-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Стандарттау әдістері.

Стандарттау әдістері.

 Стандарттау объектілерін ретке келтіру әдістері

Стандарттау әдісі – стандарттаудың мақсатына жетуге көмектесетін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау бойынша жұмыстарда келесі әдістер қолданылады:

- стандарттау объектілерін ретке келтіру;

- параметрлік стандарттау;

- өнімді үйлестіру;

- агрегаттау;

- кешенді стандарттау;

- озық стандарттау.

Стандарттау объектілерін ретке келтіру. Көптүрлілікті ретке келтіру дегеніміз көптүрлілікті қысқарту. Ретке келтіру жеке әдістерден тұрады: жүйелеу, жіктеу (селекция), симплификация, типтеу және оңтайландыру (оптимизация). Жүйелеу және жіктеу стандарттау бойынша жұмыстың кез келген саладағы бастауы болып табылады. Кез келген объектіні стандарттау оларды қолдануға жеңіл белгілі бір жүйені құрайтын тәртіппен орналастыруы керек. Жүйелендірудің ең қарапайым формасы объектілердің әліпбилік жүйеде орналасуы болып табылады. Мұндай жүйе әртүрлі анықтамаларда, сөздіктерде, библиографияларда және т.б. қолданылады. Жүйеленетін объектілерді рет санымен қою немесе оларды хронологиялық тәртіпте орналастыру да қолданылады. Соңынан олардың бекітілген жылдарының соңғы екі саны көрсетіліп, нөмірдің өсу тәртібі бойынша мемлекеттік стандарттар тіркеледі.

Жіктеу – жүйелендірудің бір түрі. Жіктеу – бұл берілген көпті жіктеудің бір немесе бірнеше белгілері бойынша көп бөлікке бөлу. Жіктеудің жүйелеуден айырмашылығы, объектілер олардың жалпы белгілеріне қарай класс, шағын класстар және разряд бойынша орналасады, яғни қатар бағынатын объектілер жүйесі құрылады. ГОСТ 8274-83 бойынша жазу машиналары алдымен қажеттілігі бойынша (стационарлық, тасымал), сонан соң алынған әрбір класс желі (механикалық, электрмеханикалық) түрлері бойынша шағын класстарға  бөлінеді. Әрбір шағын класс машинасына әріптік код берілген, ол ары қарай машинаның типін шартты белгілеуге қолданылады, сондай-ақ баспа жолының ұзындығымен анықталады. Мысалы, «Машина ПЭК-305-01ТУ» белгісі былай деп шифрланады: кеңселік электрмеханикалық жазу машинасы баспа жолының ұзындығы 305 мм. бірінші орындауда (нөмір шығарушы кәсіпорынмен қойылады). Жіктелетін объектілер сандармен жиі кодталады.

Симплификация – стандарттау үлгісі, бұйымдардың типтерінің немесе басқа түрлерінің мөлшерін берілген мерзімдегі қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерге дейін азайту болып табылады. Симплификация нәтижесінде экономикалық тиімділік немесе техникалық мақсатқа сәйкес қажетті деп саналатын элементтер ғана қалады. Мұнда қаралатын стандарттау объектілеріне қандайда бір техникалық жетілдірулер кіргізілмейді. Симплификацияның мысалы ретінде тұтыну қағаздар форматының үлкен қатарынан ұйымдастыру-өкімдік құжаттар үшін екі форматты таңдап алу мүмкіндігі.

Типтендіру дегеніміз бұйымдар немесе үрдістер қатары үшін жалпы техникалық сипаттамалар көрсетілген құрастырушылық немесе технологиялық шешімдерді даярлау және белгілеу болып табылады.  Әрбір нақты жағдайда бұл жалпы сипаттамалар берілген өзгешеліктермен толықтырылады. Бұйымды құрастыруға қолданылатын типтендіру – бұйымдар қатары, олардың құрайтын бөліктері және бөлшектері үшін жалпы құрастыру параметрлері бар типтік құрастыруды даярлау және белгілеу. Типтендіру барысында бар бұйым ғана талданбайды, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері келешекте есепке алынатын жаңа бұйымдар да даярланады.

Стандарттау нәтижесінде ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне жету үшін стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды оңтайландыру қажет. Стандарттар талаптарын оңтайландыру стандарттаудың ең басты міндеті болып табылады, өйткені одан ең жоғарғы пайда алуға болады, бірақ орындаушылардан терең білім, анық ақпарат, күрделі есептеулер жүргізу және эксперимент жүргізуді талап ететін орындалуы бойынша өте қиын. Тек оңтайландыру ғана өнім және қызметтің басқа да түрлерінің сапасын тиімді жоғарылатуды қамтамасыз ете алады.  Стандарттау объектілерінің параметрлерін оңтайландыру белгілі жағдайдағы ең жоғарғы тиімділік алынатын бұл параметрлердің мағынасын және олардың уақыт ішінде өзгеруін белгілеу. Ең жоғарғы тиімділік сәйкес келетін стандарттау объектілерінің параметрлерінің мағынасы  оңтайлы деп аталады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 6266 | Теги: Стандарттау әдістері. | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: