-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Стандарттау жүйесіндегі мемлекеттік қадағалау.

Стандарттау жүйесіндегі мемлекеттік қадағалау.

Мемлекеттік қадағалаудың мақсаты өнім, жұмыс (қызмет көрсету), ары қарай-өнім, сапасын қамтамасыз ету, оның халық денсаулығына және өміріне, қоршаған ортаға  қауіпсіздігі сұрақтарында мемлекет қызығушылығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғау болып табылады. Мемлекеттік қадағалау ҚР 1.16-2000 «Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптардың, сертификаттау ережелердің сақталуын және сертификатталған өнімді (жұмыс, қызмет) мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүргізу тәртібі. Негізгі ережелер.» (Қосымшада мемлекеттік қадағалау бойынша құжаттар үлгілері келтірілген) [10].

 Мемлекеттік қадағалаудың негізгі міндеттері:

- өнімге міндетті талаптарды анықтайтын нормативті құжаттардың талаптарын заңды және жеке тұлғалар тарапынан бұзышылығын ескерту және тоқтату;

- сертификаттау ережелерінің сақталуын, сертификатталған өнім сапасын бақылау;

- Қазақстан Республикасында шығарылатын және (немесе) таратылатын өнімдердің сапалық жағдайының, бекітілген нормативті құжаттардың міндетті талаптарының және сертификаттаудың міндетті ережелерінің  заңды және жеке тұлғалар тарапынан сақталуы туралы шынайы ақпаратты мемлекеттік органдарға, басқа да мүдделі ұйымдарға ұсыну.

 Техникалық реттеу саласындағы бекітілген нормативті құқықтық актілер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау, қадағалау объектілері болып өнім, процестер, техникалық реттеу саласындағы нормативті актінің әсері таралатын сәйкестілікті растайтын органдар және  лабораториялар табылады.

ҚР территориясындағы мемлекеттік қадағалау заңды және жеке тұлғаларда, сонымен қатар шетел фирмаларында, өнімнің тіршілік циклінің әрбір кезеңінде: өнімді құрастыру және өндіріске шығару, дайындау, тарату (жеткізу, сату), тұтыну (эксплуатация), сақтау, тасымалдау және жою, сонымен қатар процестерді (жұмыстарды) жүргізу және қызмет көрсету кезінде жүргізіледі. 

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізетін лауазымды тұлғаларға жатады: 1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша ҚР-ның Басты мемлекеттік инспекторы -өкілетті орган жетекшісі; 2)  мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша ҚР-ның Басты мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - өкілетті орган жетекшісінің орынбасарлары; 3) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша облыстар мен қалалардың басты мемлекеттік инспекторлары –территориалды органдар жетекшілері; 4) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша облыстар мен қалалардың басты мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары –территориалды органдар жетекшілерінің орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері; 5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторлар –территориалды органдардың барлық категорияларының мамандары.

3-5 пунктерінде көрсетілген лауазымды тұлғалар өздерінің құзырлығы шегінде мемлекеттік органдармен бекітілген тәртіпте аттестациялану керек.

Тексеруге бекітілген тәртіпте басқа да мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметтерін атқаратын өкілдері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік қадағалауды жүргізуде сыртқы қарау, өнімді идентификациялау, өлшегіш және сынамалық бақылау және қадағалау нәтижелерінің шынайылығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін басқа да әдістер қолданылады.

Заңды тұлғалар жетекшілері мен жеке тұлғалар мемлекеттік инспекторларға тексеру жүргізілген кезде, оны орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету керек:

- мемлекеттік инспектор куәлігі мен мемқадағалаудың территориалды органында тіркелеген, қажет жағдайда, заңдылықпен бекітілген талаптарға сәйкес прокуратура органында тіркелген тексеру тапсырмасын көрсеткен жағдайда қызметтік және өндірістік бөлмелерге еркін кіруін;

- мемлекеттік қадағалауға қажет құжаттар мен мәліметерді көрсетуді, тексеру актісін жазу үшін бөлмелер мен оргтехниканы, өлшеу және сынақ жүргізу құралдарын, үлгілерді сынаққа жеткізу үшін көлік құралдарын, аралық актілерге, анықтамаларға қол қою құқығы бар жауапты тұлғаларды тағайындауды;

 - шығындалған үлгілердің құны мен сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге кеткен шығындарды тексерілетін объектілердің шығындарына жатқызу арқылы, нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестілігін бақылау үшін сынама және өнім үлгілерін алуды.         

         Мемлекеттік қадағалау іс-шаралар жағдайына және шығарылатын өнім сапасына байланысты бақылаудың кезеңдік, қарқынды және ерекше режимі формаларында іске асырылады:

- техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетпен бекітілген мемлекеттік қадағалаудың маңызды бағыттарына жыл сайын – кезеңді түрде;

-  Үкіметтің, техникалық реттеу және метрология бойынша Комитет және жергілікті атқару органдарына  - ерекше;

- тұтынушылар шағымдары және белгілі бір заңды (жеке) тұлғаны тексеруді талап ететін басқа жағдайларда - қарқынды;

Нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сақтауды жоспарлы тексеру кезеңділігі өнімді өндірушілер үшін жылына 1 реттен көп емес.

Өнімнің тіршілік циклінің басқа кезеңдерінде жоспарлы тексерудің кезеңділігі тағайындалмайды және бар немесе мүмкін болатын бұзушылықтар туралы мәліметтерге байланысты болады.

 Тексеру нәтижесінде нормативті құжаттардың міндетті талаптарының, міндетті сертификаттау ережелерінің бұзушылығы анықталған жағдайда, заңдылықпен бекітілген ұйғарым берген кезде, бұзушылықты жоюға берген мерзім аяқталғанда, берілген ұйғарымның орындалуын тексеру жүргізілу керек.

Егер ұйғарым берілген заңды (жеке) тұлға мемқадағалау бойынша аумақтық бөлімшеге болған бұзушылықтарды жойғаны туралы хабарласа және сәйкес рұқсаттар беру туралы өтінішпен келсе бұрын берілген ұйғарымды тексеру оларды орындауға бөлінген мерзімге дейін ұйымдастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік қадағалаудың қандай да бір объектісін тексеру бойынша Комиссия (мемлекеттік инспектор) облыстық (қалалық, қызмет көрсететін территорияның) Бас мемлекеттік инспекторымен анықталады(құралады) және бекітіледі, тек сертификаттау бойынша органдар әрекетін тексеру бойынша Комиссия мемл.қадағалау бойынша территориалды құрылым ұсынысымен құралады және Қазақстан республикасының Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының бұйрығы бойынша бекітіледі.

Тексеруге дайындық кезінде:

- алдында өткен тексерулердің, соның ішінде бақылау мен қадағалау бойынша басқа мемлекеттік органдармен өткен тексерулердің нәтижелері талданады;

- тексеру нысанына жатқызылатын нормативті және техникалық құжаттар талданады;

- тексерілетін нысанның әрекеті бойынша нәтижелер зерттеледі (есеп беру мәліметтері, рекламация, т.б. бойынша);

-  қажет жағдайда тексеру бағдарламасы құрылады;

- бақыланатын өнім сапасы саласында басқа ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын шақыру қажеттілігі туралы сұрақтар қарастырылады.

Тексерілетін нысанға келгенде жетекшісіне немесе оны алмастырушысына тексеру жүргізу туралы ескертпе беріледі.

Сынама алу әдістемесі мен алынатын үлгілер саны белгілі өнімге тән стандарттар талаптарына сәйкес болу керек.

Егер өнімге арналған стандартта тұтас бақылау қарастырылса немесе сынама алу үшін нормалар берілмесе, таңдау көлемі тексерілетін объект жетекшісімен келісімдеу нәтижесінде мемлекеттік инспектормен анықталады, бірақ тексерілетін партияның 10% кем емес немесе тұтас бақылау кезінде 3 өнімнен кем емес болу керек.

Сынамаларды алу форма бойынша актімен (қосымшаны қара) көркемделеді.

Өнімнің нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау стандарттармен қарастырылған бақылау мен сынақтардың (талдау, өлшеу) негізінде жүргізіледі.

Өнімді сырттай қарау тексерілетін нысан мамандарының қатысуымен мемлекеттік инспектормен жүргізіледі.

Өнімдерді сынақтан өткізу жұмыстары әртүрлі сынақ үшін аккредитациядан өткен өнімдерді сынайтын зертханаларда (орталықтарда) жүргізіледі.

Аккредитациядан өткен зертхана жоқ болған жағдайда сынақтарды аттестацияланған зертханада өткізуге болады.

Алынған үлгілер (сынамалар) қалған өнімнен оңашаланады, орамдалады, пломбаланады немесе сүргі салынады, сынақ өткізуге сынама алу актісінің көшірмесімен және сынақтардың бағдарламасы көрсетілген формадағы бірге жіберілетін хат-жолдамамен жіберіледі.

Үлгілер алынған өнім партиясы, тез бұзылатын өнімнен басқа, сынақ аяқталғанша таратуға жіберілмейді.

Тұтынушылар шағымдары бойынша өнімнің тұтынушылық қасиетін анықтайтын сапа көрсеткіштері бойынша өнім сәйкес келмегенде тексеруді жүргізгенде сынақтар осы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Жұмсалған үлгілер құны мен сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге кеткен шығындар тексерілетін нысан шығындарына жатқызылады.

   Сынақтарды аккредитациядан өткен немесе аттестацияланған зертханаларда (орталықтарда) жүргізе алмаған жағдайда өнімдерді сынақтан өткізу тексерілетін нысан базасында оның мамандарымен мемлекеттік инспектордың қатысуында жүргізіледі.

Осы жағдайда тексеру алдында мемлекеттік инспектор тексерілетін нысанның өлшеу құралдарымен, өлшеу әдістемелерімен, сынақтық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, олардың нормаланатын дәлдігімен бақылауды өткізу дайындығына көз жеткізу керек.

 Сынақ, өлшеу бойынша бақылау, сыртқы қарау және өнім идентификациясының нәтижелері бойынша формаға сай немесе еркін формада хаттама толтырылады. Толтырылған сынақтық хаттама немесе сынақ жүргізген аккредитациядан өткен зертхана берген хаттама тексеру актісіне қосымша болып табылады.

Сынақ нәтижелері үлгілер алынған өнім партиясына таралады.

 Егер сыртқы қарау мен өнімді сынау нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталмаса, тексеру аяқталып, акт толтырылады.

 Өнімнің нормативті құжаттардың міндетті талаптары бойынша сәйкессіздік фактісі анықталса, бұзушылықтар себептері анықталып, толық бағдарлама бойынша тексеру жүргізіледі.

Тексерілетін нысандарда стандарттау бойынша нормативті құжаттардың талаптарын орындау бойынша тексеру жүргізгенде техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетпен бекітілген әдістемелер бойынша сынақты өткізу және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілу және солардың жағдайы тексеріледі.

Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижесінде форма бойынша акт толтырылады.

 Тексеру актісі-әрекеттегі заңдылыққа сәйкес әсер ету шараларын қолдану туралы ұйғарымдар мен қаулыларды беру үшін негіз болып саналатын құжат.

Тексеру актісіне қойылатын негізгі талаптар:

- стандарттау бойынша нормативті құжаттардың талаптарын, міндетті сертификация ережелерін бұзу фактілерінің және оларды шақырған себептердің шынайылығы мен негізделуі;                 

-   қажетті мәліметтер максимумы кезіндегі ақпараттың қысқа болуы;

-   тексеру нәтижесінің толықтығы;

-       тксеру нәтижелерінің объективтілігі.

Бұзушылықтар анықталған кездегі тексеру актісі келесі бөлімдерден тұрады:

- бастапқы мәліметтер;

- нормативті құжаттардың талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері;

- өлшеу және сынақтан өткізу құралдарының жағдайын тексеру нәтижелері;

- бұзушылықтар себептері;

- қорытынды.

Негізгі актіге аралық актілер: сынама алу, сынақ өткізу хаттамалары, анықталған бұзушылықтарды куәландыратын құжаттар көшірмелері, т.б. беріледі.

Актіде тексерілген нысанның қысқаша сипаттамасы беріледі, анықталған бұзушылықтар, олардың себептері, сонымен қатар қолданылатын шараларды негіздейтін басқа да мәліметтер көрсетіледі.

Актіге тексеруге қатысқан барлық адамдар қол қояды. Актіде берілген мәліметтердің толықтығы, шынайылығы және объективтілігі бойынша жауапкершілік тексеру жетекшісіне жүктеледі.

Актінің мазмұны оған қол қоятын, тексерілетін нысанның жетекшісіне жеткізіледі. Жетекші актіге қол қоюдан бас тартса, актіде сәйкес белгі жазылады.

Тексерілетін нысанның лауазымды тұлғалары жазбаша түрде тексеру нәтижелері бойынша өздерінің көзқарастарымен бөлісуге құқылы, бұл жазба актіге беріледі.

Тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаса, акті келесі бөлімдерден ғана тұрады:

- бастапқы мәліметтер;

- нормативті құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері.

Актіге қосымша беріледі: сынама алу актісі және сынақтар хаттамасы.

Әрекеттегі заңдылыққа сәйкес мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша берілетін қосымшалары және ұйғарымдары бар тексеру актісінің бір экземпляры тексерілетін тұлғаға жіберіледі.

    Актінің бір экземпляры тексеру жүргізген, мемлекеттік қадағалау бойынша техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің территориалды органының іс-қағазында сақталады, ал ҚР-ның Бас мемлекеттік инспекторы шара қолдану керек болса, акт көшірмесі техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетіне жолданады.

 Тексеру актісінің мәліметтері қажет болғанда, сонымен қатар арнайы сұратылғанда жазба немесе жалпыланған материал ретінде мүдделі адамдарға заңдылықпен бекітілген тәртіпте беріледі.

 Акті мен предписаниені алған соң тексерілген тұлға анықталған бұзушылықтар мен олардың себептерін жою үшін бірден шара қолданады. Қажет жағдайда бұзушылықтарды жою бойынша шаралар жоспары құрылады, ол мемқадағалау бойынша территориалды органға жеткізіледі.

Шаралар жоспарының іске асырылуы туралы анықтамалар, алынған ұйғарымдардың орындалуы туралы мәліметтер бақылаудан өту үшін мемқадағалау бойынша территориалды органға жеткізіледі және берілген ұйғарымдардың орындалуын тексеруді жүргізгенде қолданылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2719 | Теги: Стандарттау жүйесіндегі мемлекеттік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: