-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттауды қолдану саласы

Сертификаттауды қолдану саласы

 

 Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары.

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады.
         2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткiзуге тыйым салынады.  Мiндеттi сертификатталуға жататын және ҚР-да одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.
       3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөнiндегi мiндеттеме көзделуге тиiс.
     4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламенттерде регламенттелсе) өнiммен қоса жүруi көзделуге тиiс.

 Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң  сәйкестiгін ерiктi растау.    

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.
     Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.
     2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
    

 Сәйкестік сертификаты. 

Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау  жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатын береді. Сәйкестік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.

 Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады.

Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

 Сәйкестiк белгiсi:

     1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.
      2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
     3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.
     4. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.

 

            3.2. Сертификаттауды жүргізу тәсілдері

 

Мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа да мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың мен мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өзара қатынасының және тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет жабдықтаушысының ішкі жұмысының нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылар: Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері шеңберінде қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер, және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар.

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар: Өз құқықтарын, мүдделерін немесе нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушыларға тікелей немесе өзінің өкілі арқылы қатынасатын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға немесе ұйым.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілері. Қызметтің кейбір түрлері, солардың көрсетілуіне байланысты процестер, процедуралар, және уәкілетті органдар мен олардың бөлімшелерінің функциялары, кейбір лауазымды тұлғалардың әрекеттері. Осылар үшін талаптар, нормалар, ережелер, мінездемелер, өлшемдер шығарылады.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділік және сапа көрсеткіштері: Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің процестерін және нәтижелерін өлшеуге, есепке алуға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.

Мемлекеттік қызметтердің (қызмет көрсету) сапасын бақылау және бағалау: Белгіленген нормативтерге және талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін объективті түрде бағалауға және тексеруге мүмкіндік беретін уәкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың белгіленген әрекеттері мен процедураларының жиынтығы. 

Өнімді сертификациялау өнімнің берілген талаптарға сәйкестендіру тәсілінің бірі болып табылады. Сертификациялаудың мақсаттары: өнімді таңдауда тұтынушыларға көмектесу, тұтынушыларды әділетсіз өнім шығарушылардан қорғау, қоршаған орта үшін, адамдардың денсаулығы үшін өнімнің қауыпсіздігін бақылау, өнім сапасының көрсеткіштерін растау. Объектілерді идентификациялау-оны басқа объектілерден бөліп көрсетуге болатын, таңба, номер шартты белгілер арқылы объектіге айрықша атауды беру. Идентификация әдістері: айрықша атаулар әдісі, санды несиелер, сериялы-тәртіпті, шартты белгілер, білікті, сілтемелік және бейнелейтін әдістер.  

 

                            Сертификаттау схемаларын қолдану

 

Техникалық регламентке қоса берілген қосымшаларды,сызбаларды пайдалану жолдарын қарастырайық. 

1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.

2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.

3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.

4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.

5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.

6. 5 және 6-схемаларды:

сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;

технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;

шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;

өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;

өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;

өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.

6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.

7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.

8. 9-схеманы импортталатын өнімдер үшін мынадай жағдайларда:

шағын және орта бизнес және жеке кәсіпкерлер үшін;

жеке мұқтажы және өндіріске арналған өнімдерді әкелген кезде (жинақтаушы, ілеспе өнім, өндіріске арналған шикізат және жартылай фабрикаттар, технологиялық жабдық, өндіріске арналған құралдар мен аспаптар, монтаждауға арналған жабдықтар және т.б.);

өңірде сынақ зертханалары болмаған кезде өзге кәсіпорындардың өткізуі үшін өнімдерді әкелген кезде қолдану ұсынылады.

9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.

10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1846 | Теги: Сертификаттауды қолдану саласы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: