-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау туралы заңдар

Сертификаттау туралы заңдар

  Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Азаматтық авиацияда сертификаттау мәселелері Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңдарына қайшы келмейтін билігінде осы Заңмен реттеледі.

Егер ҚР бекіткен халықаралық шарттарда  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

 

 Сертификаттаудың мақсаттары. 

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарығындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

 

 Сынақ лабораториялары (орталықтары). 

1. Сынақ зерханаларының (орталықтарының) занды  тұлға мәртебесі болады немесе занды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады.

2. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

3. Занды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда сертификаттық сынақтан жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына  тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын лабораторияларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді.

 

Сертификаттаудың құқықтық негіздері. ҚР-ның «Сертификаттау туралы» заңы

Сертификаттау туралы ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді /бұдан әрі процестерді/, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

 

   Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері.  

Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді.

Міндетті сертификаттау дегеніміз – адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі  тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін ҚР-ның Үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

Міндетті сертификаттауға жататын және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімнің талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы дайындаушы растай алады.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылданған сәйкестік туралы декларация өзінің тіркеу саласына декларация ресімделген өнім енгізілген сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі.

Сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сай келетіндігін растайтын дайындаушы ҚР-ның заң актілеріне сәйкес осы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1461 | Комментарии: 2 | Теги: Сертификаттау туралы заңдар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Buff   (24.01.2014 19:47)
This info is the cat's paajmas!


Имя *:
Email:
Код *: