-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы саясатты жетілдіру

Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы саясатты
жетілдіру

 

      Сертификаттау саласында рұқсат беру жүйесін шектеу тауарлардың жекелеген атауларының адамдардың өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкестігі тұрғысынан ғана оларды сертификаттау жолымен жүзеге асырылатын болады. Берілетін құжат өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сертификат деп аталады.
      Тауарлардың сәйкестігін растауды декларациялау принциптерін қолдану есебінен сертификаттау нысанында сәйкестікті міндетті растауға жататын тауарлардың тізбесі кемінде екі еседен қысқартылатын болады.
      Жауапкершілік сәйкестікті растау жөніндегі жауапкершілік органға жүктелетін болғанда декларациялау сертификаттауға қарағанда өндірушінің толық жауапкершілігін көздейді. Бұл практиканы ЕО елдері табыс қолданып отыр, мұнда еуропалық сарапшылардың бағалауы бойынша нарықта айналымда жүрген өнімдердің 30 %-дан астамы декларациялауға жататын. Германия және Ұлыбритания сияқты елдерде бұл рәсім талаптардың артықтығымен сипатталмайды - өнімдердің едәуір сипаттамалары ғана декларацияланады, ал жауапкершілік шаралары үлкен - көлемді айыппұлдардан қылмыстық жауапкершілікке дейін.
      Міндетті сертификаттауға жататын объектілерді қысқарту ҚР аумағында айналымға шығарылатын өнімге ғана қатысты сәйкестікті міндетті растауды енгізу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін, ал елден тыс өндірілетін және біздің елдің аумағына әкелінетін өнімдер үшін міндетті сертификаттау міндетті декларациялауға немесе сертификаттарды автоматты түрде мойындауға ауыстырылуы тиіс. Бұл сертификатталатын өнімнің тізбесін қысқартуға мүмкіндік береді.
      "Аккредиттеу" терминінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәні бойынша әртүрлі мағынасы бар, тек рәсімдік сипаты болады және субъектінің қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуының жекелеген сапаларын тануды білдіреді. Осыған байланысты, аккредиттеу - бұл субъектінің ерекше қасиетін (сапасын) растау.
      Аккредиттеу саласында ерікті сипаты бар "аккредиттеу" терминін заңнамамен бірыңғай түсіндіру көзделетін болады. 

 

2.3. Сертификаттау саласындағы ҚР заңдарының құрылымы және негізгі ережелері

 

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

 

1. Сертификаттау  жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай – ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораториялары (орталықтар) тіркеу саласында консалтингтік қызметтер көрсетуге құқылы емес.

  

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтар мен міндеттері

 

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері:

- мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

- сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу;

- міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың, тауарлар мен қызмет көрсетушілердің) тізбесін дайындау;

- мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;

- сарапшы - аудиторларды аттестаттау;

- сынақ лабораториялары (орталықтары) мен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу;

- шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік белгілерін және сынақтар нәтижелерін тану ережелерін белгілеу;

- зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның құқықтары:

- сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік сертификаттары көшірмелерінің), сәйкестік туралы декларациялардың (сәйкестік туралы декларациялар көшірмелерінің), мемлекеттік сертификаттау жүйесі сәйкестік белгілері нысандарының, олардың мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелу және қолданылу тәртібін белгілеу;

- сынақ лабораториялары (орталықтары) мен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;

- құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат беру;

- егер басқа ұйымдар шығаратын сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің  талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;

- сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.

 

Өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар

 

1. Өнімді өндірушілерге, оны берушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз (осы қызметтерді көрсететін және осы қызмет көрсетулерді тұтынатын жеке және занды тұлғаларға тәуелсіз), өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ лабораториялары (орталықтары) бар барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөнінде органдар бола алады. Өнімді, процесстерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары мен өкілдіктері, осы филиалдар мен өкілдіктер стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген жағдайда сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады.

2. Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдарды тіркеу кезінде:

- сертификаттаудың объектілерінің айқындалуы;

- талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлерінің белгіленуі;

- тіркеу саласына енгізілген объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелері мен рәсімдері регламенттелуі тиіс.

Сертификаттау органдарын тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдері кіруге тиіс.

3. Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар белгіленген тәртіппен мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелуге тиіс.

 

 Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар

 

1. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификатынсыз (сәйкестік сертификатының көшірмесінсіз) және (немесе) сәйкестік белгісізсіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз (сәйкестік туралы декларацияның көшірмесінсіз) өткізуге тыйым салынады.

Міндетті сертификаттауға жататын, Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.

2. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс.

Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудаға арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім – шарттарда (шарттарда) өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың қоса берілуі көзделуге тиіс. Ақпаратта өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен регламенттелсе) қамтылуға тиіс.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1597 | Теги: Сертификаттау және аккредиттеу сала | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: