның сапасын қамтамасыз ететін стандарттар.

Бұл топқа пайдалану құжаттарының (ПҚ) стандарттары кіреді  – пайдалану туралы нұсқаулар, төлқұжаттар, заттаңбалар. Тұтынушыларға олар тауармен бірге жіберілетін құжаттар ретінде белгілі. Негізгі стандарт болып ГОСТ 2.601 «ЕСКД. пайдалану құжаттары» саналады. Мұнда күрделі техниканың ПҚ құрылымы және мазмұнына қойылатын талаптар анықталады. Стандарт жасаушыларды ПҚ «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар» бөлімін айрықша көрсетуді міндеттейді, ал бөлімнің өзінде пайдаланудың жеке ережелерін орындау үшін «Тыйым салынады», «Есте сақтаңыз!» деген сияқты сақтандыратын нұсқаулармен пайдаланушылардың назарын  аударады.

ПҚ неғұрлым білікті құрастырылса, тұтынушы тауар сапасын басқаруға солғұрлым тиімді кіріседі. Пайдалану кезінде тұрмыстық техниканың 20% уақытынан бұрын сынуы мүмкін, бұл пайдалану ережелерін бұзумен байланысты екені анық.

 

 Сапа жүйесінің стандарттары.

Сапа жүйесіне қойылатын талаптар алғашқы рет 1987 жылы төрт стандартта:  ИСО сериясы 9000,  ИСО сериясы 9000-9004 белгіленді. Оларға өзгерістер 1994 жылы  енгізілді, содан соң стандарттардың екінші нұсқасы пайда болды.

ИСО 9001-9003 стандарттарында сапа жүйесінің үлгілеріне қойылатын талаптар көрсетілген. ИСО 9000 сериясы өзіндік «жол көрсеткіш» болып табылады, сапа жүйесінің үлгісін таңдау бойынша жетекші нұсқаулары бар. ИСО 9004 сапа жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар бар. ИСО 9001-9003 стандарттары серияның түйіні болып табылады. Біздің елімізде олар «мұқаба әдісі» ретінде қабылданған.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 4456 | Теги: Тұтынушылардың құқығын қорғау турал | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: