-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Стандарттаудың нормативті іс қағаздары және оларға қойылатын талаптар

Стандарттаудың нормативті іс қағаздары және оларға қойылатын талаптар

Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау

     1. ҚР экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, ҚР мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.

     2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде ҚР-ның Президентi мен ҚР Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, ҚР-ның әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi.

     3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады.

     4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

ҚР-ның стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары

     1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға мыналар жатады:

     1) халықаралық стандарттар;

     2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;

     3) ҚР-ның мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

     4) ұйымдар стандарттары;

     5) ҚР-ның стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;

     6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары.

     2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында аталған стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкiлеттi орган немесе ол уәкiлеттiк берген ведомстволық қарасты кәсiпорын жүзеге асырады.
    

 

   Стандарттау бойынша  нормативтік құжаттар.

ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау жүйесінде қолданылатын стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға төмендегілер кіреді:

ҚР-ның мемлекеттік стандарттары – ҚР СТ;

ҚР мемлекеттік техникалық-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері ҚР ТЭА МК (ГК ТЭИ РК);

мемлекетаралық стандарттар– ГОСТ;

мемлекетаралық жіктегіштер ТЭСИ;

техникалық-экономикалық жіктегіштер және аймақтық стандарттар, стандарттау бойынша ережелер және ұсынымдар;

халықаралық стандарттар;

стандарттау бойынша ережелер мен ұсынымдар;

ұлттық стандарттар, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық  ақпараттардың жіктегіштері, нормалар, шетел мемлекеттерінің стандарттау бойынша ережелері және ұсынымдары;

техникалық шарттарТШ;

ұйымдар стандарттары.

Стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үндестіру (координаттау) мәселелерін шешу үшін уәкілетті мекеме және оның ұйымдары даярлайды және мүдделі ұйымдармен талқылағаннан кейін стандарттау бойынша сәйкес ұсынымдар және басқа да құжаттарды әзірлейді.

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) саудадағы техникалық кедергілер бойынша келісімге сәйкес Заңнамалық актілер немесе Үкімет шешімдері, қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік басқару мекемелерімен белгіленген нормалар және ережелер: мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар ішінара белгіленген міндетті талаптар (құрылыс, санитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелер, фармакопеялық  нормалар, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар нормалары мен ережелері, таулы қадағалау, атом, экология және радиация қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі және көліктің барлық түрлерінің қауіпсіздігі, және т.б.) техникалық регламентке жатады.

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар:

- ҚР-ның мемлекеттік стандарттары ҚР СТ 1.2 - 2008 және ҚР СТ 1.5 – 2008 сәйкес;

- мемлекеттік жіктегіштер ТЭИ  ҚР СТ5.0 - 95, СТ РК 5.1 – 95 сәйкес;

- мемлекетаралық стандарттар және жіктегіштер –ГОСТ 1.0 және ГОСТ 1.5 бойынша;

- ережелер және ұсынымдар ҚР СТ 1.12-2000 бойынша;

- техникалық шарттар  ҚР СТ 1.3-2000 бойынша;

- ұйымдардың стандарттарыҚР СТ 1. 2 –2008 сәйкес даярланады және бекітіледі (қабылданады).

Техникалық регламенттерді даярлау, келісімдеу, бекіту, қайта қарау,  күшін жою және қолдану тәртіптерін оларды бекіткен мекеме белгілейді.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттау жүйесі  жұмыстың негізгі қағидалары және ұйымдастыру тәртіптерін, стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттардың түрлері мен категорияларын, сондай-ақ олардың ҚР-да қолдану тәртіптерін, халықаралық ынтымақтастық бойынша негізгі ережелер, стандарттарды сақтауды мемлекеттік қадағалауды белгілейді.

Бөлімде қолданылған анықтамалар мен терминдер ҚР-ның "Техникалық реттеу туралы” Заңына сәйкес берілген.

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі – мемлекеттік мекемелердің, техникалық реттеу облысында өз құзыреттілігінің шегінде  жұмыс жасап жатқан жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер, стандарттардың жиынтығы.

Стандарттау – шынайы қолданылатын және потенциалды міндеттерге қатысты жалпы, көпреттік және ерікті қолдануға арналған ережелерді белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және үрдістерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежелеріне жетуге бағытталған қызмет.

Стандарт – техникалық реттеудің объектілеріне уәкілетті мекемемен алдын ала қаралып, тәртіп бойынша бекітілген көпреттік және ерікті қолдану мақсатында ережелер, жалпы қағидалар және сипаттамалар белгілейтін құжат.

Техникалық шарттар – нақтылы бір өнімге, үрдіске, көрсетілетін қызметке немесе өнімнің бірнеше түріне техникалық талаптар қоятын нормативтік құжат.

Ұйымның стандарты –ұйыммен бекітілген стандарт.

Техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіші - өнімдердің, үрдістердің (жұмыстар), көрсетілетін қызметтердің техникалық-экономикалық ақпараттары объектілерінің жіктеушілік топтастырылуының атаулары және кодтары жүйеленген жинағы болып табылатын құжат.

Регламент – Билік мекемелерімен қабылданған міндетті құқықтық нормалар туралы құжат.

Техникалық регламент – тауардың сипаттамасын немесе онымен байланысты өндіріс әдістері мен үрдістерін, оған қоса мемлекеттік басқару мекемесі бекіткен сақталуы міндетті болып табылатын қолданыстағы әкімшілік ережелерін белгілейтін нормативтік құжат. Ол тауарға, үрдіске немесе өндіріс әдістеріне қолдану дәрежесіне қарай терминология, шартты белгілер, буып-түю, таңбалау, немесе заттаңбалау талаптарын қамтуы немесе тек қана сақтауы мүмкін.

Даярланатын және қабылданған нормативтік құжаттар туралы ресми ақпараттар, сондай-ақ осы құжаттардың өздерін қолданушыларға, соның ішінде, мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды құрамаса шетелдік қолданушыларға да қол жетерлік болуы қажет.

Бірыңғай анықтамалық-библиографиялық база қалыптастыру үшін бекітілген ресми ақпарат және әрбір құжаттың бір данасы техникалық реттеу Комитеттіне жіберіледі.

ҚР аумағында қолдану үшін бекітілген және қабылданған нормативтік құжаттарды ресми жариялау құқығына тек қана техникалық реттеу Комитетіні ғана ие.

Стандарттау бойынша қабылданған нормативтік құжаттарды ресми жариялау мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі белгілеген тәртіппен қабылданған соң тікелей олардың күшіне енгенге дейінгі мерзімде іске асуы қажет.

Стандарттау бойынша нормативтік құжат – стандарттау бойынша  немесе оның нәтижесінде әр түрлі әрекетке қатысты нормалар, ережелер, сипаттамалар, қағидаларды белгілейтін құжат.

ҚР аумағында қолдану үшін техникалық реттеу Комитетімен бекітілген және қабылданған техникалық, технологиялық норма және ережелерді белгілейтін және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттар оның рұқсатынсыз қайта басылмайды және таралымдалмайды.

 


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 4727 | Теги: Стандарттаудың нормативті іс қағазд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: