-->
Главная » Статьи » Стандарттау

ТҰРМЫСТЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШТАР

ТҰРМЫСТЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШТАР

 

Тұрмыстық тоңазытқыштарды тез бұзылатын азықтарды, жартылай фабрикаттарды, дайын тағамды, аспаздық заттарды мектеп буфетінде, кафе-барларда және басқа қоғамдық тамақтану орындарында қысқа мерзімді сақтауға пайдаланады.

Тоңазытқыш агрегаты типі бойынша тұрмыстық тоңазытқышты компрессионды жөне абсорбционды болып бөлінеді.

Салқындау көлемі бойынша:

100 дм3-ге дейінгі (кішкене) ішкі көлемнен;

100-ден 170 дм3-ге дейін (орташа);

170 дм3-нен көп (тым үлкен).

Орнына қондырылуы бойынша тоңазытқыштар жердегі мен қабырғадағы болып бөлінеді.

Салқындатушы бөлімдерінің саны бойынша:

             бір камералы тұрмыстық тоңазытқыштар;

             екі камералы тұрмыстық тоңазытқыштар;

             үш камералы тұрмыстық тоңазытқыштар.

 

2.1. Компрессионды тоңазытқыштар

 

Біркамералы тұрмыстық тоңазытқыштардың шкаф типі (10.1-сурет) металды шкаф сияқты тұтас орналастырылған.

Тоңазытқыш дәнекерленген салқындаушы камерасы мен тоңазытқыш агрегаты бар тікбұрышты корпустан тұрады. Корпус пен салқындаушы камерасының арасы қабырғааралық кеңістік (пенополиуретанды) жылуоқшаулағышымен толтырылған. Тұрмыстық тоңазытқыш  есіктері  жылуоқшауланған.   Есіктің  ойығы қырынан резеңке төсеммен тығыздалған. Есік жабық тұрғанда магнит қоспаның көмегімен шкаф корпусына тығыз тұрады. Салқындаушы камераның жоғарғысына булағыш монтаждалған, төмен температуралы бөлім болып есептелетін декоративті безендірілген есікпен жабылады. Ішкі көлемі торлы-сөресімен жабдықталған, биіктеген соң оны төменге ауыстырып отыруға болады.

Тұрмыстық тоңазытқыштың сұлбасы:1 жылуоқшаулағышты шкаф; 2 булағыш;3 термореле;  4 торлы сөре; 5 жылуоқшауланғанесік; 6 жеміске арналған ыдыс; 7 – компрессор;8 – салпыншақ алқалар; 9 конденсатор

Салқындаушы камерасында жеміс салатын ыдыс, шынылы сөре-қақпағымен жабылады. Булағыштың астында еріген булағыштағы суды жинайтын поддон орналастырылған. Есіктің ішкі жақ панелінде жұмыртқа, оралған азық-түлік, сары май және басқа тамақтар салатын арнайы сөрелер қарастырылған.

Тоңазытқыш камерасы салқындауы компрессионды типті, герметикалық компрессорлы тоңазытқыш агрегатымен   жүргізіледі.   Тұрмыстық   тоңазытқыштарда комплексті тоңазытқыш агрегатын қолданады (10.2-сурет).

Тоңазытқыш агрегаты алқалар көмегімен тұрмыстық тоңазытқыш корпусына бекітілген мотор-компрессор құбырдың герметикалық жүйесіне біріктірілген.

Термореттеуші вентильдің орнына булағышқа түскен сұйық тоңазытқыш агентін реттеуші капиллярлы құбыр орнатылған. Капиллярлы құбыр сорғыш құбырға дәнекерленген. Компрессор мотор жұмысын басқаратын термореле салқындаушы көлем температурасын реттеуші құрал болып есептеледі.

Бір фазалы электр қозғаушыны бастаушы реленің қосылуын іске асырады, ол бір корпусында жылу релесі монтаждалып, электр қозғаушы күшінің асып кетпеуінен қорғайды.

Тоңазытқыш агрегаты:1 конденсатор; 2 булағыш; 3 – сорғыш құбыр;4 – капиллярлы құбыр; 5 – кептіргіш-сүзгі; 8 – алқа;7 герметикалық компрессор; 9 – тоңазытқыш агрегатының рамасы; 10 –  айдаушы құбыр

Жұмыс принципі. Булағышта тоңазытқыш агенті қоршаған ортадан салқындаушы көлемнің жылуын тартып алып, қайнайды, сол кезде тоңазытқыш агентінің фазалық қалпы өзгереді. Булағыштан жиналған булар сорғыш 3 құбыр бойынша 7 компрессормен сорылады, будың суға айналуына дейін қосылады, сосын 10 айдамалы құбырмен конденсаторға айдалады. Конденсаторда қысылған булардағы жылу қоршаған ортаға жіберіледі, олар конденсирленеді (бу суға айналады). Кептіргіш сүзгі арқылы сұйық тоңазытқыш агенті түрінде 5 капиллярлы түтікшелермен 2 булағышқа түседі. Содан кейін тоңазытқыш циклі қайталанады.

Тоңазытқыш агрегат тұрмыстық тоңазытқыштың арт жағындағы қабырға корпусына орнатылады. Ішкі көлем ақ эмальмен боялған металдан немесе пластмассадан жасалады.

 

2.2. Тұрмыстық мұздатқыш

 

«NORD-155» пен «NORD-155-2» тұрмыстық мұздатқыштары тамақ азық-түліктерін мұздатып және оларды мұздаған қалпында сақтау үшін арналған.

«NORD-155», «NORD-155-2» электр типті тұрмыс мұздатқыштары 9.37-суретте көрсетілген. Мұздатқыш жазықта орнатуға шкаф түрінде жасалған. Сыртқы фазасы болат табақшасынан жасалып, ақ эмальмен қапталған.

Корпус пен тоңазытқыш камера арасына жылуоқшаулағышы орналасқан. Мұздатқыш есігі оқшауланған, оның герметикасын қамтамасыз ету үшін периметрі бойынша тығыздалған.

Корпустың төменгі биіктігінде тоңазытқыш агенті орналасқан, ол герметикалық босату релесі, қорғаушы релесі бар компрессордан, мұздатқыштың артқы қабырғасына орналасқан конденсатордан және мұздатқыш камерасы салқындаушы көлемінің жоғарғы   биіктігіне  орналасқан  булағыштан  тұрады.

 «NORD-155» мұздатқыш құралымы:1 еріген суды жинайтын ыдыс; 2 – басқаратын пулът;3 – бұрыш; 4 – ыдыс; 5 – булағыш сөресі; 6 – шкаф;7 шымылдық; 8 – қондырғы жазығы; 9,11– шарбақ;10 – күрек; 12 – есік

Мұздатқыштың жоғарғы жағында 2 басқару пульті орналасқан. 10.4-суретте мұздатқыштың басқару пультінің құралымы көрсетілген. Мұздатқышта дыбысты сигнал қарастырылған. Егер мұздатқыштың есігі 30 секундтан артық ашылса, онда дыбысты сигнал іске қосылады.

Мұздатқыштың басқару пулъті:«NORD-155»: 1 – қызыл шам (апат белгісі);2 – жасыл шам (электр желісі); 3 – қайта қысқыш;4 – сорғыш шам; 5 – қызыл шам (есіктің тығызжабылмағаны); 6 – термореттеуші тұтқа

Қарлы «жамылғының» еруі табиғи түрде өтеді. Ол үшін мұздатқышты электр желісінен міндетті түрде ағытып, ішіндегі азық-түліктерді шығарады. Еріту процесін тездету үшін есікті ашып тастау қажет. Еріген суды тоңазытқыш камерасын мұздатқыш камерасының түбіне қойылған ағу тесігінің қуысынан арылу керек. Еріген суды жинау үшін мұздатқыштың түбінде екі бұрышқа ыдыс орналастырады.

«NORD-155» мұздатқышының техникалық сипаттамасы:

             мұздатқыштың жалпы көлемі 200 дм3;

             сақтау кестесіндегі мұздатқыш температурасы 18°С;

             электр қуатының тәуліктік шығыны 1,4 кВт;

             мұздату қуаты17,5 тәул./кг;

             сөрелер ауданы 0,86 м2;

             габариттері 1450x580x600 мм.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 1667 | Теги: ТҰРМЫСТЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШТАР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: