-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сынау және бақылау туралы ұғым

Сынау және бақылау туралы ұғым

Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.

Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:

- объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;

- сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.

Сынаулар шарттары – сынаулар кезінде әсер етуші факторлардың және (немесе) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:

- тағайындалуы бойынша олар зерттеуші, бақылаушы, салыстырушы және анықтаушы болып бөлінеді;

- жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық;

- сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрі бойынша: алдын ала және қабылдаушы;

- дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, периодтық, типтік.

Сынаудың мақсаты – номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау.

Сынау нәтижесі – бұл объект қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау, объектінің оның берілген талаптарына сәйкестігін анықтау.

Өлшеу мен сынаудың арасында үлкен ұқсастық бар, бірақ өлшеу сынаудың жеке жағдайы болып саналады.

Бақылау – бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады.

Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады:

- өлшеу нәтижесі – сандық сипаттама, ал бақылау – сапалық;

- өлшеу өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау – мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасында;

- өлшеудің негізгі сипаттамасы – дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық болып табылады.

Бақылау аспаптарын шаманың өлшенетін параметрлерінің күйін тексеру үшін ғана қолданады. Бақылау бір параметрлі және көп параметрлі болуы мүмкін. Объектіге әсер ету түріне байланысты бақылау активті және пассивті болуы мүмкін. Рауалы бақылау аса кең таралған, оның нәтижелері "жарамды, жарамсыз, ақау" пайымдаулары болып табылады. Рауалы бақылау кезінде шекті рауалы мәндер салыстырылады. Нәтижесі келесідей болуы мүмкін:

Хн <Х< Хв

Хн≤Х≤Хв

Іс жүзінде ақиқат мәнді емес, оның бағасын салыстырамыз, бұл кезде ақиқат мән келесі түрде анықталады:

Х=Х0+∆

Хн ≤ Х≤ Хв→ Хн ≤ Х0 ≤ Хв.

Бұдан шығатыны, рауалы бақылау кезінде 4 нәтиже мүмкін болады.

1) Келесі оқиға: Хн ≤ Х≤ Хв и Хн ≤ Х0 ≤ Хв.., орын алғанда, бақыланатын параметр мәні рауалы шамада болғанда, "жарамды" шешімі қабылданған.

Егер Х бақыланатын параметрінің және f (∆) қателігінің f(x) үлестіру заңдары ықтималдықтарының тығыздықтары белгілі болса, онда осы заңдардың және параметрдің берілген рауалы шекті мәндерінің өзара тәуелсіздігі кезінде оны өлшеу, "жарамды" оқиғасының ықтималдығы мына формула бойынша анықталады:

2) Бақыланатын параметрдің мәндері рауалы мәндердің шамасында болмағанда, яғни төмендегі оқиға орын алғанда, «жарамсыз» шешімі қабылданған:

Х<Xн немесе Х>Xв және  Х0<Xн немесе Х0в

 

Ескертілген ұйғарымдар кезінде «жарамды» немесе «ақау» оқиғасының ықтималдығы:

.

3) Бақыланатын параметрдің ақиқат мәні рауалы мәндер шамасында болғанда, және түзетілген объект ақауланғанда, яғни Х0н, Х0в және Хн≤Х≤Хв оқиғасы орын алғанда, "ақау" шешімі қабылданған.

Бұл жағдайда бірінші текті қатенің орын алатынын айту қабылданған.

Оның ықтималдығы Р1:

.

4) Бақыланатын параметрдің ақиқат мәні рауалы мәндер шамасында болмағанда, және түзетілген объект жарамды болып танылғанда және екінші текті қате пайда болғанда, яғни Х<Xн, X>Xв және Хн≤Х0≤Хв оқиғасы орын алғанда, "жарамды" шешімі қабылданған

.

Бірінші текті қателер дайындаушының шығындарына әкеледі, өйткені шындығында жарамды бұйымды жарамсыз деп қате тану зерттеуге, әзірлеуге және реттеуге қосымша шығындарға әкеліп соғады. Екінші текті қателер сапасыз бұйымдар алатын тұтынушыға әсер етеді.

Рг, Рнг, Р1, Р2 ықтималдықтары бұйымдар партиясын жаппай бақылау кезінде олардың барлық бақыланатын жиынтығы арасындағы жарамды, жарамсыз, дұрыс ақауланбаған және дұрыс өткізілмеген бұйымдардың орташа үлсетерін сипаттайды. Осыдан

Ргнг12=1.

Рауалы бақылау нәтижелерінің шүбәсыздығы әр түрлі көрсеткіштерге байланысты болады, олардың арасында Р1 және Р2 қателерінің ықтималдық-тары, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы тәуекелдері аса кең таралды.

  

Бұл формулалар өлшеу қателіктерінің мәндерін іздеуді анықтайды, ол сандық немесе графикалық интегралдау жолымен жүргізіледі, және қателер ықтималдықтарының рауалы мәндері берілген болу керек.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2843 | Теги: Сынау және бақылау туралы ұғым | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: