-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар

 1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымының, техника  мен технологияның қазіргі земаңға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.

Нормативтік құжаттарда регламенттелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, әкелінетін өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс.

Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелар мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның арнаулы басылымдарында жарияланады.

Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданулуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының  қауіпсіздігің қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.

3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған  нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.

 

 Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертифкатталған өнімдерге, процестерге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге инспекциялық бақылау

 

 Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталған өнімнің сапасын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау

 1. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган стандартту және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.

 

Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылау

 1. Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Сертификаттау жөніндегі органдар немесе сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметінде ҚР-ның сертификаттау  туралы заңдары және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды.

Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылмаған кезде тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған кезде стандартту, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін.

 Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары. 

Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігіне және сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік  бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

- қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе  сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зартханаларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;

- жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау немесе  сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зартханаларының (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

- өнімнің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеу ісін жүргізуге;

- стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.

 

Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау

 Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөніндегі  нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.

 

  Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру

1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен:

1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органды және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;

2) сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу жөніндегі жұмыстарды, сондай – ақ зерханаралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар;

3) сапа және сертификаттау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар;

4) Қазақстан Республикасының тіркеу және сапаны басқару жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелік жарналар енгізуі мен қатысуы қаржыландырылады.

2. Осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі жұмыстар шарт негізінде орындалады.

 

 Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

 ҚР-ның сертификаттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады .


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2117 | Теги: Сертификаттау жөніндегі нормативтік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: