-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша өкілетті орган функциялар.

Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша өкілетті орган функциялар.

ҚР 1.0-2006 СТ келесі негізгі міндетте анықталған:

- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық талаптарға сәйкес бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру;

- стандарттаудың ұлттық жүйелерін, өнімдер мен қызметтерді өлшеу мен сертификаттаудың біркелкілігін, техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың жіктелуі мен кодталуын, сонымен қатар халықаралық тәжірибені ескерумен өнімнің штрихті кодталуын жетілдіру мен дамыту;

-         басқа елдермен саудалық-экономикалық қатынастарды жүргізу процестерінде тауарлар мен қызметтердің қозғалысындағы техникалық бөгеттерді жою;

-         нормативті базаны және соның негізінде өкілетті орган кәсіпорындарының және т.б. заңды тұлғалардың электронды байланысында қазіргі заманғы құралдарды қолданумен ақпараттық қамтамасыз етуді құру және дамыту;

-         ҚР-дағы бірліктердің эталондық базасын жетілдіру және қолдау;

-         ҚР мемлекеттік стандарттарын сәйкес халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарттармен үйлесімдеу;

-         стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттік қадағалау, лицензиялау және инспекциялық бақылау бойынша нормативті құқықтық акттердің жобасын құрастыруға қатысу.

Өкілетті орган келесі функцияларды атқарады:

Техникалық реттеу саласында:

-                техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құрастыруда қатысады;

-                техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жүргізеді;

-                техникалық реттеу саласында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың әрекеттерінің салааралық үйлестірілуін іске асырады;

-                мемлекеттік органдармен бірге техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің даму бағдарламаларын құрастырады және олардың іске асырылуын үйлестіреді;

-                техникалық реттеу саласындағы жобалар мен нормативті құқықтық акттердің техниаклық реттеу саласы бойынша мемлекеттік саясатқа сәйкестілігін анықтау үшін талдау және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

-                техникалық реттеу сұрақтары бойынша, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен әрекеттеседі;

-                стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда ҚР көрсетеді, халықаралық және аймақтық стандарттау бойынша жұмыстарға қатысады;

-                техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің реестрін жүргізуді ұйымдастырады;

-                техникалық реттеу және стандарттар саласында нормативті құқықтық акттердің мемлекеттік қорын ұйымдастырады және үйлестіреді;

-                ақпараттық орталықтың қызмет етуін қамтамасыз етеді;

-                техникалық реттеу саласында нормативті құқықтық акттермен бекітілген талаптардың орындалуына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және түзетеді;

-                ҚР заңдылығымен бекітілген тәртіпте аккредиттеу аттестатын береді және алты ай мерзімге дейін аккредиттеу аттестатының жұмысын тоқтатады, өнімдерге, қызмет көрсетуге байланысты, тарату қезеңінде техникалық реттеу саласында нормативті құқықтық акттермен бекітілген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тартады. Аккредиттеу аттестатының жұмысын тоқтатуға әкелген себептер жойылмаған жағдайда немесе техникалық реттеу саласында нормативті құқықтық акттермен бекітілген талаптардың қайта бұзушылығы аккредиттеу аттестатының жұмыс істеу мерзімі бойында анықталса, аккредиттеу аттестаты өкілетті орган көрсетуімен сот арқылы ғана жойылады.

Стандарттау аясында:

-                техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік стандарттары мен жіктегіштердің құрастырылу, келістіру, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, тоқтату және жұмысқа енгізу тәртібін бекітеді;

-                техникалық реттеу саласында нормативті құқықтық актілермен үйлестірілген стандарттардың талдануы мен құрастырылуын ұйымдастырады;

-                техникалық-экономикалық ақпараттың халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттары мен жіктегіштердің есепке алу мен қолдану тәртібін, ҚР аумағында сәйкестілігі мен аккредиттелуін растау, стандарттау бойынша шет ел мемлекеттерінің ережелері мен ұсыныстарын бекітеді;

-                мемлекеттік, халықаралық, аймақтық стандарттарының, ҚР территориясында сәйкестілігі мен аккредиттеуін растау, стандарттау бойынша шет ел мемлекеттерінің стандарттарының басылуын және ресми басылымдарының таралуын ұйымдастырады;

-                мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын құрастыру тәртібін бекітеді;

-                стандарттау бойынша нормативті құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды бекітуді ұйымдастырады.

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құрылымына кіреді:

          1. ҚР Үкіметі;

          2. өкілетті орган;

          3. өздерінің құзырлығы шегінде мемлекеттік органдар;

4. мемлекеттік органдар қатарындағы техникалық реттеу саласындағы сараптау кеңестері;

5. саудадағы техникалық бөгеттер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Ақпараттық орталық;

6. стандарттау бойынша техникалық комитеттер;

7. сәйкестікті растайтын органдар, зертханалар;

8. сәйкестілікті, стандарттау мен аккредиттеуді растау бойынша сарапшы-аудиторлар;

9. техникалық реттеу және стандарттар саласында нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік қоры.

Әрбір құрылымдық бөлімшенің қызметі мен құзыры бар, олар ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңында берілген.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2179 | Теги: Стандарттау, сертификаттау және метрология бойын | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: