-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Стандарттаудың негізгі ережелері

Стандарттаудың негізгі ережелері

1.1. Мемлекеттік (Ұлттық) стандарттау жүйесі

 Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңында стандарттаудың негізгі ережелері қарастырылған. Бұл заң 8 тараудан, 47 баптан тұрады.  Заңның 1-бабында осы салада пайдаланылатын негізгі ұғымдар  мен терминдер келтірілген, мысалы төмендегідей:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

2) аккредиттеу саласы – аккредиттеу қолда­ны­ла­тын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

3) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

5) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

6) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

7) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары, т.с.

Заңда осындай  54 ұғым  мен термин пайдаланылады, оларға оқулықтың мазмұнында қажетті тақырыптарда толығырақ қарастырылып отыралады.
          Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізі ең алдымен Қазақстан Республикасының  Конституциясы негізінде құрылған «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерден құралады. Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» Заң 2004 жылы 9-қарашада қабылданды. 

 «Техникалық реттеу туралы» Заңы техникалық реттеу облысындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылау және өнімдерге, қызмет көрсетуге, өнімнің өмірлік циклының процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтау, белгілеу, қолдану және орындау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.

Өнімдер, көрсетілетін қызметтер, процестер техникалық реттеудің объектілері болып табылады.

Өнім, процесс және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттаудың ролі өте зор.

Егер «Техникалық реттеу туралы» Заңның ережелерінен басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық келісім-шарттың ережелері қолданылады.

 

 Өнімді пайдалану кезеңінде оның сапасын қамтамасыз ететін стандарттар.

Бұл топқа пайдалану құжаттарының (ПҚ) стандарттары кіреді  – пайдалану туралы нұсқаулар, төлқұжаттар, заттаңбалар. Тұтынушыларға олар тауармен бірге жіберілетін құжаттар ретінде белгілі. Негізгі стандарт болып ГОСТ 2.601 «ЕСКД. пайдалану құжаттары» саналады. Мұнда күрделі техниканың ПҚ құрылымы және мазмұнына қойылатын талаптар анықталады. Стандарт жасаушыларды ПҚ «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар» бөлімін айрықша көрсетуді міндеттейді, ал бөлімнің өзінде пайдаланудың жеке ережелерін орындау үшін «Тыйым салынады», «Есте сақтаңыз!» деген сияқты сақтандыратын нұсқаулармен пайдаланушылардың назарын  аударады.

ПҚ неғұрлым білікті құрастырылса, тұтынушы тауар сапасын басқаруға солғұрлым тиімді кіріседі. Пайдалану кезінде тұрмыстық техниканың 20% уақытынан бұрын сынуы мүмкін, бұл пайдалану ережелерін бұзумен байланысты екені анық.

 

 Сапа жүйесінің стандарттары.

Сапа жүйесіне қойылатын талаптар алғашқы рет 1987 жылы төрт стандартта:  ИСО сериясы 9000,  ИСО сериясы 9000-9004 белгіленді. Оларға өзгерістер 1994 жылы  енгізілді, содан соң стандарттардың екінші нұсқасы пайда болды.

ИСО 9001-9003 стандарттарында сапа жүйесінің үлгілеріне қойылатын талаптар көрсетілген. ИСО 9000 сериясы өзіндік «жол көрсеткіш» болып табылады, сапа жүйесінің үлгісін таңдау бойынша жетекші нұсқаулары бар. ИСО 9004 сапа жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар бар. ИСО 9001-9003 стандарттары серияның түйіні болып табылады. Біздің елімізде олар «мұқаба әдісі» ретінде қабылданған.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1808 | Теги: Стандарттаудың негізгі ережелері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: