-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Стандарттау саласында жұмыс жүргізетін халықаралық ұйымдар

Стандарттау саласында жұмыс жүргізетін халықаралық ұйымдар

ХХ ғасырдың басында дамыған елдерде стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар құрыла бастады:

-              Англия мен АҚШ – 1901ж.,

-         Германияда – 1917ж.,

-         Францияда – 1918ж.,

-         Канадада, Бельгияда және Швейцарияда- 1919ж.,

-         Австрияда – 1920ж.,

-         Италияда, Жапонияда және Венгрияда – 1921ж.,

-         Австралияда, Швецияда, Чехияда –1922ж.,

-         Норвегияда және Польшада – 1923ж.,

-         КСРО – 1925ж.

Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың халықаралық бірлестігін құру туралы мәселе алғаш рет 1926ж. Нью-Иоркте талқыланды. Осы жылы Прагада стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың халықаралық федерациясын ИСА (қауымдастық) құру туралы шешім қабылданды, онда өз ұлттық ұйымдарымен 20 мемлекет таныстырылды. ИСА халықаралық стандарттаудың негізгі қағидаларын даярлаумен шұғылданды және ұлттық стандарттардың негізі болып табылатын стандарттау бойынша ұсынымдарды қабылдады. II Дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін, ИСА қызметі тоқтатылған кезде – 32 халықаралық стандарт шығарылды.

1943ж. стандарттарды үйлестіру бойынша Комитет құрылды, оған соғыс кезінде стандарттау саласында 18 одақтық мемлекет өкілдері кірді. 1946ж. Лондонда Комитет мүшелері және бірқатар мемлекет (барлығы 24 мемлекет болды) өкілдерінің кеңесінде стандарттау бойынша халықаралық ұйым ИСО құруға шешім қабылданды.

                   Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (ФАО) 1945ж. БҰҰ үкіметаралық мамандандырылған ұйымы ретінде құрылды. Оның мүшелерінің саны 160 мемлекетке таяу. Ұйымның Жарғыға сәйкес мақсаты: халықтардың тамақтану және өмір сүру деңгейін көтеру бойынша жеке және бірлескен әрекет ету жолымен тұрмысты жалпыға бірдей жақсартуға көмектесу; өндіріс тиімділігін арттыру және азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін тарату; ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту - осының бәрі тұтастай әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесуге тиісті. Стандарттау ФАО-ның тікелей міндеті емес екеніне қарамай ұйымның көптеген қызметтері стандарттаумен қақтығысады:

-     басты назары ауылшаруашылық жұмыстарды механикаландыруға бағытталған ауылшаруашылық техникасы бөлімі; ауыл құрылысы;

-     өсімдіктерді өсіру және қорғау бойынша бөлім;

-     жер суландыру, сорғытқы, ауылды сумен қамтамасыз ету және т.б. мәселелермен шұғылданатын жерді және суды дамыту бөлімі.

-     жануарлар өнімі бөлімі;

-     орман өнеркәсібі және сауда бөлімі;

-     тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылығында атомдық энергияны пайдалану бөлімі;

-     балық консервлері бөлімі.

Осы салаларда нормативтік құжаттарды даярлауда ФАО ИСО-ның шамамен жиырма бес техникалық комитеттерімен қызмет істейді. Халықаралық стандарттар бақылау әдістерін үйлестіруге (мысалы, балық шаруашылығында және изотоптарды қолданғанда); сапаға қойылатын талаптарға (су, балық аулайтын траулерлер және т.б.) қатысы бар. Сүт тобы сүтті өңдеу әдістері мен жабдықтарын стандарттаумен шұғылданады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің бастамасымен 1948ж. құрылған және БҰҰ мамандандырылған мекемесі болып саналады. ДДҰ өзінің Жарғысымен белгіленген мақсаты – барлық халықтармен денсаулықтың неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету (денсаулық физикалық, жандүниелік және әлеуметтік жақсы тұрмыстың толық жиынтығы ретінде айтылады). 1977ж. ДДҰ өз стратегиясын 2000ж. дейін жаппай денсаулыққа жету деп анықтады. 180-нен артық мемлекет ДДҰ мүшелері болып табылады.

Негізгі назар денсаулық сақтау қызметін дамытуға бөлінеді; аурудың алдын алу және онымен күресу; денсаулық сақтау кадрларының кең көлемін құру; қоршаған ортаны сауықтыру. ДДҰ көптеген мәселелері стандарттаумен байланысты, сондықтан оның бөлімшелері сонымен шұғылданады: денсаулық және қоршаған орта бөлімі; денсаулықты қорғау бөлімі; фармокология және токсикология бөлімі.

ДДҰ ИСО-да кеңес беру мәртебесіне ие және қырықтан астам ТК жұмысына араласады. Атап айтқанда, ауыз судың сапасына көңіл бөле отырып ДҰҰ ауыз суға арналған құбырларды стандарттау бойынша жұмыстарға, қолданылатын пластмассаларды зерттеу және оларға қойылатын талаптарды белгілеуге қатынасты. ДДҰ станарттаумен тікелей "Кодекс Алиментариус” комиссиясының жолы бойынша ФАО-мен бірге шұғылданады.

«Кодекс Алиментариус» комиссиясы ФАО және ДДҰ-мен азық-түлік тауарларына халықаралық стандарттар құрастыру бойынша бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру үшін құрылған. Комиссия өз жұмысын ФАО комитеттері қабылдаған ұсынымдарға негіздейді. Оның міндеті – стандарттар жобасын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру. ФАО/ДДҰ бірлескен бағдарламасын жүзеге асыруға 130-дан астам мүше-елдер қатысады.

Комиссиялардың мақсаттары: 1) үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өткізілетін тамақ өнімдерін стандарттау бойынша жұмыстарды үйлестіру; 2) тұтынушыны денсаулыққа қауіпті өнімдерден және алаяқтықтан қорғау; 3) тамақ өнімдерін сатуда әділеттілік нормаларының орындалуын қамтамасыз ету; 4) стандарттар жобасын аяқтап істеу және үкіметтік ұйымдардың оларды қолдануынан кейін аймақтық немесе халықаралық стандарттар ретінде жариялау; 5) тамақ өнімдерімен халықаралық сауданы жеңілдетуге жәрдемдесу.

Комиссия қызметіндегі техникалық жұмыстарды қосалқы органдар атқарады, олар мүше-елдердің өкілдерімен басқарылып не үкіметаралық болып табылады (жалпы мәселелер бойынша комитет, шикізат тауарлары бойынша комитет, аймақтық үндестіру комитеттері), не ФАО/ДДҰ аясында немесе оның бірлескен ЕЭК БҰҰ органдарында жұмыс істейді.

ФАО/ДДҰ комиссиясы өз қызметі кезінде 300-ден астам халықаралық стандарттарды, 40-тан астам ережелер түрін, тамақ қосымшаларының тазалық дәрежесін анықтау бойынша ережелер, тамақ өнімдеріндегі минерал тыңайтқыштардың қалдықтарына қатысты шектегіш ұсынымдардың көптеген санын қабылдады. «Кодекс Алиментариус» малды союға дейін және сойғаннан кейін текерудің ережелер жинағын, гигиеналық ережелерді, балғын, консервленген және тоңазытылған өнімдерді, сондай-ақ табиғи минерал суларды сақтау ережелерін даярлайды. Бұл даярламалар үкіметтерге факультативтік нұсқау ретінде ұсынылады. ФАО\ДДҰ ИСО-мен бірігіп қызмет істейді (негізінде ФАО желісі бойынша), оншақты техникалық комитеттердің жұмысына белсене араласады, оның үстіне бірлескен жұмыстар ИСО-мен үйлестіріледі.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1594 | Теги: Стандарттау саласында жұмыс жүргізе | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: